ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 31

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Есеп құрылымы



Мазмұны. Беттерді көрсететін есеп құрылымын көрсетеді.

Кіріспе: Практиканың мақсаты, міндеттері, орны және ұзақтығы.

Практика туралы есептің негізгі бөлігі 3 бөлімнен тұрады:

1) Ұйым туралы жалпы мәліметтер( атауы, құқықтық мәртебесі, негізгі қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасы); ұйымды басқарудың ұйымдық құрылымының сипаттамасы (схемалық түрде көрсету, бағыныштылық құрылымын белгілеу);

2) Практика барысында зерделенген материалдардың сипаттамасы. Студент практикадан өткен бөлімшенің функцияларын сипаттау; міндеттерді бөле отырып, бөлімшені басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы; практикадан өту кезінде студент атқарған/орындаған лауазым (жұмыс); студентке бекітілген функциялар;

3) жеке тапсырма негізінде орындалған жұмыстардың толық сипаттамасы (құжаттармен танысу, жекелеген құжаттарды жасау немесе жасауға көмектесу; практика кезеңінде лауазымды адамдар жүргізген нақты іс-шараларға қатысу; жекелеген тапсырмаларды орындау; дербес орындалған жұмыс түрлері).

Қорытынды. Студенттің өткен практикасына талдау, алған дағдылары мен білімдерін сипаттау, сондай-ақ студенттің практиканы ұйымдастыру және өзі үшін кәсіби маңыздылығы туралы пікірі бар.

Пайдаланылған дереккөздердің тізімі (практика барысында зерттелген және практика туралы есеп жасау үшін пайдаланылған дереккөздер көрсетіледі);

Қосымшалар (графиктер, схемалар, кестелер, иллюстрациялар, шарттардың жобалары, қызметтік құжаттаманың толтырылған бланкілері).

Кіріспе

Практика білім алушыларға қажетті құзіреттіліктерді қалыптастырудың қажетті кезеңі.  Оның мәні жаңа білім алуға және бұрыннан алған білімді шоғырландыруға негізделген.  Практика кезінде студенттер теориялық материалдарды жинақтап, практикалық дағдыларға ие болуы керек.  

Практиканың мақсаты - тиісті құзыреттерді қалыптастыру.

Қойылған мақсатқа жету келесі міндеттерді шешуге ықпал етеді:

  • алғашқы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру процесін талдау;

  • жұмыс жоспарын құру;

  • жұмысқа жауапкершілікпен қарау;

  • практика күндерінен қалмау

Практика мақсаты: Кәсіптік практика техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби қызметтің барлық түрлерінен білім алушылардың жан-жақты дамуы, жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруы, сондай-ақ білім алушылардың білім беру бағдарламалары бойынша қажетті дағдылар мен практикалық тәжірибе алмасуы, тәуелсіз ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын дамытуға бағытталған.

Компьютерлерді пайдалану басқару тиімділігін едәуір арттырады, бірақ ол адамның басқару процесіне белсенді қатысуын болжайды. Дәл осы адам өзінің қолындағы қосымша деректерді ескере отырып, әр түрлі дизайн нұсқаларын бағалау негізінде шешім қабылдайды.
Практика орны: Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округы

Практика басталу уақыты: 16 қаңтар, 2023 жыл

Практика аяқталу уақыты: 10 наурыз , 2023 жыл

"Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен өкімдер мен шешімдер қабылдайды.
7. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 080408, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Қазақстан көшесі, 72 үй.


9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
1) тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен қатар атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде ауылдық округ әкіміне көмек көрсету;
2) мемлекеттік егемендікті, конституциялық саланы қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
3) мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және ауылдық округтегі әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсатта жергілікті атқарушы биліктің барлық органдарымен үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық -саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
5) ауылдық округтің кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуын, азаматтар құқықтарының қорғалуын, олардың заңды мүдделерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті өкілді органдармен өзара іс-әрекет жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
15) Функциялары:

1) аудан әкіміне, әкімдігіне және жоғары тұрған органдарға олардың сұраған мәселелері бойынша ақпарат беру;
2) ауылдық округ әкімінің, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
3) ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органында тіркеуді және мониторинг жүргізуді қамтамасы

4) ауылдық округ әкімі аппаратының тәртіп жағдайына талдау жүргізеді және осы мәселе бойынша ауылдық округ әкімін ақпараттандыру;
5) ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын, отырыстарының, мәжілістердің, семинарлардың және басқа да іс-шаралардың өткізілуін жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру;
6) ауылдық округ әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
7) ауылдық округ әкімнің актілерін тіркеуді және таратуды жүзеге асырады;
8) ауылдық округ әкімнің отырыстарын, ауылдық округ әкімнің мәжілістерін, әкім күндерін, бақылау сағаттарын, құқықтық жалпыға міндетті оқытуды және өзге де іс-шараларды дайындауды және өткізуді жоспарлайды және ұйымдастырады, материалдарды, мәжіліс хаттамаларын ресімдеу және таратуды жүзеге асырады;
9) ауданның мемлекеттік органдарымен және ауылдық округ әкімнің аппаратының арасындағы ұйымдастыру және ақпараттық байланысты жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдарының, сонымен қатар, облыс әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімінің және әкімдігінің актілерімен тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру;
11) ауылдық округ әкімінің кіріс құжаттарын уақытылы қарауын ұйымдастырады, олардың алғашқы өңделулерін, алдын-ала қаралуын, тіркелуін, сақталуын, есебін, жеткізілуін және таратылуын жүзеге асыру;
12) ауылдық округ әкімі аппаратымен көрсететін мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
13) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру;
14) ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін және қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартуды, жұмыстан босатуды ұйымдастыру және жүргізу;
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есептеуді және қарауды қамтамасыз етеді, ауылдық округ әкімінің азаматтарды жеке қабылдау жүргізулерін ұйымдастыру;
16) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста ауылдық округ әкімінің, ауылдық округ әкімі аппаратының мүдделерін ұсыну;

2) ауылдық округ әкімінің және ауылдық округ әкімі аппаратының құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс, аудан әкімдері мен әкімдіктерінің, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
4) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;
5) әр деңгейдегі әкімдіктердің мәжілістеріне, жергілікті атқарушы органдардың алқаларына, жиналыстарына қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
7) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
8) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
9) мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;
10) ауылдық округ әкімінің және әкім аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;
11) Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болмайды.
19. "Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, азаматтармен өзара қарым-қатынаста аудан әкімі аппаратының атынан өкілдік ету және сенімхат беру;
2) әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуы және аппараттың өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;