Файл: Блім Тесіздіктер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

Теңсіздіктер

Мектеп:

Б.Сүлейменов атындағы ЖОББМ

Педагогтің аты-жөні:

Орынбасарова Г

Күні:

12.04.2023

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Рационал теңсіздік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу;

Сабақтың мақсаты:

1.Рационал теңсіздіктерді шешу туралы мағлұмат беру; 2.Рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуді түсіндіру; 3.Рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуді пайдаланып, есептер шығаруды үйрету;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақ-тастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Сиқырлы қалам» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Теорема

Егер  теңсіздіктің көбейткіші жұп дәрежелі болса, онда  функция осы көбейткіштің нөлінен оң жағынан сол жағына өткенде таңбасы сақталады.

Мысал 1

  • Теңсіздікті шешейік: (х-2)(х-3)(х-4)>0.

  • ОХ осінде 2;3;4 нүктелерін белгілейік

  • (4;+∞);(3;4);(2;3);(-∞;2) интервалдардың үстіне кезектесіп «+»; «-» таңбаларын жазамыз.

  • Жауабы:(2;3)U(4; +∞)




1. Квадрат үшмүшеде а 0 болса, парабола тармақтары қалай қарайды?

2. Квадрат үшмүшеде а 0 болса, парабола тармақтары қалай қарайды?

3. Квадрат үшмүшеде а = 0 болса, теңдеу квадрат теңдеу бола ма?

4. Квадрат теңдеуде b = 0 болса, қандай теңдеу болады?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

31 мин.

1-тапсырма

  • Теңсіздікті шешейік: (2-х)(х2-4х+3)(х+1)>0

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейік:

  • (2-х)(х-3)(х-1)(х+1)>0

  • Екі жағын -1-ге көбейтейік

  • (х-(-1))(х-1)(х-2)(х-3)<0

  • -1;1;2;3 нүктелерін белгілейік

  • Жауабы:(-1;1)U(2;3)

2-тапсырма

  • Теңсіздікті шешейік:(х-1)(х-3)(х2+х+1)<0

  • х2+х+1 тек оң мәндерді қабылдайды (D<0).

  • (х-1)(х-3)<0

  • Интервал әдісімен шешсек:

  • Жауабы:(1;3)

Оқулықпен жұмыс №

Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. .

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.



Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептерін сипаттап көрсетеді.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.