Файл: Семинар сратары Сыныпты трбиелік жйесі мектептік трбиелік жйені компонентері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Семинар
Тақырыбы: Мектептің тәрбиелік жүйесі: сипаттамасы, құрылымы, қағидалары негізгі компоненттері және олардың өзара әрекеттестігі
Семинар сұрақтары:
1. Сыныптық тәрбиелік жүйесі –мектептік тәрбиелік жүйенің компонентері.
2. Мектеппен сыныптың тәрбиелік жүйелердің өзара байланысы.
3. Қазақстан мектептерінде тәрбиелік жүйе.
1. Сыныптық тәрбиелік жүйесі –мектептік тәрбиелік жүйенің компонентері.
Мектептің тәрбиелі жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиелік жүйенің қағидалары: оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік. Тәрбиелік жүйенің құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат, субьектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті қаситеттерді меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық педагогикалық ашық жүйе.
Сыныптың тәрбиелік жүйесі – мектептік тәрбиелік жүйенің компоненті (жүйе асты). Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы.
Сыныптың тәрбие жүйесі – бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.
Сыныптың тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті:
1. жеке дара-топтық;
2. құндылық-бағдарлы
3. атқарымдық-әрекеттік
4. кеңістіктік-уақытты
5. диагностикалық-нәтижелілік
Жеке-дара-топтық компонент бұл ересектер мен балалардың қауымдастығы .Олар бір сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы біріккен қауымдастық. Бұл қауымдастық бірнеше бөліктерден тұрады:
-сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар,
-пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар.
Сыныптың тәрбие жүесін құрудағы өте маңызды компонент. Себебі осы адамдар сыныптың тәрбие жүйесінің мазмұнын, қандай бағыттың қажетті екенін анықтап,жүзеге асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы, оқушылардың қажеттілігін жүзеге асыру және әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы, ұстанымы, әуестігі тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып табылады. Ал сынып оқушылары, бір жағынан өз дамуының толық құқылы иесі,екінші жағынан әдейі бағытталған және бірлескен әрекет, қарым қатынастың еріксіз ықпалының нысаны.
Құндылық-бағдарлы компоненті. Ол келесі жиынтықтан тұрады:
✓ Тәрбие жүйесінің маңыздылығы;
✓ Мақсат, міндеттері;
✓ Сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы
✓ Сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы.
Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі қарым-қатынастарды құруға, бірігіп әрекет етуге ықпал етсе, кейбір құндылықтардың тіпті қажеттілігі шамалы болады. Яғни мәселе тәрбиелеудегі құндылықтардың басымдылығы мен олардың маңыздылығында. Бір сыныпта басымдылық адамгершілік қасиеттерге берілсе, кейбіреуінде қарым-қатынасқа, үшіншісінде-бірігіп әрекет ете алуға берілуі.Сондықтан әр сынып жетекші өз сыныбына басым және маңызды құндылықтарды анықтауы қажет. Яғни кез-келген жолмен жеңіске жету ме,әлде жеңілсе де өз абыройын сақтап қала алу ма? Сіз үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек.
Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады:
✓ Сыныптағы оқушылардың біріккен әрекетін,қарым-қатынасын ұйымдастыру әдістері мен түрлері;
✓ Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері
✓ Сыныптың күнделікті тіршілігін,өз бетімен әрекет етуін педагогикалық жағынан қолдау, қамтамасыз ету,
Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды
Кеңістіктік-уақытты компоненті. Ол келесі бөліктерден тұрады:
✓ Сынып оқушыларының тіршілік-әрекетіндегі,күнделікті дамуындағы адамгершілік-рухани, сезімдік-психологиялық, заттық-материалдық ортасы, жағдайы;
✓ Сыныптың басқа сыныптармен, қоғаммен байланысы, қарым-қатынасы. Біз күнделікті байқаймыз кейбір сынып оқушылары өздерінен ересек не жасы кіші балалармен қарым-қатынас жасайды.Ал кейбіреуі тіпті өзімен бірге оқитын оқушылармен тіл
табыса алмай жатады;
✓ Сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір тапсырманы не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу қабілетіне қараймыз.Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі;
✓ Сыныптың тәрбие жүйесінің даму кезеңдері. Тәрбие жүйесі байланысы мен қарым-қатынасы шектелген,жабық жүйе болмауы керек. Сынып жетекші өз сыныбының басқа да сынып оқушыларымен байланысын қалыптастырып,оның нығаюына атсалысқаны дұрыс.Сондықтан кейбір шараларды параллель сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар.Бірақ бұл жерде ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды.
Диагностикалық-нәтижелілік компонеті. Ол келесі бөліктерден тұрады:
✓ Тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері;
✓ Тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдісі мен тәсілдері
2. Мектеппен сыныптың тәрбиелік жүйелердің өзара байланысы
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі - оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты - тұлға қасиетінің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу-тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау - бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де - оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тура келеді:
I кезең - мектеп бейнесін жасау. II кезең - оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру. III кезең - оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.
К.Д.Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар - бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті
талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне ... көз жеткізеді».
Олай болса, ұстаздарға қажетті тәрбие беру өнерін меңгерту арнаулы кәсіби орта және жоғары педагогикалық оқу орындарында жүзеге асырылады. Педагогикалық оқу орындарының студенттеріне тәрбие беру өнерін меңгертудің алғашқы кезеңі педагогикалық курстарды оқып-үйренуден басталады. Ол көп сатылы болып келеді. Соның ішінде тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесінің қызметі де айрықша. Бұл пәнің мақсаты – педагогикалық оқу орындарының студенттеріне оқушылардың тәрбие жұмысының мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге, бағыт-бағдар беруге көмек көрсету.
Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтық шеберлігіне байланысты. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қажет.
3. Қазақстан мектептерінде тәрбиелік жүйе.
Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Өйткені, ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады. Тәрбие процесінің үзіліссіз жағдайы қоғамның талабына сай оның үнемі дамуымен сәйкес келеді, қозғалмалылығы – жанұя тәрбиесі, мектептегі мақсатты әртарапты тәрбиелік іс-шаралар мен мектептен тыс мекемелердің әртүрлі қызметі және баланың қызығушылығымен байланысты түрлі іс-әрекеттері, мүмкіндіктері, өмірлік тәжірибесі және әлеуметтік ортасы қарастырылса, ол мұғалімге тәрбиеде манёврлілік жасауға, қажетті кезде нәтиже беретін жол таңдауға мүмкіндік береді. Өзгермелілігі – оның жағдайға, тұрғылықты мекен-жайға, балалардың жас ерекшелігі мен жеке басының мүмкіндігін ескерумен, сондай-ақ өмірдің әртүрлі жағдайына, баланың өмір сүріп отырған ортасына т.с.с. тәуелді болуымен сәйкес анықталады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту мәселесі Білім беру және ғылым министрлігінің, білім беру субъектілерін басқару және барлық типтегі мекемелердің басты бағыттарының біріне айналуда.
Осыған байланысты қоғамының барлық салаларында жаңа үлгіге (модель) өту мәселесі білім беруде тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты детерминациялау жағдайына байланысты қарастыруда, білім берудің мазмұнын реформалауда да аса қажеттілік тудырды. Тәрбиенің ұлттық құндылыққа негізделген қазақстандық үлгісін жасау, оның мақсатын және стратегиялық бағытын анықтау, барлық деңгейдегі білім беру жүйесіндегі оқушылар үшін тәрбиенің бағдарламасын құру өзекті мәселеге айналуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының тәрбие жүйесінің мақсаты – оқушылардың жеке тұлғалық сапалығы, қазақстан патриоттылығы, гуманизмі және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру», – деп атап көрсетілген.
Тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елге жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды ұғым.
Соған сәйкес оқушыларды:
-
-ұлттық мәдениеттілікке тарту; -
-Қазақстан тарихын және салт-дәстүрлерін оқып үйрену; -
-қоғамдағы достықты күшейту, бейбітшілік пен бірлікті қалыптастыру арқылы, олардың санасында туған елге деген сезім мақтанышын қалыптастыру; -
-Отанға деген сүйіспеншілік, өз туған өлкесін сүю, оның тарихын білу, мәдениетін қазіргі таңдағы өзекті мәселелері болып табылады.
Сол секілді «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» атап көрсеткендей «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.
Тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елге жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды ұғым.
Соған сәйкес оқушыларды:
-
-ұлттық мәдениеттілікке тарту; -
-Қазақстан тарихын және салт-дәстүрлерін оқып үйрену; -
-қоғамдағы достықты күшейту, бейбітшілік пен бірлікті қалыптастыру арқылы, олардың санасында туған елге деген сезім мақтанышын қалыптастыру; -
-Отанға деген сүйіспеншілік, өз туған өлкесін сүю, оның тарихын білу, мәдениетін қазіргі таңдағы өзекті мәселелері болып табылады.
Сол секілді «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» атап көрсеткендей «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.
-
-«жаңа әлеуметтік ақиқаттың пайда болуынан, тұлғаға қоғамның жаңа талаптар жүйесінің туындауы; -
-тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдардың жеткіліксіздігі; -
-қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық (ущербность), әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы; -
-оқытудың рөлінің жоғары бағалануы және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуында тәрбие рөлінің толық бағаланбауы; -
-педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалпына келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі; -
-әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі; -
-адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы; -
-бұқаралық ақпарат құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы кері ықпал етуі; тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілуі; -
-педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі; -
-балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы (күші) тиімділігінің төмендеуі; -
-еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы; -
-балалар мен жастар қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің шектеулілігі (клубтар, үйірмелер, секциялар т.б.) және олардың іс-әрекеттерінің жеткіліксіздігі.