Файл: Физикалы даму баланы денсаулы жадайы мен леуметтік аманшылыыны маызды крсеткіші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Физикалық даму – баланың денсаулық жағдайы мен әлеуметтік аманшылығының маңызды көрсеткіші

Балалардың бойының өсуі мен дамуын дұрыс бағалау үшін баланың жасына сәйкес бұл параметрлер физиологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ оларға ықпал ететін факторларды білу қажет. Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері:

◊ дене салмағы;

◊ бойы/ұзындығы;

◊ бас шеңбері;

◊ психомоторлық дамуы.
Дене салмағы—баланың өсуі мен дамуының неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі, баланың салмақ қосуының баяулап қалуы немесе тоқтап қалуы оның жеткіліксіз тамақтануының және өсуінде кемшілік бар екенінің бірінші белгісі болып табылады.

Баланың салмақ қосуының физиологиялық динамикасы қандай?

◊ Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің салмағы 2,5 - 4,4 кг. аралығында болады. Туғаннан кейінгі алғашқы 3–4 күнде бала денесінің салмағы аздап азая бастайды, 5–6%-ға салмағын жоғалтады, мұны салмақтың физиологиялық кемуі деп атайды. Алғашқы аптадан кейін салмақ қосу тұрақты әрі үздіксіз жүреді.

◊ Алғашқы 6 ай ішінде дені сау сәби әр аптада 150 грамнан 250 грамға дейін салмақ қосады. Кейінгі 6 ай ішінде апта сайын денеге салмақ қосу – 100-150 грамды, 12-14 ай арасында – 50 грамды құрайды.

◊ Туғанына 5 ай толған соң, бала өзінің дене салмағын туған кезіндегі салмағына қарағанда екі есеге көбейтеді, ал 12 айға қарай – оны үш еселейді.
Психомоторлық мінез-құлық баланың өмірінің белгілі бір кезеңдеріндегі нерв жүйесінің түрлі бөліктерінің қалыптасуын білдіретін болғандықтан, баланың дамуының елеулі аспектісі болып табылады. Баланың дамуын бағалау үшін мыналар секілді бірнеше дағдылар түрін бөліп көрсетуге болады:

◊ қозғалтқыш (немесе моторика) – кесені ұстап, оны қолына ала білуі, аузына апара алуы, орнына қоя білуі.

◊ әлеуметтік – тәрбиешімен жұмыс, тәрбиешінің көмегі мен мақтауын күту.

◊ Когнитивті – қай кесенің үлкен, қайсысы кішкентай екенін, бірінің ішіне бірі салынған қандай кеселерді баған етіп тұрғызуға болатынын сынақтан өткізіп және қателіктер арқылы үйрету, тапсырманы орындау оңайға түспейінше оны қайталата беру.

◊ Эмоционалдық – тапсырманы орындау үшін кеселерді бірінің ішіне бірін салмайынша ренжімей немесе ұрыспай түрлі жаңа әрекеттерді жасата беру; қамқор ересек адаммен өзінің жетістіктерін бөлісуі. Баланың дамуының сенімді әрі көрнекті индикаторы оның моторлық дағдыларға (таянышсыз отыруы, төрт тағандап еңбектеуі, басқа адамның көмегімен тұруы, басқаның көмегімен жүруі, өз бетінше тұруы, өз бетінше жүруі) қол жеткізуі, сөйлеу және есту қабілеттерінің дамуы болып табылады.


Баланың дамуында ауытқушылықтар байқалған кезде ол міндетті түрде денсаулық сақтау немесе білім беру жүйелерінің бейінді мамандарына әрі қарай тереңдетіп тексеруге жіберілуі тиіс. Баланың дамуында ауытқушылықтар байқалған жағдайда оның денсаулығын бағалау, мінезқұлқын анықтау және оларды түзету үшін шешім қабылдау мақсатында баланың дамуына мониторинг жүргізу және бағалау қажет.

Акселерация мен ретардация

Акселерация ; латынша ( accelarae ) - жылдамдық деген сөзден шыққан . Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді , табиғаты көп факторлы болып келеді . Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта - тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады . Сондықтан , өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек . « Акселерация » терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды – оны 1935 жылы неміс дәрігері Е.М. Кох ұсынған болатын . Бұл сөзбен ( латын тілінен « жылдамдату » дегенді білдіретін ) балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының , салмағының және кейбір басқа өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын . Акселерация құбылысы АҚШ - та , Европада , Азияда , Россияда байқалады , қалаларда ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс береді . Оның кеңінен таралуы ғалымдарға акселерация құбылысын қазіргі заманғы адамның дамуына тән қақын ретінде қарауға мүмкіндік береді . Акселерацияның басты мысалдары ретінде : - жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін ( зерттеу кезіне ( 1979 ж . ) , орта есеппен 1-2 кг - ға және 4-5 см - ден жоғары ( сол жүз жылдықтың 30 жылдары ) . - - тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын ( 1-2 жылға ) - скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын ( 20 ғасырдың 20-30 жылдарымен салыстырғанда 2-3 жылға ерте ) - өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 8 10 см . - ге өсуін . - мектп жасындағы балалардың бойының өсуі , ерте жыныстық жетілуін ( ұлдарда 11-12 жаста ) мысалға келтіруге болады .

Ретардация ( лат . Retardatio - баяулау ) қарама - қарсы үдеу процесі болып табылады және балалар мен жасөспірімдердің өсу қарқынында , 1-2 жастағы құрдастарынан физиологиялық жүйелердің дамуы мен қалыптасуындағы артта қалушылықты білдіреді . Акселерация сияқты , ол үйлесімді және үйлесімсіз болуы мүмкін . Көптеген қасиеттердің даму қарқыны мен соңғы деңгейі әрқашан өзара байланысты бола бермейді .



Реактивтілік латынша ( reactio ) - қарсы әсер деген сөзден шыққан . Реактивтілік – организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті ; ол да бүкіл тіршілік атаулының зат алмасу , өсу көбею т.бмаңызды қасиеттері секілді .Организмнің реактивтілігнің түрлеріі : түрлік , топтық , даралық болып ажыратылады.

Организмнің резистенттілігі – оның патогендік факторлар әсеріне төзімділігі , яғни қарсы тұру қабілеті . Екі термин де тірі организмнің негізгіқасиеттерін айқындайды , әрі бірімен бірі байланысты . Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі аурудың пайда болуында дамуында , патологиялық процестердің өту барысында мәні бар . Сондықтан ауру патогенезін түсіну үшін организмнің осы қасиеттерін зерттеу қажет .

Реактивтілік және резистенттілік туралы түсінік
Реактивтілік және резистенттілік туралы түсінік көне медицина дәуірінде қалыптаса бастады . Бұл жөніндегі мәліметтерді көне қытай және көне үнді медициналарынан табуға болады . Алайда ол көне грек медицинасында неғұрлым нақты формада қалыптасты . Сол кездің өзінде ақ дәрігерлер әр түрлі адамдардың ауру тудыратын әрекетті түрліше сезінетіндігін білді . Мұны гиппократ организм сөлінің біркелкі араласпауынан –дискразиядан деп түсіндірді . Реактивтілік туралы ілімнің жаңа бағыты XVII ғасырдың аяғында басталды . Глиссон тұңғыш рет бүкіл жанды организмді тітіркендіргіштік қасиетімен сипаттады .

Төзімділік ( резистенттілік ) – деп аурутуындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығын айтады . Төзімділік пен реактивтілік өзара бірімен - бірі тығыз байланысты және екеуі де тiрi организмнiң негiзгi қасиеттерінің бірі болып есептеледі . Төзімділік спецификалық және бейспецификалық болып ажыратылады .

Орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі

Жұлын — орталық жүйке жүйесінің негізі

ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми, жатады.Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді. Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді: сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі қосылып, соматикалық болып аталады.Соматикалық қызметті қамтитын бағыт барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына дейін.


Жұлын. Жұлы омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады.Афференттік талшыктар жұлынның арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе рефліксін әруақытта байқауға болады.

Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б…

Төмен түсетін жол aрқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге-органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі өзгереді: екелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б.

Жұлын зақымдалса (ісік пайда болу, жарақаттану т.б.) оның өткізгіш жолдары зақымдалса, дененің түрлі бөлімдерінің сезімталдығы жоғала бастайды, бұлшық еттердің өздігінен жиырылуы бұзылады (сал болу) және басқа да өзгерістер байқалады. Жұлынның жүйке орталықтары зақымдалса, рефлекстер пайда болмайды немесе пайдп болған рефлекстер жойылып кетеді.

Жұлынның алдыңғы және артқы бетіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан сай болады, пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Бала төрт жасқа келгенде алдыңғы және артқы диаметрі ересек адамдарға жақындау болады. Алты жастан кейін жұлын көлденеңіне қарай көбірек өседі. Мойын және бел бөлімдері жуандау болып бітеді. Он екі жаста жұлынның диаметрі екі есе өседі. Жұлын жатқан омыртқа қуысының диаметрі 5-7 жасқа дейін едәуір үлкейеді. Омыртқа қуысының бұл жаста өсуі жұлын көлемінің жоғарлауына байланысты.