ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 57
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-слайд | Тапсырма түрлері. Оқу нәтижелерін бағалау үшін аутентті практикалық тапсырмалар әзірлеу маңызды. |
2-слайд | Сіз өз пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізде қандай тапсырмалар қолданасыз? Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тапсырманың қандай түрлері қолданылады? Объективті, сапалы бағалау үшін бағаланатын оқу мақсатының мазмұнын ашатын әр түрлі тапсырмаларды қолданған жөн. |
3-слайд | Тапсырмалар жабық немесе ашық түрдегі тапсырма болуы мүмкін. Тапсырманың түрін орынды пайдалану нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және маңызды болып табылады. |
4-слайд | Жабық тапсырмалар - педагогика мен психологияда кең қолданылатын тапсырмалардың түрі. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне жеңіл болады. Тапсырманың дидактикалық мазмұны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді. Алайда оқу процесінде үнемі тек жабық тапсырмаларды қолданған жағдайда оқушылардың білім-дағдылары толық жинақталмаған, шектеулі болады. Практикада жабық тапсырмалардың бірнеше түрі кеңінен қолданылады:
Тапсырмадың осы түрлеріне тоқталайық. |
5 слайд | Тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтауға арналған тапсырмалар. «Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы қажет. Басқаша айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге қолайлы. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап беруі мүмкін; мұндай тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт ішінде қамтуға болады. Тапсырма әзірлеушіге (мұғалімге) мұндай тапсырмаларды құрастыру оңай және тез. Сондай-ақ тексеру мұғалімнің пайымдауына байланысты болатын тапсырмаларға қарағанда, мұндай тапсырмалар барынша объективті, ал қойылған балл көбіне сенімді болады. Дегенмен көптеген сарапшылар шындық/жалған тапсырмалары қажетті білімді жеткілікті бағаламайды деп есептейді, себебі бұл тапсырмаларда оқушы тапсырманың дұрыс жауабын болжап анықтауы мүмкін. Сонымен қатар көптеген педагогтердің оқушыларды тек есте сақтауға бағыттайтын қарапайым тривиалды сұрақтар құрастыру қаупі де бар. Шындықты анықтау тапсырмалары нақтылауға берілген болуы мүмкін. Мұндай тұжырымның шындығын анықтау тапсырмалары асты сызылған негізгі сөз арқылы немесе қысқа фраза арқылы ұсынылады. Сұраққа толық жауап беру үшін оқушы берілген тұжырымды шындыққа айналдыратын сөзді немесе фразаны белгілеп көрсетуі қажет. |
6 слайд | Шындық/жалған тапсырмаларының бірқатар ерекшеліктері бар, мысалы: Универсалды. Мұндай түрдегі тапсырманы түрлі оқу нәтижелерін өлшеу үшін бейімдеуге болады. Жылдам балл қою. Балл қоюға көп уақыт кетпейді, балды есептеудің дәлдігі жоғары. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен дұрыс жауаптарды автоматты түрде есептеуге болады. Сенімділік. Дұрыс құрылған сұрақтар оқушының оқу жетістігінің сенімді нәтижелерін беруі мүмкін. Сұрақты талдау мүмкіндігі. Шындықты анықтау тапсырмаларын сұрақтарды талдау арқылы жетілдіруге болады. Тиімділік. Қолда бар материалдардан аз уақыт ішінде көптеген әртүрлі тапсырмалар құрастыруға болады. Түсінгенін тексеру. Шындықты анықтау сұрақтары оқушылардың зерделеген материалды түсінгенін бағалауға пайдалы. Қысқаша мазмұндалуы. Шындықты анықтау сұрақтары тез оқылатын, бірнеше сөзден тұратын қысқа болуы мүмкін. Шындық/жалған тапсырмалары жауабын таңдауға берілетін тапсырмалардың ішінде ең жиі қолданылат тапсырма түрі болып табылады. Дайындау оңай, дегенмен оларды қолдану кезінде мұқият болған жөн. Оқушылар мұндай тапсырмалардың осал тұсын тауып, жауабын болжауға көмектесетін сөздерді, грамматикалық құрылымдарды тағы да басқа жауапқа меңзеуші белгілерді пайдаланып, жоғары балл алуы мүмкін. Мұндай тапсырмаларды қызығушылықты арттыру және талқылау сұрақтарын енгізу үшін тиімді қолдануға болады. Бұл алдыңғы сабақтағы жетілдіруді қажет ететін проблемалық тұстарды анықтау үшін, оқушыларды жаңа тапсырмаларды орындауға ынталандыру үшін, күнделікті сабақта сұрақ-жауап түрінде қысқаша викторина өткізу үшін қолдануға ыңғайлы құнды құрал болып табылады. |
7 слайд | Шындық/жалған тапсырмаларын құрастыру бойынша мұғалімдерге арналған ұсыныстар:
Жоғары ойлау деңгейлерін қамтуға ұмтылыңыз. |
8 слайд | Келесі жабық тапсырма түрі – сәйкестендіру тапсырмалары. Сәйкестендіруге арналған тапсырмалардың түрлері көп. Оның қарапайым түрлерінің бірі – екі бағанды салыстырып, сәйкестендіру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші бағанда сәйкестендіруге арналған олардың жауаптары көрсетіледі. Мұнда бірінші бағандағы тапсырмалардың саны мен сәйкес жауаптар саны бірдей болады. Алайда бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар жауапты болжамдап дұрыс табуы мүмкін. Сонымен қатар егер оқушы бір жауабында қателессе, бұл оның одан әрі де қателесуіне себеп болады. Мынадай жағдай болуы да мүмкін: егер оқушы біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сәйкестікті дәл білсе, жауабын білмейтін сұрақтың шешімі өздігінен айқын болып шыға келеді. Дұрыс жауапты болжамдап табу мүмкіндігін азайтудың бірден-бір тәсілі – бірінші бағандағы сұрақтардың санына қарағанда екінші бағандағы жауаптар санының көп болуы. Бұл жағдайда да оқу материалы негізінде біртекті белгілері бойынша екі бағаннан тұратын тапсырма анықталады. Екінші бағанда біріншісіне қарағанда бірнеше қатар артық болуы қажет, ал дұрысында екі есе көп болғаны жөн. Нәтижені өңдеуге қолайлы болуы үшін сол бағандағы қатарларды санмен, ал оң бағана қатарларын бас әріптермен белгілеу ұсынылады. Оқушы тапсырманы қолайлы психологиялық жағдайда қабылдап, ойланып жауап беруі үшін жазу қарпі өлшемінің де маңызы бар. Бағанның жоғары жағындағы тақырыпшалар бас әріптермен жазылады, бағандағы сөздер кіші әріптермен жазылады. Сол жақ бағандағы қатардың саны 4-5-тен аспауы қажет екенін ескерген жөн. Әрине, жекелеген мысалдарда, жоғары деңгейде құрастырылған жағдайда бір сұраққа бір жауап келетін сәйкестендіру тапсырмасын құрастыру орынды болады. Сәйкестендіру тапсырмалары оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған жерлерді білу маңызды болып саналатын жағдайларда білімді тексерудің барынша тиімді тәсілі болып табылады. Сәйкестендіру тапсырмалары әр түрлі эксперименттерді, олардың нәтижелерін, арнайы терминдер мен анықтамаларды есте сақтауды қажет ететін жаратылыстану ғылымы сабақтарында қолдану үшін ыңғайлы. |
9 слайд | Олардың кеңінен қолданылатын келесі түрлерін атап өтуге болады:
|
10 слайд | Сәйкестендіру тапсырмаларының бірқатар өзіндік артықшылығы бар. Мысалы, оларды құрастыру қиын емес және оқушылардың материалды білу және түсіну деңгейін бағалауға қолайлы; оқушылардың көптеген фактілерді білетінін тексеруге ыңғайлы. Ал тапсырманы құрастыруға және қолданғанда көп уақыт жұмсалатынын, жоғары ойлау дағдыларының деңгейін тексеру қиындығын бұл тапсырмалардың кемшілігіне жатқызуға болады. |
11 слайд | Сапалы тапсырма барынша сенімді нәтижеге қол жеткізуге жағдай жасайды, сондықтан сәйкестендіру тапсырмасын құрастыру барысында келесі ұсыныстарды ескерген жөн:
Сұрақтар бағаны нақты сұрақтардан немесе тапсырмалардан, тұжырымдардан тұруы тиіс. |
12 слайд | Жабық тапсырмалардың келесі түрі – көп таңдаулы жауабы бар тест тапсырмасы. Мұнда бір дұрыс жауабы бар және бірнеше дұрыс жауабы бар тест құрастыруға болады. Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде шектелген, дәйекті жауабы көрсетілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай тапсырма екі компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары. Мұндағы дұрыс жауап – тапсырманың кілті, ал дұрыс емес жауаптары дистракторлар болып табылады. Тапсырманың мәтіні барынша қысқа болып, сұрақтың мазмұнын анық көрсетуі тиіс. Оның сауатты құрастырылуы өте маңызды. Мәтіннің, тапсырма шартының күрделілігі сұрақты түсінуді қиындатады. Тапсырма орфографиялық және грамматикалық ережелерді сақтай отырып құрастырылуы тиіс. |
13 слайд | Көп таңдауы бар тапсырма құрастыру кезінде бірқатар талаптарды ескерген жөн. Мысалы тапсырма мәтінін теріске шығару арқылы тұжырымдау оқушының қабылдауы мен дұрыс жауабын анықтауына қиындық туғызады. Сонымен қатар оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік бермейді. Алайда тапсырманы теріске шығару арқылы тұжырымдау қажет болған жағдайда қосымша графикалық әсерлерді қолдануға болады, мысалы, көлбеу немесе қалың қаріппен көрсету, белгілеу, теріс берілуі бар бөлігін бас әріппен жазу. Бос орындарға қажетті сөздерді қою арқылы берілген мәтіннің сөйлемдерін толықтыруға негізделген тапсырманы қолданбауға тырысу қажет. Мұндай тапсырмалар ең алдымен оқушылардың көру арқылы есте сақтау қабілетін тексеруге бағытталады, өтілген материалды меңгеру сапасын көрсетпейді. |
14 слайд | Көп таңдауы бар тапсырмаларда жауап нұсқаларының саны әртүрлі болуы мүмкін. Жауап нұсқалары көп болған сайын оқушылардың дұрыс жауапты кездейсоқ болжап табу мүмкіндігі азаятыны анық. Дегенмен ұсынылатын баламалы жауаптардың көп болуы оқушылардың тапсырманы орындауға жұмсайтын уақытының шамадан тыс артуына алып келеді. Жалпы, жауап нұсқаларының саны 2-ден 5-ке дейінгі аралықта болғаны жөн. |
15 слайд | Жауап нұсқаларын түрлі логикалық реттілікпен орналастыруға болады (мысалы, әліпби реттілігі бойынша, хронологиялық тәртіппен, өсу/кему ретімен, грамматикалық санатына қарай және т.б.). Осылайша жауаптардың көрсетілген ретіне байланысты оқушылардың дұрыс жауапты болжап табу мүмкіндігі шектеледі. Мысалы, жауап нұсқалары сөзден басталатын болса, онда олар әлипби ретімен орналасады. Егер жауап нұсқалары саннан басталса, онда өсу/кему ретімен орналасады. Егер бір қарағанда екі жауап нұсқасы бір-біріне ұқсас болса, онда оқушылардың салыстыруына ыңғайлы болуы үшін оларды бірінен кейін бірін тізбектеп орналастырған жөн. Тапсырма құрастыру алгоритміне сәйкес көп таңдауы бар тапсырма құрастырғанда тапсырманың шарты, яғни сұрағы мен дистракторларды құрастыруға дейін оның кілтін – дұрыс жауабын дайындап алу ұсынылады. Бұл тапсырманың нақты дұрыс жауабының бар екендігіне кепілдік береді. Жауап нұсқаларын оқушылар дистракторларды қандай да бір белгісі бойынша анықтай алмайтындай етіп, өте мұқият құрастыру қажет. |
16 слайд | Дистракторлар өтілген материалға сәйкес болуы және шындыққа жанасымды, бірақ дұрыс емес жауап болуы тиіс. Дистракторларды қолданудағы басты мақсат – оқу материалын жеткілікті меңгермеген оқушылардың зейінін шоғырландыру. Әдетте «жақсы» дистрактор оқушылардың жиі жіберетін қателерін қамтиды. Егер дистракторды үлгерімі төмен оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, онда оны жақсы құрастырылған деп есептеуге болады. Бұл оқушыларды дайындық деңгейіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Ал егер дистракторды білім деңгейі жоғары оқушылардың басым бөлігі таңдаған жағдайда дистрактор сапасының төмендігін немесе тапсырманы құрастыруда қате жіберілгенін байқауға болады. Егер дистракторды бірде-бір оқушы таңдамаған болса, онда дистрактордың қате құрастырылғаны туралы қорытынды жасауға болады, оны қайта құрастыру қажет. |
17 слайд | Тапсырманың кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек?
Дистракторлардың «жартылай дұрыс» болуын, яғни дистракторды әртүрлі мағынада түсінуге болатын жағдайларды, олардың екіұштылығын болдырмау керек. |
18 слайд | Қорытындылай келе, жабық тапсырмалардың бірқатар артықшылығы мен кемшіліктерін атап өтуге болады. Балл қоюдың оңайлығы мен оларды есептеу жеңілдігі, осы мақсатта АКТ қолдану мүмкіндігі, жауап үлгілерінің ұсынылуы, тапсырманы орындауға аз уақыттың қажеттігі жабық тапсырмалардың артықшылығына жатады. Ал олардың кемшілігіне бастауыш сынып оқушылары үшін тапсырманы оқуға көбірек уақыт жұмсалатынын, тапсырмалардың тар ауқымдағы білімді тексеретінін, дұрыс жауапты кездейсоқ анықтау мүмкіндігін, тапсырманы орындауда оқушының қалай ойлағанын байқау мүмкін еместігін жатқызуға болады. |
19 слайд | Жабық тапсырмалардың сапасын бағалау үшін келесі сұрақтарды қолдануға болады:
Бұл тізімді толықтырып, өз оқушыларыңыздың оқу жетістіктерін бағалауда жабық тапсырмаларды тиімді қолдану жөнінде ұтымды шешім қабылдауыңызға болады. |
20 слайд | Ашық тапсырмалар. Ашық тапсырманың түрлері мен ерекшеліктері Түсіну және қолдану деңгейіндегі тапсырмалармен салыстырғанда пайымдауға берілген тапсырмалар оқушының осы тақырып бойынша әбден ойланып, жаңа білімін іс-әрекетте қолдану жолын өз бетінше дұрыс табуын көздейді. Оқушының білімін өмірде қолдану туралы ойлануы оның өздігінен шешім қабылдап, өз таңдауын негіздей білуіне мүмкіндік береді. Оқушылар өз бетінше ойланып жауап беруі үшін мұндай тапсырмалар дайын жауабы көрсетілмеген ашық сұрақтар арқылы беріледі. Ойландыруды көздейтін жоғары деңгейлі тапсырмалар оқушының оқыған материалды ой елегінен өткізіп, талдауын қажет етеді. Жоғары деңгейлі тапсырма әзірлеу үшін ашық сұрақтар құрастырып үйрену керек. Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіруге, қойылған проблемаға қатысты өзінің жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлауға арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзындығына немесе көлеміне қарай ерекшеленеді. Ол бір немесе бірнеше сөздерден тұратын қысқа жауаптан бастап толық дәлелді пайымдау түріндегі толық жауапқа дейін болуы мүмкін. |
21 слайд | Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет. |
22 слайд | Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше сөйлем, түсініктемелерді, сызбаларды немесе бірнеше кезеңнен тұратын дәлелдеулерді келтіре отырып орындау қажет. |
23 слайд | Толық жауапты қажет ететін тапсырма нұсқаларының бірі эссе болып табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы тексеріліп қана қоймайды, сондай-ақ берілген сұрақты немесе мәселені әртүрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлел түрінде келтіру, мәселені шешудің жолдарын ұсыну сияқты оқушылардың жоғары деңгей дағдыларын меңгеруі тексеріледі. Бірақ, бағалау құралы ретінде эссені қолданудың кемшіліктері де бар. Оған эссенің шектеулі материалды қамтитынын жатқызуға болады. Бұл бағалаудың валидтілігін төмендетеді. Сондай-ақ эссе көп уақытты қажет етеді, оның нәтижесін бағалау қиын және мұнда бағалаушының жеке көзқарасы, субъктивтілік орын алуы мүмкін. |
24 слайд | Эссе форматында тапсырма құрастыру жөнінде қысқаша мынадай ұсыныс беруге болады: 1. Тақырыпты немесе эссе сұрақтарын тұжырымдаңыз. Сұрақ оқушылар не туралы жазатынын анық біліп, түсінуі үшін нақты да түсінікті болуы керек. 2. Оқушылардың неше сөз/сөйлем/парақ/параграф жазатынын анықтап беріңіз. Өйтпеген жағдайда біреуі 5 сөйлем, басқа біреуі 50 сөйлем жазуы мүмкін. 3. Тапсырмада қосымша сұрақтар қоймаңыз. Артық сұрақтар нәтиженің сенімділігіне әсер етуі мүмкін. 4. Эссе жазудың әр деңгейі туралы ойланыңыз. Жоғары деңгейде жазылған эссенің дәлелдемесі қандай? Төмен деңгейде жазу дәлелдемесі қандай болады? 5. Эссенің қалай бағаланатыны туралы ойланыңыз. Бағалауда қандай тәсіл қолданасыз? 6. Оқушыларды эссе жазуға дайындаңыз. Эссе нәтижесінің валидтілігі оқушылардың эссе жаза білуі дағдысына байланысты. Оқушыларға эссені қалай жазу керек, оның құрылымы қандай болу керек, олардан не күтесіз – осы туралы түсіндіріп айтуға уақыт бөлу керек. |
25 слайд | Жалпы, ашық тапсырма құрастыру барысында келесі талаптарға назар аударған жөн:
Құрастырылған тапсырмалар мен жауап үлгілерін бағалауға әріптестеріңізді тартыңыз. Қажет болған жағдайда құрастырылған тапсырманы түзетіңіз, өзгеріс енгізіп, толықтырыңыз. |
26 слайд | Ашық тапсырма әзірлегенде нені ескеру керек?
Сонымен, ашық тапсырма әзірлегенде сұрақпен қатар оның жауап үлгілерін дайындап қою керек. Оқушылардың жауабын тексергенде әрдайым жауап үлгілерін пайдаланыңыз. Тапсырмада стандартты нұсқауларды қолдануға тырысыңыз. |
27 слайд | Ашық сұрақтар бірқатар қағидаларға сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда Негізділік:
|
28 слайд | Валидтілік:
|
29 слайд | Объективтілік:
|
30 слайд | Сенімділік: 1. Сұрақтар негізгі мазмұнға сәйкес болуы керек. Бағалау тапсырмаларындағы қателерді тауып, түзету және толықтыру үшін, сондай-ақ заңдылықтар мен үлгілерді анықтау үшін бағалау нәтижелері бойынша жүйелі түрде деректерді жинақтап, деректер базасын құрыңыз. Проблемалық сұрақтардың тізімін жасау басқа тапсырма құрастырушыларға да жақсы көмекші құрал болады. 2. Әзірленген тапсырмаларды бағалау үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек. |
31 слайд | Ашық тапсырмаларды әзірлеу тапсырма құрастырушы мұғалімдерден жоғары кәсібилікті талап етеді. Мұндай тапсырмаларды күнделікті сабақта, жиынтық бағалау процестерінде шеберлікпен пайдалану оқушылардың жоғары танымдық ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Ашық тапсырмалардың бірқатар артықшылығын атап өтуге болады, мысалы ашық тапсырма қолдану арқылы:
Сонымен қатар бірнеше кемшігі бар: жабық тапсырмалармен салыстырғанда мұнда тапсырмаға дескриптор, балл қою кестесін құрастыру қиынырақ. Тапсырманы бағалау барысында балл қоюда субъективтілік көрініс табуы мүмкін. Тапсырманы орындау және оны тексеруге біршама уақыт керек және т.б. кемшіліктер. Бірақ бұл бізге ашық тапсырма әзірлеп, қолдануға кедергі келтірмейді. Себебі біз ашық сұрақтар қою арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытамыз. Мектепте ашық тапсырмалардың көмегімен проблемаларды шешуге үйрету арқылы оқушыларды шынайы өмірге дайындаймыз. |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2021. – 378 б. -
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіс. құрал. /О.И.Можаева,А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б. -
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен.Астана, 2016. - 46 б. -
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы. -
https://www.thewisdomthatworks.com/targeting-objectivity-reliability-validity/ -
https://quizlet.com/56502240/reliability-validity-and-objectivity-flash-cards/