Файл: Экологиялы білім мен трбие беру мселесіндегі педагогикалы технологияларды маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіндегі педагогикалық технологиялардың маңызы
Есет Мөлдір Мейрамбекқызы,

7М01505-Биология ББ 2-курс магистранты

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ.

е-mail: eset.m@bk.ru
Жетекшісі: б.ғ.к. доцент Базарғалиева А.А.
Кілттік сөздер: экологиялық мәдениет, педагогикалық технология, оқыту.

Ключевые слова: экологическая культура, педагогическая технология, обучение

Keywords: environmental culture, pedagogical technology, training
Түйіндеме. Мақалада экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі, экологиялық мәдениет ұғымы және педагогикалық технологиялар, оқу материалын меңгеру деңгейлері, жаңа оқыту технологиялары, ғалымдардың пікірлері қарастырылған.

Резюме. В статье рассматривается проблема экологического образования и воспитания, понятие экологической культуры и педагогические технологии, уровни усвоения учебного материала, Новые технологии обучения, мнения ученых.

Abstract. The article discusses the problem of environmental education and upbringing, the concept of ecological culture and pedagogical technologies, the levels of assimilation of educational material, new teaching technologies, the opinions of scientists.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек», - деген еді. Көп ұзамай елімізде жаңа министрлік құрылды. Ол – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Тәрбие – әлеуметтік тәжірибе мен жалпыадамзаттық мәдениетті игеруге және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім алушыға әсер етудің ұзақ мақсатты процесі. Биология пәні мұғалімдерді білім алушылардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыруға дайындау бойынша экологиялық-теориялық, экологиялық-гуманитарлық, натуралистік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік мазмұндық бағыттарды қамтиды. Мұндағы, экологиялық-теориялық бағыт – жаратылыстану ғылымдарының жеке даму әлеуетін пайдалану болса, экологиялық-гуманитарлық бағыт – өнердегі табиғат әлемін түсіну, натуралистік бағыт – жабайы табиғатты зерттеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру, психологиялық-педагогикалық – экологиялық сана мен экологиялық педагогиканың психологиясын зерттеу, ұйымдастырушылық-әдістемелік бағыт – мұғалімнің технологиялық дайындығы болып табылады [1].


«Мәдениет экологиясы» терминін алғаш рет академик Д.С.Лихачев ХХ ғасырдың 80-жылдары ұсынды. Экологиялық мәдениет – әлеуметтік табиғи түзілім, оның құрылымы бір-бірімен өзара тығыз байланысты құрамбөліктерден тұрады: экологиялық білім, экологиялық мінез-құлық, экологиялық тәрбие, экологиялық сана, экологиялық сенім, экологиялық мәдениет, экологиялық қарым-қатынас, экологиялық іс-әрекет [2].

ҚР тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «Табиғат – қоғам – адам» арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жалға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіруде. Осыған орай, Елбасының Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «жалпы адамзаттық құндылықтың мән-мағынасын түйсінетін, ой-өрісі дамыған, білімді экологиялық мәдениетті тұлғаны қалыптастыру жаңа ғасырдың күн тәртібінде тұрған басты талабы» - деп көрсетуі бұл мәселенің көкейкестілігін айқындай түседі. «Мәдениет» - culture латын тілінен тәжімағалағанда «өсіру, өңдеу» деген мағынаны білдіреді. Мәдениет сөзін алғашқы рет теориялық ұғым ретінде Рим философы Марк Тулий Цицерон «Тускулан пікір сайыстары» (б.з.д. 45 ж.) еңбегінде қолданған. Ол кезде мәдениет ұғымы агротехникалық термин «жерді, топырақты өңдеу» деген мағынаны білдірген. Алайда Цицерон оны адамның ақыл-ойына әсер ететін ауыспалы мағынада қолданған. Мәдениет экологиясы терминін ұсынған Д.С.Лихачевтің пікірінше, адамгершілік факторынан құрылған адам тіршілігінің объективті негізі - мұраларды сақтау, сондықтан мәдениет экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырады. Экологиялық мәдениеттің классикалық анықтамасын И.П.Сафронов берген: «Экологиялық мәдениет рухани құндылықтарды, әлеуметтік институттардың барлық түрлерінің жүйесін және белгілі бір әлеуметтік бірліктің шеңберіндегі табиғатты танып-білумен, меңгерумен және жаңартумен тікелей байланысты адам іс-әрекетінің нәтижелерін көрсететін, адам, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипаты мен саналық деңгейін білдіретін жалпы мәдениеттің арнайы бөлігі». В.И.Вернадский бойынша экологиялық мәдениет ұғымы адамзат дамуының сапалық қасиеттерге ие болатын бағыттылық векторы деп саналды [3].

Жас буынның бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру жалпы адамзаттың, сонымен қатар, жеке адамның болашағы үшін маңызды қадам болып саналады. Қазіргі таңда қоғам мен мектеп алдында тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жаңа жолдарын табу мәселесі тұр. Экологиялық мәдениет бүгінде қоғамның үйлесімді дамуына ұмтылуды қамтитын экологиялық бағдарланған ойлауды және табиғаттың құндылығы мен маңыздылығын түсінуге және оның әлеуметтік ортамен және қоғаммен өзара тәуелділігін түсінуге негізделген экологиялық дүниетанымды білдіреді [4].



Экологиялық білім беру бойынша әдістемелер А.Н.Захлебный, И.Д.Зверев, И.Т.Суравегина, И.Н.Пономарева еңбектерінде жарық көрді [5].

Қазіргі кезеңде оқытудың жаңа технологиялары қолданылады. Олар: Ж.А.Қараевтың саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, көп деңгейлі оқыту, ынтымақтастықпен оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, көп деңгейлі оқыту және басқалары [6].

Оқыту технологиялары оқу процесінің мақсатына байланысты өзгеруі мүмкін. Олардың ішінде келесілерді ажыратуға болады:

1.Мәліметтердің үлкен көлемімен жұмыс істеуге, білімнің нақты жүйесін қалыптастыруға және білімге сүйенуге бағытталған ақпараттық және дамытушы технологиялар.

2.Белсенділікті арттыру мен тәуелсіз ойлауға бағытталған проблемалық оқыту технологиялары.

3. Кәсіптік немесе оқу іс-әрекетінің құралдарын игеруге бағытталған іс-әрекет технологиялары.

4.Оқыту процесінде жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыруға немесе жеке кемелдікке жетуге бағытталған технологиялар [7].

Білім беру процесінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдагу оқушылардың экологиялық мәдениетін көтерудің тиімді әрі маңызды шарты. Қазіргі таңда «педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген: Т.А.Бабакова атап өткендей кез келген педагогикалық технология белгілі бір педагогикалық концепцияға негізделеді. В.С.Безрукованың пікірінше, технология педагогикалық жүйенің барлық компоненттерін қалай байланыстыруды «біледі», технологияның өзі интеграция процесі болып табылады [8].

Н.А.Иванованың пікірінше, болашақ педагогтардың экологиялық дайындығы бастауыш білім беру «Жаратылыстану негіздері», «Экологиялық мәдениет негіздері», «Жаратылыстанудың заманауи тұжырымдамалары» т.б. пәндер бағдарламаларының ерекшеліктерін сәйкес олардың бойында экологиялық мәдениеттің барлық көлемін сапалы игеруіне бағытталуы керек [9].

Жалпы алғанда білім беру процесінде педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың шығармашылық, қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытады, интегративті білім негізінде мәселелерді әзірлеуге және шешуге үйретеді, нақты жағдайларды ескере отырып, мақсаттар, міндеттер қояды, іс-әрекеттерді жобалайды, талдау, рефлексия жүргізеді. Дәл осындай іс-шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызы зор болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ясвин В.А. Направления подготовки учителей биологии к формированию экологической культуры школьников. – 2019.

  2. Ақбасов А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алма-Ата, 2003. – 437 б.

  3. Исламова К.И. Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық әдістемелік негіздері. – Ақтөбе, 2016.

  4. Пуляев В.Г.Экология человека – путь к спасению жизни на Земле // Социально-гуманитарное знание. 2001, №1. С.23-42.

  5. Валуева Н.Н. Модель формирования экологической культуры учащихся в системе дополнительного эколого-биологического образования. – 2008.

  6. Абижанова К.С., Зейнелгабиденова А.Н. Білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар. – 2022.

  7. Олимов Ш.Ш., Дурдиев Д.К. Педагогические технологии. Бухара:Издательство “Садриддин Салим Бухари”, 2019. – 184 с.

  8. Кушникова Г.И. Педагогические технологии формирования экологической культуры студентов. – 2006. – 62 с.

  9. Чотчаева Р.Р., Урусова Ф.А. Экологическое воспитание бакалавров по направлению «Начальное образование» на примере изучения дисциплины «Естествознание». – 2020.