Файл: Іш оласыны анатомиясы мен топографиясы париеталды жне висцералды тарматары, андандыру аймаы. Тменгі уыс вена жйесі тзілуі, топографиясы, йылыстары. апа венасы тзілуі, топографиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 128

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»


Анатомия кафедрасы

Әдістемелік жұмыс

Редакция: 1

Бет -



Жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттеріне арналған

әдістемелік нұсқау
Тақырыбы:Іш қолқасының анатомиясы мен топографиясы: париеталды және висцералды тармақтары, қандандыру аймағы. Төменгі қуыс вена жүйесі: түзілуі, топографиясы, құйылыстары. Қақпа венасы: түзілуі, топографиясы. Кава-кавалды және порто-кавалды анастомоздар. Іш қуысының қабырғалары мен ағзаларының лимфа тамырлары мен түйіндері. Іш қуысы қабығалары мен ағзаларының нервтенуі.

2 нұсқа

1 тапсырма. Тест түріндегі сұрақтар (1 дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаппен). Әр сұраққа– 5 балл.


1. Іштік қолқаның тақ висцеральды тармақтары:

а) Құрсақ сабауы

б) жоғарғы тік ішек артериясы

в) шажырқайлық төменгі артерия

г) ортаңғы жиек ішек артериясы

д) артқы қабырға аралқ артерия

2. Іштің алдыңғы қабырғасындағы порто-кава-кавальды анастамозды құрайды:

а) кіндік веналары

б) кіндік жанылық веналар

в) жоғарғы құрсақүстілік вена

г) төменгі құрсақүстілік вена

д) мықын сүйекті айналып өтетін беткей вена

3. Төменгі қуыс венаға құяды:

а) бел веналары

б) шажырқайлық төменгі вена

в) бүйрек венасы

г) көкбауыр веналары

д) шажырқайлық жоғарғы вена

4.Құрсақ сабауының тармақтары:

а) сол жақ асқазан артериясы

б) оң жақ асқазан артериясы

в) шажырқайлық жоғарғы артерия

г) көкбауыр артериясы

д) шажырқайлық төменгі артерия


5. m. obliquus abdominis externus-ті нервтендіреді?

А) nn.іntercostales

Б) n. iliohypogastricus

В) n. ilioinguinalis

Г) plexus lumbalis

Е)nn.splanchnicilumbales
6. Nodi lymphoidei abdominis (висцеральды) бөлінеді ?

А) құрсақтық

Б) төменгі құрсақүстілік

В) шажырқайлық жоғарғы

Г) төменгі көкеттік

Е) шажырқайлық төменгі
7. Қолқаның қай бөлігі сипатталған: ол XII кеуде омыртқасының деңгейінен басталады, көкеттің қолқалық тесігінен өтіп, IV-ші бел омыртқасының ортаңғы деңгейіне дейін жалғасады?

А) pars ascendens aortae

Б) pars abdominalis aortae

В) pars thoracica aortae

Г) pars descendens aortae

Е) arcus aortae
8. Қолқаның іштік бөлігінде орналасқан?

А) іштік қолқалық (вегетативті) өрім

Б) сыңар вена және кеуде түтігі

В) Құрсақ өрімдерінің түйіндері

Г) қолқа-бүйрек өрімдерінің түйіндері

Е) шажырқай аралық өрім түйіндері
9. Іш қуысының преганглиондық талшықтарының топографиясы?

А) құрсақтық өрім

Б) жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары

В) жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршіктері

Г) симпатикалық нервтер

Е) ақ дәнекер нервтер

10. Тоқ ішектің аймақтық лимфа түйіндері?

А) мықын-жиек ішек түйіндері

Б) соқыр ішек алдындағы және соқыр ішек артындағы түйіндер

В) құрт тәрізді өсіндінің түйіндері

Г) асқазан-шарбылық түйіндер (оң және сол)

Е) шажырқай-жиек ішек түйіндері
11. v.cava inferior париеталды құйылыстары:

A) vv.lumbales

Б) v.testicularis s.ovarica

B) v.renalis

Г) vv.phrenicae inferiores

E) v.suprarenalis


12. V.testicularis s.ovarica түзеді:

A) plexus brachialis

Б) plexus cervicalis

B) plexus pampiniformis

Г) plexus sacralis

E) plexus lumbosacralis


13. V.mesenterica inferior қандай тамырлардың бірігуі нәтижесінде пайда болады?

A) v.renalis superior

Б) v.colica sinistra

B) vv.sigmoideae

Г) vv.pancreaticae
Е) vv.gastricae breves

14. Кава-кавальды анастомоздар орналасқан?

А) өңештің іштік бөлігінің қабырғасында

Б) тұлғаның алдыңғы бүйір қабырғасында

B) тік ішектің қабырғасында;

D) тұлғаның артқы қабырғасында

E) жұлын өзегінде


15. M. quadratus lumborum-ді нервтендіреді?
А) plexus lumbalis (rr. musculares)
Б) nn. іntercostales

В) n. iliohypogastricus

Г) n. ilioinguinalis
Е) nn.splanchnici lumbales
16. Vena portae hepatis орналасқан:
A) аттас артериядан оңға аш ішектің шажырқайының түбірінде

Б) бауыр-он екі елі ішек байламының ішінде бауыр артериясы мен жалпы өт түтігінің артында нервтермен, лимфа түйіндері және лимфа тамырларымен бірге

B) ұйқы безінің жоғарғы шеті бойымен көкбауыр артериясынан төмен

D) сол жақ жиек ішек артериясының жанында

E) шажырқайлық төменгі артерия бойымен
17. Бел аймағында, ішастармен жабылмаған жиек ішектің жоғарыланған және төмендеген бөлігінің, он екі елі ішекпен ұйқы безі аймағында бір-бірімен анастомозданады:
А) v. lienalis
Б) vv. paraumbilicalis
В) vv. mesenterica superior et inferior
Г) v. thoracoepigastrica
Е) vv. lumbales

18. Кеуденің артқы қабырғасы аймағындағы жоғарғы және төменгі қуыс веналарының арасындағы ірі анастомоз болып саналады:
А) Сыртқы мықын венасы арқылы(v.iliaca externa) жалпы мықын венасына(v.iliaca communis) түсетін құрсақүстілік төменгі вена (v.epigastrica inferior)- төменгі қуыс венасы жүйесі

Б) Бауырдың жұмыр байламы арқылы өтетін (lig.teres hepatis) кіндік жаны веналары-қақпа венасы жүйесі (vv. paraumbilicalis)

В) Қолтық венасына (v.axillaris) құятын кеуде-құрсақүстілік вена (v.thoracoepigastrica)-жоғарғы қуыс вена жүйесі

Г) Жоғарғы және төменгі шажырқай веналарының құйылыстары (vv. mesenterica superior et inferior)

Е) Сыңар (v. azygos) және жартылай сыңар (v. hemiazygos) веналар жүйесі
19. Жұп веналар:

А) v.renalis
Б) vv.hepaticae
В) v.suprarenalis
Г) v.portae hepatis
Е) v.mesenterica superior
20. Nodi epigastrici inferiores шығатын тамырлары құяды:

А) ішек сабауына

Б) терең шап түйіндеріне

В) бел лимфа түйіндеріне

Г) сыртқы мықын лимфа түйіндеріне

Е) құрсақ түйіндеріне



2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам-7 балл



1

Анатомиялық құрылымды ата №1

2

Анатомиялық құрылымды ата №2

3

Анатомиялық құрылымды ата №3

4

Анатомиялық құрылымды ата №4

5

Анатомиялық құрылымды ата №5

3 тапсырма. Жағдайлық есептерді шығару. Дұрыс шығарылған бір есеп үшін -15 балл

1 Есеп

Қан ағымының бұзылуы жағдайында іш қуысының тақ висцеральды тармақтарының бірінде жүйелер аралық анастомоздар негізінде жанама қан айналымы дамиды. Іштік қолқаның тақ висцеральды тармақтары арасындағы жүйелер аралқ анастомоздар қандай?
Жауап:
2 Есеп

Эндокриндік бездер өздерінің секрециясын (гормондарын) қанға шығаратындықтан, оларда қан тамырларының дамыған жүйесі бар. Бүйрек үсті бездерін қанмен қамтамасыз ету көздерін көрсетіңіз.
Жауап:


Құрастырушы: ассистент Мамырбаева А.К.