ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ПӘН СИЛЛАБУСЫ |
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы«Молекулалық физика»_
Кредит саны5
Курс, семестр1. 2
Білім бағдарламасының атауы және шифры «6В01502- Математика Физика», «6В01506 – Физика – информатика», «6В01504 – Физика», «6В01504 – Физика» (3 годич.), «6В05302 – Физика»
Институт«Математика, физика және информатика»
Кафедра«Физика»
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі Құлбек М.Қ., т.ғ.д., профессор Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 87015919205
2. Бақылау түрі тест
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны.
«Молекулалық физика» курсына келесі негізгі бөлімдер кіреді:
1) МКТ-ның негізгі қағидалары; 2) Максвелл және Болцман таралулары; 3) Термодинамиканың бірінші бастамасы; 4) Термодинамиканың екінші бастамасы; 5) Тасымалдау процестері; 6) Нақты газдар; 7) Сұйықтар; 8) Қатты денелер; 9) Фазалық түрленулер.
Молекулалық физика пәнінің негізгі мақсаты болып студенттерден физика саласында іргелі дайындық алу, маман қызметкерлерін тоериялық және практикалық тұрғыда мұғалімдерді даярлау, физикалық құбылыстарды ғылыми түрде зерттеуде тәжірибелік әдістерін, дағдыларын, қолдануларын қалыптастыру, болашақта нақты физикалық тапсырмаларды шешуге көмектесу, өз бетімен жасалатын жұмыстарды кеңейту жолымен студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру.
«Молекулалық физика» пәнінің негізгі міндеттері:
– Негізгі құбылыстар мен заңдарды, жаңа физика мен классикалық теорияларды және олардың ішкі байланысынқарастра отырып маңыздылығын ашу.
– Пәннің жалпы типтік тапсырмаларын әр түрлі физика саласынан (теориялық және тәжірибелік-практикалық тапсырмаларды) шешуге үйрету.
– Студенттерді экспериментальдық немесе теориялық әдістермен зерттеу арқылы алынған нәтижелерін сенімділік деңгейде бағалауға үйрету.
–Студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, жеке танымдық дағдыларын, физикалық құбылыстарды компьютер көмегімен үлгілеуге үйрету.
– Студенттерді жаңа өлшегіш аспаптармен таныстыру, эксперименттальдық зерттеулер жүргізгенде, олардың нәтижелерін талдағанда дағдылары мен білімдерін дамыту.
Осы пәнді оқыту үшін қажетті материалдарды меңгеруі керек тақырыптардың аты көрсетілген.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
•Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
•Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Академиялық құндылықтар: пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттергепрактикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу процесінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Физика пәнібүтіндейдербеспән. Мұндағыматериалдықмазмұныжәнеоқыту
логикасыжоғарыдааталғанмақсаттар мен міндеттергесәйкестендірілгенболуыкерек.
Пәннiңқойыпотырғанмақсатынажетуүшiнлекциялықжәнелабораториялықдәрiстерменқатар, материалдыңбiрбөлiгiноқытушыныңжетекшiлiкетуiменжәнеөзбетiменоқып-үйренуқарастырылған.
5. Ақпараттықресурстар: (Интернет-ресурстардықосаалғанда)*
1. www.physel.ru
2.
www.mephi.ru/about/faculty/Physical_Technical_faculty/chairs/cha..
3. www.nigma.ru
4. www.imp.kiae.ru
Оқу әдебиеттері:
Негізгіәдебиеттер:
-
Құлбекұлы М. Молекулалық физика және термодинамика. – Алматы: Қарасай, 2005.- 248б. -
Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. 1том.-Алматы, 2004ж. -
Д.В.Сивухин общий курс физики термодинамика и молекулярная физика: Учебное пособие для вузов. - М.: Наука 2012. -592б. -
Савельев И.В. Жалпы физика курсы.1том.-Алматы, 2005ж. -
Қойшыбаев Н. Жалпы физика курсы. Механика, 1том.-Алматы, 2005ж. -
Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы. Алматы, 2004ж. -
Иродов И.Е. Задачи по общей физике. СПб. изд-во Лань, 2009 г.
Қосымша әдебиеттер:
-
Құлбекұлы М. Жалпы физика: Оқу құралы/М.Құлбекұлы. – Алматы: Қарасай, 2017. – 448 б. -
Абдулаев Ж. Жалпы физика курсы. Алматы, 1994. -
Трофимова Т.И. Курс физики. М. Высшая школа, 2001 г. -
Е.М.Гершензон, Н.Н. Малов. Курс общей физики, механика. Алматы, Білім. 1996 ж. -
Зайдель А.Н. Ошибки измерений физических величин. СПб, изд-во Лань, 2005 г.
6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар:(кестеде ұсынылған баллдар көрсетілген, кафедра шешімі бойынша олар өзгертуге болады; аудиториялық сабақтар мен СӨЖ (СРО) көлемі апта бойынша пән бағдарламасына байланыстыөзгертуге болады)*
Апта /күні | Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ) | Сағат саны | Ең жоғарғы балл |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Дәріс 1. Молекулалық физика пәні. Материалдық дененің моделі. Заттың агрегаттық күйлері және оның белгілері. Заттың молекула-кинетикалық теориясының тәжірибе жүзінде негіздеу. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 1. Молекулалық физика пәні. Материалдық дененің моделі. Заттың агрегаттық күйлері және оның белгілері. Заттың молекула-кинетикалық теориясының тәжірибе жүзінде негіздеу. | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 1.Сұйықтың беттік керілу коэффициентін тамшы әдісімен анықтау | 1 | 4 | |
СОӨЖ1. Молекулалық физика пәні. Материалдық дененің моделі. Заттың агрегаттық күйлері және оның белгілері. Заттың молекула-кинетикалық теориясының тәжірибе жүзінде негіздеу. | 1 6 | 3 2 | |
2 | Дәріс 2. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 2. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 2. Ауаның меншікті сыйымдылықтарының қатынасын адиабаталық ұлғаю әдісі арқылы анықтау | 1 | 4 | |
СОӨЖ2.Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. СӨЖ.Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. | 1 6 | 3 2 | |
3 | Дәріс 3.Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі Газ қоспаларындағы үлестік қысымдар. Дальтон заңы. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 3.Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі Газ қоспаларындағы үлестік қысымдар. Дальтон заңы. | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 3. Дыбыс жылдамдығының температураға тәуелділігін анықтау | 1 | 4 | |
СОӨЖ 3.Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Молярлық және меншікті шамалар. Термометрлік дене және термометрлік шама. СӨЖ. 1Температура. Температураның эмперикалық шкаласы. Термометрлер. Кельвин нөлі. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. | 1 6 | 3 2 | |
4 | Дәріс4. Молекулалар жылдамдықтарының Максвелл бойынша таралуы | 1 | 1 |
Практикалық сабақ4. Газдардың ішкі энергиясы. Еркіндік дәрежелер саны. Газдардың жылусыйымдылығы. | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 4.Қалайыны қыздыру және балқыту кезіндегі энтропияның өзгерісін анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ 4.Газдардың ішкі энергиясы. Еркіндік дәрежелер саны. Газдардың жылусыйымдылығы. СӨЖ.Газдардың ішкі энергиясы. Еркіндік дәрежелер саны. Газдардың жылусыйымдылығы. | 1 6 | 3 2 | |
5 | Дәріс5. Барометрлік формула. Больцман таралу заңы. Перрен тәжірибесі. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 5. Молекулалар жылдамдықтарының Максвелл бойынша таралуы | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 5.Ауаның тұтқырлық коэффиценттерін капилляр әдісімен анықтау | 1 | 4 | |
СОӨЖ5.Молекулалар жылдамдықтарының Максвелл бойынша таралуы СӨЖ. Газ молекуласының жылдамдықтары. Молекулалардың жылдамдық бойынша таралулары. Максвелл таралуы. | 1 6 | 3 2 | |
6 | Дәріс 6. Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзақтығы және орташа ұзындығы. Газдардағы диффузия | 1 | 1 |
Практикалық сабақ6.Барометрлік формула. Больцман таралу заңы | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 6.Су буы мен диффузиялық өзара әсерлесу коэффиценттерін анықтау | 1 | 4 | |
СОӨЖ6.Барометрлік формула. Больцман таралу заңыСӨЖ.Барометрлік формула. Больцман таралуының қорытып шығару. Температураның теріс мәндері. Максвелл және Больцман таралуларын тәжірибе жүзінде тексеру. Штерн және Перрен тәжірибелері. | 1 6 | 3 2 | |
7 | Дәріс7. Газдардың ішкі үйкелісі. Газдардағы жылуөткізгіштік. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ7. Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзақтығы және орташа ұзындығы. Газдардағы диффузия | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 7.Сұйықтың тұтқырлық коэффициентін Стокс тәсілімен анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ7.Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзақтығы және орташа ұзындығы. Газдардағы диффузияСӨЖ.Молекулалардың өзара әсерлесуі күштері мен қарапайым потенциалдары. Газ молекулалары соқтығысуының орташа жиілігі. Еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Көлденең газокинетикалық қима. Заттың, импульстің және энергияның тасымалдау процестерінің физикалық мәні. Жалпы тасымалдау теңдеуі. | 1 6 | 3 2 | |
1 аралық бақылау,барлығы | | 100 | |
8 | Дәріс8. Термодинамиканың бірінші бастамасы | 1 | 1 |
Практикалық сабақ8. Газдардың ішкі үйкелісі. Газдардағы жылуөткізгіштік. | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 8.Сұйықтың тұтқырлық коэффициентін стокс тәсілімен анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ8.Газдардың ішкі үйкелісі. Газдардағы жылуөткізгіштік. СӨЖ Өзіндік диффузия, тұтқырлық және жылу өткізгіштік. Тасымалдау коэффициентерін молекулалық қозғалысты сипаттайтын шамалар арқылы өрнеклеу. Газдағы физикалық құбылыстар. Әр түрлі молекулалардан тұратын газдардағы өзара диффузия. Стационарлық емес жылу өткізгіштік пен диффузия теңдеулері. Броундық қозғалыстың мәнісі. Броундық бөлшектер қозғалысын есептеу. | 1 6 | 2 2 | |
9 | Дәріс9. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Жылу машиналары. Карно циклі | 1 | 1 |
Практикалық сабақ9. Термодинамиканың бірінші бастамасы. | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 9.Сұйықтың тұтқырлық коэффициентін Стокс тәсілімен анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ9.Термодинамиканың бірінші бастамасы. СӨЖ Термодинамика зерттейтін негізгі мәселелер. Жұмысты және жылуды жүйелер арасындағы энергия алмасу әдістері ретінде қарастыру. Термодинамикалық тепе-теңдік, термодинамиканың бірінші бастамасы. Күй функциялары. Процесс күйлері. Газдардың жылу сыйымдылығы. | 1 6 | 2 2 | |
10 | Дәріс 10. Термодинамиканың екінші бастамасы. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ10. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Жылу машиналары. Карно циклі | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 10.Сұйықтың беттік керілу коэффициентін тамшы әдісімен анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ10.Қайтымды және қайтымсыз процестер. Жылу машиналары. Карно циклі СӨЖ Қайтымды және қайтымсыз процестер. Циклді процестер. Цикл кезіндегі жұмыс. Пайдалы әсер коэффициенті. Жылулық және суытқыш машиналар. Карно циклі. Карно теоремасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Келтірілген жылу мөлщері. Энтропия туралы түсінік. Идеал газ процестеріндегі энтропия өзгерістерін есептеу. | 1 6 | 2 2 | |
11 | Дәріс 11. Нақты газдар | 1 | 1 |
Практикалық сабақ11. Термодинамиканың екінші бастамасы. | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 11.Ауаның меншікті сыйымдылықтарының қатынасын адиабаталық ұлғаю әдісі арқылы анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ11.Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық мағынасы. Әлемдік дүниенің жылулық сөнуі. Нернст теоремасы. Абсолюттік нөл температураға іс жүзінде қол жеткізуге болмайтындығы жөнінде. СӨЖ Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық мағынасы. Әлемдік дүниенің жылулық сөнуі. Нернст теоремасы. Абсолюттік нөл температураға іс жүзінде қол жеткізуге болмайтындығы жөнінде. | 1 6 | 2 2 | |
12 | Дәріс 12. Нақты газдың ішкі энергиясы. Джоуль-Томсон эффектісі | 1 | 1 |
Практикалық сабақ12. Нақты газдар | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 12.Дыбыс жылдамдығының температураға тәуелділігін анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ12.Газдар қасиеттернінің идеал газ моделінен ауытқуы. Ван-дер-Ваальс теңдеуі және оны талқылау. Тәжірибелік және теориялық изотермалар. СӨЖ Газ күйінен сұйыққа өту. Кризистік күй. Қос фазалық күй аймағы. Қаныққан бу. Ылғалдылық. Нақты газдың ішкі энергиясы. Джоуль-Томсон эффекті, оның физикалық мәні. Төменгі температуралар алудың қазіргі әдістері. Газдарды сұйылту.. | 1 6 | 2 1 | |
13 | Дәріс 13. Сұйықтар | 1 | 1 |
Практикалық сабақ13. Сұйықтар | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 13.Қалайыны қыздыру және балқыту кезіндегі энтропияның өзгерісін анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ13.Сұйық күйдің ерекшелікері. Сұйықтар құрылымы және олардың қасиеттері. Беттік керілу. Қос сұйық және сұйық қатты дене шекараларындағы тепе-теңдік шарттары. Лаплас формуласы. Капиллярлық құбылыстар. СӨЖ Сұйық күйдің ерекшелікері. Сұйықтар құрылымы және олардың қасиеттері. Беттік керілу. Қос сұйық және сұйық қатты дене шекараларындағы тепе-теңдік шарттары. Лаплас формуласы. Капиллярлық құбылыстар. Сұйықтың булануы және қайнауы. Бу-сұйық жүйесінің қасиеттері. Асыра қыздырылған сұйық. Көпіршікті камера. Сұйық ерітінділер. Ерігіштік. Еру жылуы. Идеал ерітінділер. Осмостық қысым. Раул заңы. Сұйықтардағы тасымалдау құбылыстарының ерекшеліктері. | 1 6 | 2 1 | |
14 | Дәріс 14. Қатты денелер. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ14. Қатты денелер. | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 14.Ауаның тұтқырлық коэффиценттерін капилляр әдісімен анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ14.Заттардың кристалдық және аморфтық құрылымдары. Кристалдардың симметриялық элементері. Кристалдардың классификациясы және кристалографиялық жүйелер. Элементар ұяшықтар. Браве торлары. Крисалдардың физикалық түрлері /типтері/. СӨЖ Қатты денелердің механикалық және жылулық қасиеттері. Деформация түрлері. Аққыштық. Беріктіктің молекулалық механизмі. Дислокациялар. Кристалдану /қатаю/ және балқу. Қатты денелердің жылу сыйымдылығы. Дюлонг-Пти заңы. Қатты денелер жылу сыйымдылығының кванттық ұғымдары. Сұйық кристалдар. | 1 6 | 2 1 | |
15 | Дәріс 15 Фазалық түрленулер. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ15. Бірінші және екінші текті фазалық түрленулер. Үш фазалы жүйенің күй диаграммасы. Үштік нүкте. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Сұйық гелий қасиеттері. | 1 | 4 | |
Зертханалық сабақ 15. Су буы мен диффузиялық өзара әсерлесу коэффиценттерін анықтау. | 1 | 4 | |
СОӨЖ15. Бірінші және екінші текті фазалық түрленулер. Үш фазалы жүйенің күй диаграммасы. Үштік нүкте. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Сұйық гелий қасиеттері. СӨЖ Бірінші және екінші текті фазалық түрленулер. Үш фазалы жүйенің күй диаграммасы. Үштік нүкте. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Сұйық гелий қасиеттері. | 1 6 | 2 1 | |
2 аралық бақылау,барлығы | 150 | 100 |
т.ғ.д., профессор _____________________________Құлбек М.Қ.
Кафедра меңгерушісі________________________Косов В.Н.
Институттіңоқу-әдістемелікбірлестігінің төрағасы_________________Шармұхамбет С.Р.