Файл: же(Арай) Келін айдасы онатарымыз да кеп алды, крменді келіп, дастархан жй. Ата(Темірлан).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бүгін аулымызда дүбірлі той. Немереміздің тұсау кесері. Барлықтарыңызды дастарханымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз! Келіңіздер қуанышымызды бірге бөлісіңіздер!
Әже(Арай): Келін қайдасың? Қонақтарымыз да кеп қалды, көрменді әкеліп, дастархан жәй.
Ата(Темірлан): Амансыздар ма! қонақтар, бүгінгі Нұраәділ немереміздің «Тұсау кесер» тойына қош келдіңіздер!
Әже ( Арай): Сәлеметсіздер ме! қонақтар, бүгінгі Нұраәділ немереміздің «Тұсау кесер» тойына қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!
Автор: тойға келген қонақтар төрге шығып, жайғаса бастайды.
Қонақтар: (Бибінұр) той құтты болсын! Немереңіз үлкен азамат боп өссін!
Қонақтар 2(Дильназ): Тұсау кесер тойы құтты болсын!
Қонақтар 3( ) : қуаныштарыңызға ортақпыз! Нұрәділ үлкен азамат болсын!
Қонақтар 4:( ) Ақан ата, Жамал апа немерелеріңіздің жасқа толуы құтты болсын!
Қонақтар 5( ): Той тойға ұлассын! Нұраәділ батыр ата-әжесінің мақтанышы, ата-анасының қуанышы болсын!
Қонақтар 6 ( ): Той құтты болсын! Нұрәділ елінің беделді азаматы болсын! Дені сау болсын! Бақытты болсын!
Қонақ 7() ( ): Ал, енді Ақан, Жамал немерелеріңнің қуанышы құтты, қадамы құтты болсын! Отанын қорғайтын батыры болсын! Еліміздің мақтанышы болсын!
Ата мен әжесі бірге(Темірлан мен Арай): Әумин, айтқандарыңыз келсін!Келіңіздер, төрлетіңіздер! Дастарханға жайғасыңыздар! Босқа отырмай әу деп отырыңыздар.
Қонақ ( ): Қонақ кәде болсын, менің немерем сіздерге арнап өз өнерін дайындап алып келіп еді. Қабал алыңыздар.
Қалғандары: О, Бәрекелді, келе қой құлыншақ!
Өнер: Күй тартады
Әже( Арай) : Ой жарайсың, өнерін өрге жүзсің, өркенін өссің, келе қой сый сияпатынды ала ғой.
Музыка (дастархандағы дыбыс)
Бала( ): Апа, тұсауды не үшін кеседі? Неге той жасайды?
Әже (Арай): Иә, Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп
көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. баланың тұсауын қайшымен емес, пышақпен кесу керек. Қазақ халқы қайшылануды жақсы ырымға баламайтындықтан, баланың тұсауын қайшымен кестірмеген. Сол себептен, ата-бабамыз “баланың өмірі қайшыланып қалмасын” деп, тұсауын қайшы емес, пышақпен кескен.
Атасы (Темірлан): Ал, енді тойға жиналған қауым, қуанышымызды бөлісуге келгендеріңізге көп рахмет! Осы жерде отырған Шолпан апамызға Нұрәділдің тұсауын кестіртсек деп едік.
Әжесі (Арай): Замзагүл Лукмановна еліне сыйлы, талай шәкіртті мектеп ұясынан ұшырған беделді, ұлағатты ұстаз!Сіздің жолыңызды берсін. Бүгінгі тұсау кесуді сізге тартып отырмыз! Ай Сұлушаш келін Нұрәділді ортаға әкеліңдер
Келіні(Акерке): иә, апа, қазір әкелейін. Нұрәділ жүре ғой балапаным, тұсауыңды кесеміз!
Күйеу:(Арсен) Ал, батырым, қазір тұсауың кесіледі. Жүр, батырым.
Автор: ортада Күйеу мен келіні тұсау кесердің ақ жолын жаяды. Ақ жолға кітап, домбыра, қалам қояды. Бұны көрген бала:
-Бұл заттарды не үшін қойып жатырсыздар. Білдірер мағынасы қандай?
Әже (Арай): Еее, құлыным, өзің болар бала екенсің. Бұл 3 затты текке қоймайды. Әрбір заттың өзіндік мағынасы бар. . Осының бірін бала алуы керек. Кітап алса, ғалым, ақын болады, домбыра алса, әнші, күйші болады, қалам алса, жазушы, ұстаз болады деген ұғымды білдіреді. Ал, менің ботақаным нені таңдайды екен. .
Замзагүл Лукмановна тұсау кеседі.
(Арай ): Пісіміллә,
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Ала жіпті байлайын,
Тұсауыңды кесейік, (тұсауы кесіледі)
Ал, енді, батырым!
Жолың ақ болсын!
Денің сау болсын!
Үлкеен азамат бол!
Елінің мақтанышы бол!
Ата-анаңның қуанышы бол!
Ата-әжеңнің жұбанышы бол! (өлең қосылады) музыка тоқтатылады
Қонақтар ( ): Ал, енді өзіне ұнайтын затты таңдасын!
Келіні(Акеке): Ой, Нұрәділ ................... алды!
Шапалақтау
Атасы (Темірлан): Ой, балам үлкен азамат бол!
Келіні (Акерке ): Ой, балапаным, жүйрік бол!
Күйеу (Арсен ): Тез, шауып кет!
Автор: тойға келген қонақтарда өз тілектерін айтып, сыйлықтарын береді.
Қонақтар : Өркенің өссін!
Қонақтар: Қадамың құтты болсын!
Қонақтар: Жүйрік бол!
Қонақтар: Жолың ақ болсын!
Қонақтар: Өмір жолы ақ, түзу болсын!
Қонақтар: Кішкентайдың қадам басқаны құтты, өмір жолы жарқын болсын!
Әжесі (Арай): Әй, келінжен Шолпан апаға кәдең қайда?
Келіні: (Акерке )иә, апа, қазір әкелемін!
Автор: Кәде тарту – баланың тұсауын кескен құдайы қонаққа арнайы тартылған сыйлық. Оны баланың ата-анасы арнайды. Баланың ата-анасы тұсау кескен Шолпан апаға сыйды тартады.
Музыка қосылады «Қазақтың дәстүрлері»