ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру.Жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, әдемі жазуға, сөздік қорын , күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Қазір бізде қазақ тілі мен информатика сабағынан кіріктірілген сабақ.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сын есімдерді қайталау. Сабағымыздың мақсаты: сын есім туралы алған білімдеріңді жинақтау ,бекіту, қорыту, шығармашылық тапсырмалар орындау.
Сабағымызды бастамас бұрын, осы күн сәтті өту үшін бір- бірімізге жақсы тілектер тілейік :
Балалар: ақылды бол, білімді бол, ұқыпты бол, өнерлі бол, сұлу бол, жақсы бол, мәдениетті бол, әдепті бол, бақытты бол, үлгілі бол.
Мұғалім: Оқушы:
-Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
-Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
-Әрбір ісің? Тірлік, тілек, адамдық.
-Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
-Олай болса, балалар сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
-Бүгінгі сабағымыз «Бақытты сәт» деп аталады.
Бірінші сәт :
Ережені қайтала:
1.Сын есім дегеніміз не?
2.Сын есім сұрақтарын ата.
3.Негізгі сын есім деген не ?
4.Туынды сын есім деген не?
5.Негізгі сын есімге мысал келтір.
6.Туынды сын есімге мысал келтір.
Екінші сәт:
«Бір сын есімге көп зат есім жаз»
кітап көйлек
дәптер
Қ ызық кино Әдемі
оқушы етік
ойын қалам
Үшінші сәт:
«Көңілділер мен тапқырлар»
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Тапсырмалар:
1.Өлеңді жаттау.
2.Дәптерге жазу.
3.Сын есімдерді табу.
4. «Көңілді» сөзін сөз құрамына талдау.
5. «Күміс жаңбыр төгілді» сөйлем мүшесіне талдау.
Төртінші сәт:
«Сын есімге зат есімнің лайықтысын жаз»
Өнерпаз шопан
түйінді бала
жүйрік суретші
әуезқой ой
таңдаулы адам
сөзшең ат
(Өнерпаз бала, түйінді ой, жүйрік ат, әуезқой суретші, таңдаулы шопан, сөзшең адам)
Сын есімдерді сөз құрамына талдау.
Бесінші сәт:
«Мақал-мәтелдерден сын есімдерді тап» ауызша.
1.Өтірік сөз өрге баспас.
2.Еріншек адамның ертеңі бітпес.
3.Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
4.Жалған сөз- жанға қас,
Жалқау қойшы- малға қас.
Алтыншы сәт:
«Көсемділікке ұмтылу»
1.Қандай сұрағына жауап беретін сын есім (жақсы )
2.Заттың түсін білдіретін сын есім. (қызыл)
3.Қандай жолдас болады? (жаман )
4.Бөлме қандай болады? (кең )
5.Алма қандай болады? (сары )
6.Қай сұрағына жауап беретін сын есім. (шеткі )
7.Жемдеп тұрған мал қандай болады ?
| | | | С | | | ||
| | Ы | | | | |||
| | | | Н | | |||
| | Е | | | ||||
| С | | | | ||||
| | | | І | | |||
| | | М | | | |
Жетінші сәт: Тест сұрақтары.
«Беске жету»
А) заттың аты Ә) заттың түрі Б) заттың қимылы | 6. Негізгі сын есімді тап. А) талапты, көлемді, икемді Ә) жаңа, қызыл, ақ Б) өнерлі, бойшаң, инабатты |
2. Сын есім сұрақтарын көрсет. А) қандай? қай? Ә) қанша? неше? Б) не істеді? қайтті? | 7. Әдемі, сұлу, ұқыпты, ақшыл, қай сөз табына жатады? А) зат есім Ә) сын есім Б) сан есім |
3. Туынды сын есімді көрсет. А) сулы, күшті, білгіш Ә) таза, әдемі, сұлу Б) ақ, сары, көк | 8. Ақ, сары, қызыл сын есімдері А) негізгі Ә) туынды Б) күрделі |
4.Сын есім нені білдіреді? А) атын, орнын, мөлшерін Ә) түсін көлемін, сапасын Б) аумағын, көлемін, орындалғанын | 9. Туынды сын есім неден құралады? А) түбірден Ә) түбір мен жұрнақ Б) жалғау |
5. Сын есімді тап. А) келді Ә) он Б) әдемі | 10. Негізгі сын есім неден құралады? А) түбір Ә) түбір мен жұрнақ Б) жалғау |
Сабақты қорыту. «Мен қандаймын» ойыны
Шарты. әр оқушы өз аты қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді өз атының алдына қойып айтып шығады.
Мысалы:
Әдемі Әсем
Сымбатты Сандуғаш
Үлгілі Үміт
Жайдарлы Жанна
Нұрлы Нұржан
Инабатты Ислам
Ақылды Аяш
Рақымды Рүстем
Әдемі Әсет
Алғыр Аманжол.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету,бекіту.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, сызбалар.
Әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс, шығармашылық тапсырма.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Өнер алды-қызыл тіл
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай,талмай үйрен,біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл-асыл қазына,
Байлығың-білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің,
1) “Танысу “ тренингі
Әр оқушы өзінің атының бас әрпінен басталатын сын есім айта отырып өзін таныстырады. Мысалы: Әдемі Әйгерім
2) «Топтастыру» (слайд) стратегиясы бойынша ой қозғау.
3) Көркем жазу минуты.
Дәптерімізді ашайық ,
Қолға қалам алайық .
Салақтықтан қашайық ,
Көркем етіп жазайық.
-
Өнерлі бала елдің көркі,
Үкілі қамыс жердің көркі.
Сергіту сәті
II. Мағынаны тану
4) 1-жаттығу
Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есімді қойып, мақалдарды толықтырып жаз. Мақалдың мазмұнын түсіндір.
5 ) “Менің бағытым” ойыны
1. тәтті жар
2. тік адам
3. тегіс қант
4. суық қоян
5. сұр су
6. ақылды жер
6) 2-жаттығу
Өлеңді оқып, туынды сын есімдерді табу. Туынды сын есімдер қалай жасалатынын еске түсіру.
Шопан атаға
Ай мүйізі шоқпардай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең қойды бер!
Ұлды берсең, бойлы бер,
Жұртқа ақыл салғандай
Ақылы артық ойлы бер!...
7)
8) 3 – жаттығу.
Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есімде тауып тіркеп жаз.
| өрен |
| күй |
| еңбек |
| көше |
| су |
| күн |
| талап |
Сергіту сәті
9)
10) «Кім жылдам?» ойыны
Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгілінің суретінің астына қатыстырып жазу:
Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.
Қыс Көктем Жаз Күз
... ... ... ...
О
11)Семантикалық карта
| Зат есім | Сын есім | Сан есім | Етістік |
ақылды | | | | |
табиғат | | | | |
жинады | | | | |
мың | | | | |
Бағалау
Үй тапсырмасы: 4-5 жаттығу. 128-129 бет.