ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бала құқығы –адам құқығы
Мақсаты: Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
Студенттерге адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Студенттерге өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Конституция, тәртіп туралы нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Өткізу түрі: жарыс
Армысыздар ұстаздар мен студенттер!
ҚР шынайы егемендікке ие болып отырған қазіргі таңда қоғамымызды одан әрі демократияландыру, құқықтық мемлекет құру бағытында халықтың барлық топтарына, ең алдымен, студент жастарға құқықтық тәрбие беру ісі негізгі мәселе болып отыр. Әр мемлекеттің өзінің заңы болады. Елбасы Н.Назарбаев ҚР құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралар туралы (21- маусым, 1995 жылы №2347) қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екендігін атап көрсетті.
Ендеше, бүгінгі өткізіліп отырған «Заңды білу - заман талабы» атты зияткерлік сайымызға қош келдіңіздер!
Құрметті қатысушылар! Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Ойынның шарты бойынша 3 топқа бөлінеміз. Ойынды бастамас бұрын, әділқазы алқасымен таныстырып өтейін....
Семей көп салалы колледжінің құқықтық пәндер оқытушысы Кабылгазин Галым Кабылгазинович
Семей көп салалы колледжінің тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы Максен Дастан Ержанұлы
Семей көп салалы колледжінің педагогика пәндерінің оқытушысы Азизова Азиза Фарухқызы
Бүгінгі сайысқа «Заң терминдері», «Әділет лигасы», «Жас заңгерлер» командалары қатысқалы отыр.
Жоспар
1.Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру) .
2. «Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақтан кезеңі
3. «Сенің құқығың менің құқығым» кезеңі
4. «Тапқырлық» кезеңі
5. «Суреттер сөйлейді» кезеңі
6. «Тіл өнері» кезеңі
7. Видео талқылау
1 топқа ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
-
ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар? (Ешкімнің құқығы жоқ) -
ҚР-да ресми түрде қолданатын тіл (Орыс тілі) -
ҚР «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж. 8 тамыз) -
«Сот тәуелсіздігі» дегенді қалай түсінесің? Ол кімге бағынады? (Ол тек заңға бағынады) -
ҚР әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлы мемлекет) -
ҚР қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның) -
Азаматтық туралы шешімді кім қабылдайды? (ҚР Президенті) -
Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ – та 1787 жылы)
10.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғанан кейін.)
2 топқа
«Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitution» құрылым, өкілім);
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент)
ҚР азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес)
7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
8. Қ.Р. өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік
9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер? (Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы туралы заң т. б.)
10. Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
3 топқа
1.ҚР Конституциясының 1-бабы, 1 тармағы? (ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды, оның ең қымбат қазынасы- адам және адам өмір, құқықтары мен ботандықтары.)
2.Құқық дегенііз не? (мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
3.Балалар құқы туралы Конвенция қашан, қайда қабылданды? (1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ да қабылданды)
4.ҚР Ата Заңы қанша бап, қанша бөлімнен тұрады? (9 бөлім 98 баптан)
5.ҚР егемндігі мен тәуелсіздігін білдіретін аса маңызды 3 құжат атаңыз (Егемендік туралы декларация, Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң, Конституция)
6.Заң дегеніміз не? (барлық адамдарға арналған бірдей ереже )
7.Заң бұзушылық нешеге бөлінеді? (2 теріс қылық және қылмыс)
8.ҚР рәміздері қашан қабылданды? (1992 ж )
9.Абай Құнанбаевтың құқықтық тәрбие беру жолындағы еңбегі? (Шар ережесі)
10.Заң шығарушы орган қалай деп аталады? (парламент, 2 палатадан тұрады: сенат пен мәжіліс)
11. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас жамасы? (ҚР 15 бап. Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қлмыстық жауапқа тартылады, ауыр қылмыс жасаған үшін 14 жастан жауапқа тартылады)
III кезең «Сенің құқығың, менің құқығым»
10 - бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
9 – бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
11-бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
12- бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
19- бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
1 топ
Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? – (бала туған кезінен бастап)
Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? – (18)
2 топ
1. Бала басқа адамдармен қатысуға және ұйымдар құруға, оларға кіруге құқылы ма? – (иә)
2. Неше жасқа толмаған баланы Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге шақырылуға жатпайды? – (15)
3 топ
Баланың өз пікірін білдіруге, ақпарат алуға, ақпаратпен идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме, әлде шектеусіз бе? – (шектеусіз)
Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16)
IV кезең «Тапқырлар»
-
Марат пен Санат үзіліс кезінде төбелесіп қалды. Екеуіде бір-бірінің бет ауыздарына оңдырмай таңба салды. Санат Мараттың көйлегін жыртып тастады. (кикілжің) -
Әуесқан сыныптас жолдасының 900 теңгесін ұрлап алды. (қылмыс) -
20 жастағы ағайынды Саша мен Никита 9 сынып оқушысы Аняны есірткіге үйретті. (қылмыс) -
Рокерлер алаңға түнгі сағат 12 де жиналады да топ болып көше кезеді. (қылық) -
9 сынып оқушысы Марат Ізімов өз сыныбындағы және төменгі сыныптардағы балаларды қорқытып ақша жинаған. (қылмыс) -
Аида ағасы автобуста жымқырып кеткен 100 долларды үйдің бір жеріне тығып тастады. Бұл жөнінде ата-анасына тіс жарған жоқ. (қылмыс) -
Индира өзіне жаңа джинсы әпермегені үшін әке-шешесіне ренжіп ешкімге айтпастан құрбысының үйіне кетіп қалды. (кикілжің) -
6 «Б» сыныбында 3 баланың ата-анасы мектеп жиналысына келмеуді әдетке айналдырған.Себебі үшеуінің де баласының үлгерімі нашар. Олар өз балалары жөнінде жағымсыз хабар естігісі келмейді. (қылық) -
Асанбаев қызына 14 ай бойы алимент төлемей келеді. Ол кездейсоқ уақытша жұмыстарда жүр. (қылмыс)
V кезең «Суреттер сөйлейді»
Президент
Салық
Тұрғын үй
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік тіл
Меншік ұғымы
Неке және отбасы
Азаматтық
Конституция және заңдар
VI кезең «Тіл өнері»
1. Бір қазаға екі ........ жоқ. (Жаза -наказание)
2. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ...... табар. (Куә-свидетель)
3. Мен ....... қылған күні ай жарық болды. (ұрлық-кража)
4. Би екеу болса, ........ төрттеу. (дау-спор)
5. Әр елдің ........ басқа, иттері қара қасқа (заң-закон)
6. Елшіге ...... жоқ (өлім -смерть)
7. Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар,
Жаманға сырыңды айтсаң, тар жерде ....... болар. (айғақ- доказательства)
8. Анық достың қадірін ............ болғанда білерсің. (жала-клевета)
9. ........... істің-арты игі.(әділ-справидливый)
7.Видео талқылау
Осымен бүгінгі зияткерлік сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын!
Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!