Файл: 2 Михаил Ломоносов атындаы орта мектебіні 10 А сынып оушысы Нрали Нрслтанны бот.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Нұрғали Нұрсұлтанның «БОТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӨНІМІ» тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына

Пікір:

10-cынып оқушысы Нұрғали Нұрсұлтанның ғылыми жоба жұмысына алып отырған тақырыбы бүгінгі күнде өте маңызды өзекті тақырып. Қазіргі кезде мобильді ортадағы чат-боттардың атқаратын қызметі зор. Түрлі компаниялар жұмысқа қызметкерлер алмай-ақ, оларға жалақы төлеуге ақша жұмсамай-ақ, тұтынушылармен жеке қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін чат боттарды қолданады. Ал, бот – бұл жасанды интеллект өнімі.

Жасанды интеллект саласындағы зерттеушілердің басты мақсаты - адам сияқты ақылға қонымды компьютерлер немесе адам сияқты саналы түрде ойлауға қабілетті бағдарламалар жасау. Жасанды интеллекттің негізгі бағыттарының бірі - адамның ақыл-ойымен байланысты компьютерлік функцияларды дамыту, мысалы: ойлау, оқыту және проблемаларды шешу. AI технологиялары жетілдірілуде, сондықтан чат-боттар, цифрлық көмекшілер күнделікті өміріміздің көбірек таныс бөлігіне айналуда.

Нұрсұлтан зерттеу жұмысын жазу барысында жасанды интеллект туралы көптеген әдебиеттер мен ғаламтор материалдарынмен танысып, жан-жақты ізденген. Оқушының жас ерекшелігіне қарасақ, ғылыми жоба жоғары деңгейде жасалынған. Себебі, чат-ботты жасау барысында оқушы Python бағдарламалау тіліндегі aiogram библиотекасын, SQLite3 деректер базасын, OpenWeatherMap онлайн сервисінің көмегіне жүгінген. Бұл бағдарламаларды оқушы мектеп бағдарламасынан игермеген. Өзі қызығушылық танытып, жан-жақты ізденіп, жасаған жобасы. Ал, мен, мұғалім, тек бағыттаушы рөлінде болдым. Оқушым боттың не үшін қажеттігін, жасанды интеллектті құрудың ашық қол жетімді мысалдарын зерттеп, табылған барлық материалдар негізінде өз ботын жасаған.

Нұрсұлтанның чат-боты мектебіміздің оқушыларына, мұғалімдеріне, ата-аналарына күнделікті сабақ кестесін көруге, мектеп жаңалықтарын естіп, күнделікті ауа-райы туралы ақпаратты білуге, мектеп әкімшілігіне сұрақтар беруге арналған.

Зерттеу жұмысы барлық арнайы талаптарға сай жазылған. Оқушым көп ізденіп, жұмысын өз жас ерекшелігіне сай орындай білген. Болашақта жетілдіру қажет тұстарына да тоқталған. Зерттеу жұмысының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауды ұсынамын.

Пікір білдіруші: Байсалова Айнура Асхатовна


№2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі