Файл: ыса мерзімді жоспар Білім беру йымыны атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы




Бөлімі:

11.3.А Геометриялық оптика

Педагогтің аты-жөні:

Нұрлыбекова А.Ә

Күні:

23.01.2022

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

№ 5 Зертханалық жұмыс "Шынының сыну көрсеткішін анықтау"

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: параллель пластина арқылы өткен жарықтың екі рет сынатынын біледі, түсу және сыну бұрыштарын дұрыс салады, жазық параллель пластинада жарықтың жолын дұрыс салып көрсетеді, сыну заңын біледі, есептеу қателіктерін анықтайды;

Көптеген оқушылар істей алады: эксперимент арқылы шынының сыну көрсеткішін анықтайды, жасалған экспериментке талдау жасайды, экспериментті жасау барысында кездескен қиындықтарды және қателерді айқындайды, экспериментті жақсарту жолдарын ұсынады;

Кейбір оқушылар істей алады: алынған нәтижелерді салыстыра отырып анализ жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Жүректен жүрекке» әдісі

3 мин.


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
«Жүректен жүрекке» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Әр оқушы қасында тұрған екінші оқушыға жақсы тілегін айады.

(Ұ) «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде жақсы тілектер айту арқылы көңіл –күйді көтереді.



Сабақтың ортасы

«Ойлан, жаса»

Топтық жұмыс.
22 мин.


Білім дағдысы: Білу

Топтық жұмыс (G)

Белсенді оқыту: «Ойлан, жаса» әдісі арқылы оқушылар зертханалық

3 - зертханалық жұмыс.

Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау.
Құрал – жабдықтар: 1) жазық параллель шыны пластина; 2) ағылшын түйреуіші – 4 дана; 3) өлшеуіш сызғыш; 4 ) ақ қағаз ; 5) шам; 6 ) аккумулятор батареясы; 7) кілт ; 8) жалғағыш сымдар; 9)саңылауы бар экран; 10) транспортир.

Жұмыстың теориясы. Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылысы бақыланады. Мұның себебі – әр түрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болады. Сыну заңы бойынша: n= , (1 )

Мұндағы n – екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші. Егер бірінші ортаға ауа болса , оның абсолют сыну көрсеткіші 1 , онда екінші ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші абсолют сыну көрсеткішіне тең.

Жұмыстың барысы:

  1. Электр шамын кілт арқылы батареяға қосып , тізбек құрыңдар.

  2. Шамның алдына саңылауы бар экранды орналастырып , ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.

  3. Кілт арқылы тізбекті қосыңдар да қағаз бетінде жіңішке жарық жолағын алыңдар.

  4. Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар.

  5. Пластинаның пішінін қағазға сызып , F шығу нүктесін белгілеңдер.

  6. Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинаны алыңдар.

  7. A және B , B және F нүктелерін қосып , түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың B түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.

  8. Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.

  9. Шынының сыну көрсеткішін ( 1 ) формула бойынша есептеңдер.

  10. Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаңдар және нәтижелерді салыстырыңдар ( тәжірибені 3 рет жүргізіңдер ).

  11. Тәжірибелерді жарық көзінсіз , ағылшын түйреуіштерін пайдаланып жасаңдар.


Жұмыстың орындалуы:

n = А

  1. α =50 0 = 0,766

β = 26 0 = 0,4384

n= = = 1,7

  1. α =29 0 = 0,4840

β = 19 0 = 0,3256

n= = = 1,48 1,5

  1. α = 50 0 = 0,766

β = 24 0 = 0,4067

n= = = 1,7

Қорытынды: Бүгінгі зертханалық жұмыста біз шынының сыну көрсеткішін параллель пластинка арқылы анықтадық , сонда жарық сынғанда шынының сыну көрсеткіші n = 1,5 жуық мәнді сандар шықты.

Оқушылар жұмыстың теориясымен танысады. Қолдағы бар құрал жабдықтар немесе виртуалды зертханалық арқылы зертханалық жұмысты жасайды.

Дескриптор:

- үшбұрышты призманың қырына түскен сәулені салады, түсу нүктесі арқылы призманың қырына перпендикуляр тұрғызады, түсу бұрышын дұрыс көрсетеді.

- жазық параллель пластина ішіндегі сынған жарық сәулесінің жолын дұрыс салады, сыну бұрышын дұрыс анықтайды.

Жалпы балл-5


ДЭ

Оқулық 11-сынып.

Шыны пластина

Үшбұрышты шыны призма

Пенопласт немесе картон қағаз беті

Милиметрлік қағаз

4 түйреуіш

Сызғыш

Транспортир

ДМ қосымша 1


Мағынаны ашу.

«Білім пирамидасы» әдісі.
Жекежұмыс.

12 мин.


Бақылау сұрақтары:

  1. Шынының сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінің түсу бұрышы артқан кезде қалай өзгеретінін анықтаңдар. Осы тәуелділіктің графигін сызыңдар.

  2. Жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші немесе үлкен , сондай – ақ нөлге тең бола ала ма?

  3. Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы неде?

  4. Сыну көрсеткішін ең үлкен дәлдікпен , яғни ең кіші қатемен қалай анықтауға болады?




Оқушылар зерханалық жұмыс бойынша зерделегенін берілген сұраққа жауап беру арқылы білім пирамидасының қай жерінде тұрғанын анықтайды.


Дескриптор:

-жазық параллель пластинаның сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінің түсу бұрышы артқан кездегі тәуелділік графигін салады.

Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасын біледі.

Жалпы-5

ДК экраны

11-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері



ДМ қосымша 2

Сабақтың соңы.

Рефлексия

3 мин

Рефлексия

Практикалық жұмысты жасау менің өздігімнен жұмыс жасауыма қиындық туғызды / дағдыларымды шыңдады

Практикалық жұмысты орындауда кездескен қиындықтар .....

Практикалық жұмысты жасауда нені өзгертер едіңіз

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Үйге тапсырма: Шынының сыну көрсеткіші.


Оқушылар зертханалық жұмысты жасау барысындағы кездескен қиындықтарды жазады.


ДК экраны

Жұмыс дәптерлері.




Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

физика

Бөлім:

9.3 А Сақталу заңдары

Педагогтің аты-жөні:

Нұрлыбекова А.Ә

Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Реактивтi қозғалыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.2.3.3 табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру;

9.2.3.4 Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: импульстің және энергияның сақталу заңдарын дене жүйелерінің өзара әрекеттсесуінде қолданады;

Көптеген оқушылар істей алады: табиғатта және техникада реактивті қозғалыстарға мысалы келтіреді; 

Кейбір оқушылар істей алады: Байқоңыр космодромының елді және халықаралық маңыздылығын бағалайды 

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

10 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут


Ұйымдастыру:

Ынтымақтастықты қалыптастыру: «Шаттық шеңбер». Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру. "Өткенге шолу"

Мұғалімнің тәжірибесі ауа шары



Сабақтың тақырыбын бірлесе ашу «Реактивті қозғалыс».

Реактивті қозғалыс - Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы. Реактивті қозғалыстың қарапайым мысалы ретінде, үрлеп одан кейін еркін қоя берілген ауа шарының қозғалысын қарастыруға болады. Үрленген шардың ішіндегі қысым сыртқа атмосфералық қысымнан едәуір артық болатыны белгілі, ал бос қоя берілген шардың ішіндегі біраз ауаның төменгі саңылау арқылы сыртқа шығуы шардың жоғары қарай көтерілуін тудырады. Ол біраз уақыт бөлме ішінде әрлі-берлі ұшатын болады. Шар ішінен шығатын ауа оны қарама – қарсы бағытта қозғалуға мәжбүр етеді. Реактивтік қозғалыс принцепі бойынша: сегізаяқ, кальмар, теңізқұрт, медуза сияқты теңіз жәндіктері қозғалады. Бүгінгі күні реактивті қозғалыс принцепін пайдалану адамның бір кездегі арманы және қиялы болған тылсым Әлеммен тілдесе бастауына әкелді. Реактивті қозғалыс принцепі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, Жердің жасанды серіктерін, планетаралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды. Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы үшін асқан кемеңгершілік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет.





Тапсырма

1. Зымыран қалай қозғалады?

2. Реактивті қозғалыс дегеніміз не? 
3. Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады? 
4. Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты? 
5. Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер? 

Берілген сұрақтар бойынша топтар өзтобына қатысты сұрақтарды зерттеп жауабын табады.

Оқушылардың алдына қойған мақсатының орындалғанын сұрау.


Жұптық жұмыс Формулалар тақтасы:

Физикалық шама

Мәні

Өлшем бір

ігі

Формуласы

Ғарыштық жылдамдық формуласы


Бірінші ғарыштық жылдамдық


Екінші ғарыштық жылдамдық


Үшінші ғарыштық жылдамдық
Жеке жұмыс

Есептер шығару.

21-жаттығу

1.Зарядымен қоса есептегенде массамы 250 г болатын кішкене зымран вертикаль жоғары қарай 150 м биіктікке көтерілді.Заряд лезде жанады деп есептеп ,зымыраннан бөлініп шығатын газ жылдамдығын анықтаңдар.

2.Кішкене зымранның массасы 200г.Ондағы жанғыш заттың массасы 50 г.Газ зымран соплосынан 100м/с жылдамдықпен лезде шығады деп есептеп зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар

3.Массасы 10 т ғарыш кемесі 9,0 км/с жылдамдықпен қозғалып келеді.Кеменің тежелу кезінде тежеуіш қозғалтқыштар одан қозғалыс бағыты бойынша оның қабығына ұатысты 3,0 км/с жылдамдықпен 1450 кг жану өнімдерін шығарады.Тежелуден кейінгізымыран жылдамдығын есептеңдер

4. Массасы 600 г зымыран қандай жылдамдық алады, егер массасы 15 г жанармайы жанып зымыраннан 800 м/с жылдамдықпен ұшып шығады? Қандай биіктікке зымыран көтеріледі ?

5. Гидрореактивті катер әрбір секунд сайын V0=0,5 м3 суды сорады және лақтырады. Лақтырылған судың катерге қатысты жылдамдығы υ = 25 м/с тең. Реактивті күшті анықтаңдар

Рефлексия: «Чемодан, еттартқыш, себет»

Үй тапсырмасы §25 Реактивті қозғалыс тақырыбын оқу

Ғарышкерлік –біздің өміріміздің ажырамас бөлшегі тақырыбына эссе жазу



Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Оқушылар бейнефильмді



Бағалау критерийлері

- Импульстің сақталу заңдарын біледі

- Реактивті қозғалысқа мысалдар келтіре алады

- Байқоңыр ғарыш айлағының маңыздылығына баға береді

- табиғатта және техникада реактивті қозғалыстарға мысалы келтіреді

Дескриптор:

- табиғатта және техникада реактивті қозғалыстарға мысалы келтіреді;
- Байқоңыр космодромының елді және халықаралық маңыздылығын бағалайды
Дескриптор

- реактивті қозғалыстың теориясын біледі

-қолдану аясын айтады

-басқа пәндермен байланысын

-өз жұмысын дұрыс таныстырады
4 балл
Дескриптор

Реактивті қозғалыс теңдеуін біледі

Ғарыштық жылдамдықтарды біледі

Формуласын жазып көрсетеді

3балл
Дескриптор
Есептің шартын түзеді

Формуласын жазады

Есептің шешімін табады

3 балл

Жалпы балл 10 балдық жүйе бойынша бағалаймын.



Оқулық
Шар

Бейне көрсетілім