Файл: Дріс 1 Таырыбы Микробиологияа кіріспе. Жоспары Микробиология ымы жайында тсінік. Микробиологияны салалары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 66
Скачиваний: 1
Өндірістік микробиология - тағам өнеркәсібінде, антибиотиктер және дәрі-дәрмек даярлауда қолданылатын микрағзаларды зертгейді, сонымен қатар тамақ тағамдарын және басқа да заттарды микроағзалардың теріс әсерінен қорғау әдістерін анықтайды.Агромикробиология топырақ құрылымдарының қалыптасуында, топырақтың құнарлығын арттыруда, бактериологиялық тыңайтқыш шығаруда жетекші рөл атқаратын микроағзаларды зерттейді.Микробиология пәнінің мақсаттары
-
Микроағзалардың құрылысы мен қызметтерін зерттеу; -
Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында вакциналар әзірлеу; -
Жұқпалы ауруларды емдеу мақсатында антибиотиктер мен сарысуларды әзірлеу; -
Қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық дәрежесін бақылауды қамтамасыз ету; -
Жасанды қоректік орталарды дайындау.
заттарын зарарсыздандырып, науқастармен қатынаста болатын дені сау адамдарға «обаның жұқпалы әлсізденген микроағзаларын» егу жүргізді.
Ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер кейбір адамдардың шешекпен ауырған науқастармен қатынаста болғанда, олардың ауырмағандығын
байқаған. Бұл әсіресе жиі сиыр шешегіне шалдыққан сиырларды сауатын сауыншыларда байқалды. Осы жағдай 10 жылға созылған зерттеулердің басталуына негіз болды. 1796 жылы Дженнер дені сау ер балаға шешек ауыруына шалдыққан сиырдың іріңді көпіршігінің құрамын еккен. Бір жарым ай өткен соң, ол осы баланың өзіне шешек ауыруына шалдыққан адамның материалынан егу жасайды. Сол уақыттан бастап шешек ауыруына қарсы егулер жүргізу адамзатты миллиондап қырып жүрген осындай қатерлі науқастан құтылуға жол ашты.
XIX ғасырда француздық ғалым Луи Пастердің (1822-1895) дарынды жұмысы жұқпалы аурулардың пайда болуында микроағзалардың маңыздылығын ғылыми дәлелдеп, олармен күресу әдістерін әзірлеп шығаруға негіздеме болды.
Химик болған Луи Пастер микроағзалар тіршілік ортасын өзгертуге және оның химиялық өзгерістер туындатуға бейім екенін көрсетті. Бірақ ол химиялық өзгерістермен шектелмей, ашу және шіру үрдістеріне сипаттама бере отырып, олардың микроағзалар көмегімен түзілетінін көрсетті.
Ол алғаш рет отгегі жоқ (анаэробты) жағдайда тіршілік ете алатын микроағзаларды анықтаған. Пастердің маңызды жетістігінің бірі - тірі ағзалардың өз бетінше түзілу мүмкіндігінің жоқтығын дәлелдегені. Пастер тарихта алғаш рет микроағзаларды жоғары темперартура әсерімен жою әдістерін ашқан. Бұл эдіс - залалсыздандыру деп аталды. Қайнағанкезінде өз қасиеттерін өзгертетін азықтар үшін, ол залалсыздандырудың «жұмсақ» түрін ұсынып, оны «пастеризация» деп атаған. Бұд жағдайда азықтар салыстырмалы түрде жоғары емес температурада бірнеше рет өңделеді.
Пастер бізді қоршаған ортадағы үрдістерді зерттеумен шектеліп қойған жоқ. Ол адамдардың жұқпалы ауруларының микроағзалардың тіршілігі салдарынан орын алатынын дәлелдей отырып, микроағзалардың адам өміріндегі рөлін де көрсете білді. Осындай жаңалық биологияның дамуына елеулі ықпалын тигізіп, жаңа ғылымның — медициналық биологияның бой көтеруіне себепші болды.
Пастер жұмысының келесі кезеңі - вакцинаны (латьш тіліндегі vасса - сиыр) шығаруы. Бұл терминмен Пастер жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында қолданатын әлсізденген микроағзалардың жиынтығын атаған, оларды адам ағзасына енгізгенде ауру туындамайтынын және вакцина енгізілген жануарлар мен адамдар ол аурумен ауырмайтынын дәлелдеген.
Пастердің ашқан жаңалықтары негізінде ағылшын хирургі Д.Листер (1867) жараларда микроағзалардың дамуына төтеп беру үшін, жараларды және таңу материалдарын карбол қышқылымен шаю — антисептика әдісін шығарады.