Файл: Сатау мерзімдерін крсете отырып, мемлекеттік жне мемлекеттік емес йымдар ызметінде жасалатын лгілік жаттар тізбесін бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 190

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 қарашада № 15997 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!

Осы бұйрық 01.12.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.04.2022 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10345 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолымен куәландырылған осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

міндетін атқарушы

А. Баталов

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар министрі

__________________ Д. Абаев

2017 жылғы 18 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

__________ А. Мырзахметов

2017 жылғы 10 қараша

 




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

______________ М. Бекетаев

2017 жылғы 23 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

_______________ Ж. Асанов

2017 жылғы 19 қазан

 




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

_____________ Е. Сағадиев

2017 жылғы 9 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

______________ Е. Біртанов

2017 жылғы 11 қазан

 




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Дін істері және азаматтық

қоғам министрі

___________ Н. Ермекбаев

2017 жылғы 5 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

________________ Т. Дүйсенова

2017 жылғы 10 қазан




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы

_________________ Қ. Мәми

2017 жылғы "__" _________

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

__________________ Ж. Қасымбек

2017 жылғы 13 қазан




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов

2017 жылғы 3 қараша

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрі

_____________ С. Жасұзақов

2017 жылғы "__" __________




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрі

___________ Б. Атамқұлов

2017 жылғы 6 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

__________________ А. Күреңбеков

2017 жылғы 30 қазан

 




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің төрағасы

_____________ Қ. Қожамжаров

2017 жылғы 20 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Президентінің Іс Басқарушысы

_______________ А. Бисембаев

2017 жылғы 10 қараша

 




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрі

________ Қ. Әбдірахманов

2017 жылғы 16 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Төрағасы

______________ К. Мәсімов

2017 жылғы 5 қазан

 




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

___________Т. Сүлейменов

2017 жылғы 31 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

_____________ Қ. Қасымов

2017 жылғы 6 қазан

 




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

__________ Қ. Бозымбаев

2017 жылғы 16 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі есеп

комитетінің төрағасы

________________ Н. Әбдібеков

2017 жылғы 17 қазан




"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Соты Төрағасының

міндетін атқарушы

__________ А. Рахметуллин

2017 жылғы 19 қазан

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

міндетін атқарушы

_________ М. Майкеев

2017 жылғы 27 қазан




 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
Министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 263 бұйрығымен
бекітілген


Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 11.07.2022 № 184 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тармақ нөмірі

Құжат түрі (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар)

Құжаттың сақталу мерзімі

Ескертпе

1

2

3

4

1. Басқару жүйесін ұйымдастыру

1.1. Норма шығармашылық және басқару қызметі

1

Заңнамалық актілер (Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің қаулылары)

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

2

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер:

1) қабылдау орны бойынша;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

3

Заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары (түсіндірме жазбалар, анықтама-негіздемелер, келісу парақтары және басқа құжаттар): 1) әзірленген орны бойынша;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

2) келісу жері бойынша;

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

3) қабылданған орны бойынша

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

4

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары (перспективалық, ағымдағы):

1) бекітілген орны бойынша;

5 жыл

Электрондық құжаттар.

2) әзірленген және қабылданған орны бойынша

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

5

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдері

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

6

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары Төрағаларының және олардың орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар :

1) тапсырманы орындау үшін жауапты мемлекеттік органда (ұйымда);

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Тапсырмада көрсетілген барлық мемлекеттік органдар (ұйымдар) тапсырманы орындау үшін жауапты болып табылатын жағдайларда, олар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тапсырманы орындау жөніндегі құжаттарды қағаз жеткізгіште және олармен бірдей электрондық құжаттар түрінде ұсынады.

2) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органда (ұйымда)

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

7

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және оның орынбасаларының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

8

Мемлекеттік органдар басшыларының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

9

Ұйым басшылығының құрылымдық бөлімшелерге тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

10

Мемлекеттік органдарға енгізілген бастамалық ұсыныстар және оларды әзірлеу жөніндегі құжаттар

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

11

Арнайы экономикалық аймақтар құру туралы құжаттар

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

12

Ұйым басшысының нормативтік емес құқықтық актілері (бұйрықтары мен өкімдері):

1) негізгі (өндірістік) қызмет бойынша;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

2) жеке құрам бойынша (жұмысқа қабылдау, тағайындау, оқуға қабылдау), жұмыстан босату (шығару), ауысу, аттестаттау, білім алу, біліктілікті арттыру, атақтар (шендер) беру, демалыстар, іссапарлар, тегінің (әкесінің атын) өзгергені, көтермелеу, марапаттау, еңбекақы төлеу, сыйақы беру, төлемдер, жәрдемақылар, тәртіптік жазалар қолдану мен алу туралы)

75 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

3) жеке құрам бойынша (іссапарлар, демалыстар, көтермелеу, біліктілікті арттыру, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік жазаларды қоспағанда, тәртіптік жазалар қолдану мен алып тастау туралы)

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

13

Ұйым басшысының нормативтік емес құқықтық актілеріне негіздер

1 жыл

Электрондық құжаттар*. Жеке құрам бойынша нормативтік емес құқықтық актілерге өтініштер – қағаз жеткізгіште.

14

Ұйым басшысының нормативтік емес құқықтық актілерін орындау туралы құжаттар

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

15

Мыналардың хаттамалары, шешімдері, ұсыныстары, қорытындылары, стенограммалары (аудиовизуалды жазбалар) және оларға қатысты құжаттар (анықтамалар, қорытындылар, баяндамалар және басқа құжаттар):

1) Қазақстан Республикасы Президентімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығымен шақырылатын отырыстардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

2) Қазақстан Республикасы Парламенті және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттері мен комиссияларының, Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының кеңестерінің;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

5) қоғамдық кеңестердің, тұрақты комиссиялардың, алқалардың, орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың өзге де консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

6) мәслихат сессиялары мен оның органдарының, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

7) республикалық бюджеттік комиссияның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

8) акционерлердің жалпы жиналыстарының, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, шаруашылық серіктестіктер құрылтайшыларының (қатысушыларының);

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

9) ұйымның комиссиялары, кеңестері, алқалық, атқарушы және консультативтік-кеңесші органдарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

10) ұйымның жұмыс топтарының, уақытша комиссияларының;

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

11) ұйым жұмыскерлерінің жалпы жиналыстарының (конференцияларының);

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

12) жария тыңдаулардың;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

13) азаматтардың жиналыстарының (жиындарының);

5 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

14) ұйым басшысындағы аппараттық (жедел) кеңестердің;

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

15) ұйымның құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің кеңестерінің

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

16

Халықаралық, республикалық, салалық съездер, симпозиумдар, конгрестер, конференциялар, кеңестер, семинарлар, конкурстар, мерейтойлық, салтанатты және басқа да іс-шараларды жүргізу бойынша құжаттар

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

17

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және техникалық реттеу

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

18

Ұсынымдар (оның ішінде әдістемелік), нұсқаулар, жадынамалар

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

19

Ұсыныстар (оның ішінде әдістемелік), қағидалар, нұсқаулықтар, нұсқаулар, жадынамалар және оларды әзірлеу жөніндегі құжаттардың жобалары

1 жыл

Электрондық құжаттар*.

20

Қазақстан Республикасы Президентімен, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары Төрағалары және олардың орынбасарларымен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысымен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысымен хат алмасу

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжат және онымен бірдей электрондық құжаттар.

21

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларымен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарларымен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысымен және оның орынбасаларымен хат алмасу

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

22

Жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, жоғары тұрған ұйымдармен қызметтің негізгі бағыттары бойынша хат алмасу

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

23

Ведомствоға қарасты (бағынысты) ұйымдармен, аумақтық органдармен және басқа да ұйымдармен қызметтің негізгі бағыттары бойынша хат алмасу

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

24

Ұйымның негізгі қызметі бойынша құжаттар

10 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

25

Ұйымның қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша құжаттар

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

 

1.2. Бақылау

26

Тексерулер жүргізу кестелері

3 жыл

Электрондық құжаттар*. Тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесі – тұрақты.