Файл: Кні 07. 03. 2023 Сынып 8 Трбие сааты Таырыбы 8 наурыз,аналар мерекесі Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 07.03.2023
Сынып: 8 «ә»
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:8 наурыз ,аналар мерекесі
Мақсаты: Аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекелерімен құттықтау, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу.
Көрнекілігі: сыныпты мерекеге сай безендіру және арналған құттықтау плакат
1 - жүргізуші:
Ана деген - жүректегі асыл ән,
«Ана - бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің - өмірдегі асыл жан!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді
8 - наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!
1 - жүргізуші:
Күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.
2- жүргізуші:
АНА..... Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау 3 әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде!? Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтінен жаралған ғой. Олай болса кешіміздің тамаша әнмен жалғастрайық.
«Анашым» әнін орындайды Жандос
1- жүргізуші:
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Ана деген - тіршіліктің тірегі.
2- жүргізуші:
Мерекеңмен қасиетті Аналар!, - дей келе, сіздерге бақыт, ұзақ әрі қызық ғұмыр, әлемнің нұрын, көктемнің шуағын тілейміз. Сіздер үшін мереке шашулары дей келе келесі кезекті биге береміз.
Вальс биі (орындайтын сынып оқушылары)
1 - жүргізуші:
Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары деп келесі кезекті күйге береміз
Күй «Тойбастар» (Орындайтын Аружан)
1 - жүргізуші:
Құрметтейік, о, адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды
2- жүргізуші:
Әнші біткен жүрсе оларға арнап ән,
Шабыт қысып мен де өзімше толғанам.
Аналармен өмір мәңгі көрікті,
Тіршілікті келешекке жалғаған,- деген жыр жолдарымен аналарға арнап ән шырқауға Шнарды шақырамыз.
Ән «Аналар» » (Орындайтын Аиша)
1 - жүргізуші:
Ана деген қамқоршы әрі қорғаның.
Ана білсең, ортаймайтын орманың.
Аналардың мен алдында бас иіп,
Ана жайлы жүректен жыр толғадым,
2 - жүргізуші:
Міне, құрметті аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар, сіздерге арнап дайындаған «8 наурыз ,аналар мерекесі» атты тәрбие сағаты осымен аяқталды