ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 36
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 58-сабақ
Бөлім: | Жер және ғарыш | |
Мұғалімнің аты-жөні | Тащанова Жанара Сакеновна | |
Күні: | 18.04.2023 | |
Сынып: 4в | Қатысушылар саны: 24 | Қатыспағандар саны: 2 |
Сабақтың тақырыбы | Кіші ғарыш денелері | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.4.2.1 жекелеген ғарыш денелерін сипаттау 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 5 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Өткен тақырыпты мазмұндаңдар. -Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар. Оқу материалын жариялау «Жедел жауап» әдісі арқылы жүреді: -Ғарышта не бар? -Біздің Галактикамыз қалай аталады? -Күн жүйесінің ғаламшарларын атаңдар. -Күн жүйесінде ғаламшарлардан басқа қандай денелер бар? -Олай болса бүгінгі сабағымыз кіші ғарыш денелері туралы болмақ. Сабақ мақсаты жария етіледі. Топқа бөлу «Санау» әдісі арқылы жүреді. | Жаттығу жасайды. Сұрақтар қояды, жауап береді. Тақырып ашады. Топқа бірігеді. | Сұраққа жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 18 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады. А) Сызбамен, суретпен жұмыс. -Сызба бойынша кометаның құрылысын айтып беріңдер. Ә) Мәтінмен жұмыс. -Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойыңдар. Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Астериодтар белдеуі туралы әңгімеле. Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету. (Т) 2-тапсырма -«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі: А) Модель жасау. -Астериодтар белдеуінің моделін жасаңдар. Ә) Ойлан. -Қандай астериодтардың атмосферадан өтіп, Жерге құлау мүмкіндігі мол? Тас па, әлде темір ме? Неліктен? Б) Сызбамен жұмыс. Сызбаны зерделеп, түсінгендеріңді айтыңдар. |
Билеп сергиді. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды. | Дескриптор:
- Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қояды-2балл. Дескриптор: - Астериодтар белдеуінің моделін жасайды-2балл. - Қандай астериодтардың атмосферадан өтіп, Жерге құлау мүмкіндігі екендігін анықтайды-2балл. -Кіші аспан денелерін ажыратып, сызбаны түсіндіреді -2балл. | Жараты-лыстану оқулығы 2-бөлім 4-сынып 2019ж, дәптер |
Қорытынды 5 мин cty 67-68 | Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды. Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау. | Рефлексия жасайды. Тапсырма жазып алады. | ҚБ қойылады. | |
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 59-сабақ
Бөлім: | Жер және ғарыш | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4В | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.4.2.2 Жердегі тіршілікке ғарыштың әсерін анықтау | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Өткен тақырыпты мазмұндаңдар. -Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар. Оқу материалын жариялау: -Негеш пен Эврика жасаған пиктограммаларды зерделеп, әрқайсысы туралы айтып беріңдер. -Өздерің қандай пиктограмма жасар едіңдер? Онда қандай ақпарат болады? -Жердегі тіршілікке ғарыштың әсерін бүгінгі сабақ барысында анықтайтын боласыңдар. |
Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. | Оқушының жауабын толықтыру немесе тиімді кері байланыс жасау. | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Ашық микрофон» әдісімен орындалады. А) Сөздік жұмысы. Судың көтерілуі, судың қайтуы. Ә) Суретпен жұмыс. Суретке мұқият қараңдар. Қандай ғарыш денелерін көріп тұрсыңдар? Күн, Жер, Айдың бір-біріне әсерін айтып беріңдер. Күн сәулесін неліктен «Жердегі тіршіліктің көзі» деп атайды? Жер мен Айды өз орбитасында ұстап тұратын күш қалай аталады? Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, достарыңнан жауап ал. Сергіту сәтінде қазақ биін билету. (Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жүзеге асырылады. А) Суретпен жұмыс. Жер ғарыштың жағымсыз әсерінен қалай қорғанады? Біз Жердің қорғаныс қабатын сақтау үшін не істей аламыз? Ә)Сипаттау. Айды сипаттаңдар. Ай Жерге қалай әсер етеді деп ойлайсыңдар? Судың көтерілуі, қайтуы сияқты құбылыстардың жүруіне не әсер етеді деп ойлайсыңдар? В) Ойлан. Айдың арғы бетінде не бар? Г) Зерттеу. -Ай қалай өзгереді? | Сөздікті жазып, жаттайды. Сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар орындайды. Билеп сергиді. Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді. Тапсырманы орындайды. | Дескриптор: - Сөздікті жазып, жаттайды-1балл. - Сурет бойынша ғарыш денелерін сипаттайды, сұрақтарға жауап береді -3балл. Дескриптор: - Жерді ғарыштың жағымсыз әсерінен қорғау жолдарын ұсынады-2балл. Айды сипаттайды -1балл. Судың көтерілуі, қайтуы сияқты құбылыстардың себебін анықтайды-1балл. Айдың арғы беті туралы әңгімелейді-1балл. Ай қалай өзгеретінін болжайды-1балл. | «Жараты-лыстану» оқулығы 2-бөлім 4-сынып 2019ж |
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді. Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу. | Түсінгені туралы ой қорытады. Тапсырманы жазып алады. | ҚБ қойылады. | |