ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 11.02.2015 ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8а
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушы іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, ойын шапшаң, жинақы жеткізе білуге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істей білуге баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, парасаттылыққа тәрбиелей отырып, қасиетті домбыраны кие тұтуға, түйе малын қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, тарих, саз өнері. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрау-жауап, «Қоржын» ойыны, «Әдебиет лотосы» (Суреттеу, салыстыру, зерттеу, қолдану, оймен байланыстыру, талқылау), ПОСТЕР әдісі , СКТ технологиясы, кестелер толтыру т.б. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, Т.Ахтановтың портреті, домбыра, асық, қоржын. Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі а/ Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу. ә/ Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, бейімдеу ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, ат қою. Әр оқушы жұлдызша суыру арқылы тобын белгілеп алады.
І топ «Ұлағат» ІІ топ «Парасат» Топ басшысы: І.Толепбаева Топ басшысы: Қ.Тұрлыманова
Өткенді пысықтау.Тест сұрақтарына жауап алу. ІІІ. Жаңа сабақ Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.
Т. Ахтановтың өмірінен мағлұмат беру. Электронды оқулықтан көрсету.
«Аңыз» жайлы электронды оқулықтан тыңдату.
Әңгіменің мазмұнын баяндап беру.
1923 жылы | Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген |
1941 жылы | Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады |
1948-51 жылдары | Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған |
1951-53 жылдары | “Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы |
1953-54 жылдары | “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы |
1953-54 жылдары | “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы |
1954-55 жылдары | Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы |
1955-57 жылдары | Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы |
1957-58 жылдары | Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы |
1966 жылы | Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді |
ІІ. Ой қозғау
«Нар идірген» күйі тыңдалады.
І. Мағынаны ашу. Танып білу кезеңі «Қоржын» ойыны. Қоржыннан асық суырылады. Қай топ бірінші бастайтындығы белгіленеді. Оқушылар өз білімдерін көрсетеді, екі топқа сұрақ қойылып, топ мүшелері жауап береді. Түсініксіз сөздермен жұмыс. І топ «Ұлағат» Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.
Дұға – аман - саулық, сау-саламаттықты тілейтін құранның қысқа - қысқа аяттары.
Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.
Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.
ІІ топ «Парасат» Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы.
Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.
Жоны – арқасы, ту сырты. Сүйріктей - сүйкімді саусақтары.
ІІІ. «Әдебиет лотосы»
Автор: Т. Ахтанов
Шығарма аты: «Күй аңызы»
Кейіпкерлер: Естемес, Оразымбет, Жаңыл, шал, ботасы өлген аруана
Оқиға желісі: Ботасы өлген аруана сүт береді, Естемес жолын жас жігітке береді
Немен аяқталады:
Не суреттеледі: Кейіпкерлер бейнесі, нар бейнесі, күй құдіреті
Қандай тәсіл қолданады: Портрет, эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен бояуы, теңеу – жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ
Шығармадағы кейіпкерлердің портреттерін жазу.
Естемес - жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі
Оразымбет - астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік
Жаңыл - жасы он алты - он жетілер шамасында. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы. Үстінде жалаң көйлегі тозған
ІY.Қызығушылығын ояту . ПОСТЕР (Топ басшылар берілген тапсырманы қорғайды.) І топ «Ұлағат» Түйенің өсу жолы туралы не білесіз? - Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?
- Бота, мая, нар аруана.
Бота – түйенің төлі.
Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.
Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.
Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.
Нар – бір өркешті түйе.
Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.
ІІ топ «Парасат» Домбыра туралы не білесіз? Басы, ішегі, мойны, тілі , кеудесі болады. Екі ішекті немесе үш ішекті музыкалық аспап. 9,11,14,24 пернесі болады. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ. Жыр, терме, айтыс, толғау, күй шығармалар орындалады.
Y. Зерттеу. «Күй аңызы» әңгімесіндегі оқиғаның желісі. Әңгіменің композициялық құрылымын талдау. (оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)
-
Оқиғаның басталуы Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі. -
Оқиғаның дамуы Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі. -
Оқиғаның шиеленісуі Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы. -
Оқиғаның шарықтау шегі Жаңа күй Нар идіргеннің пайда болуы. -
Оқиғаның шешімі Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.
YІ. Қолдану. Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу І топ «Ұлағат» Естемес пен Оразымбет портретін табу ІІ топ «Парасат» Жаңыл мен қарт бейнесін табу.
YІІ. «Семантикалық карта» толтыру. Топ мүшелері тақтадағы картаны тез толтырады.
Шығармадан үзінді | Естемес | Қария | Оразымбет | қыз |
- Сізге қарттық қайда, Есеке? Әлі де біреуді айттыруға болады ғой. Алпыстағы Түлкібай да былтыр қыз алған жоқ па? | | | | |
- Апырым-ай, осы мал жарықтық күйге елігетіні болады деуші еді. Естеміс шырағым өнеріңді салып көрсең қайтеді. | | | | |
- Ақсақал, сіз де елде жоқ қолқа салып отырсыз. Мен де елде жоқ қолқа салайын. Осы күнге дейін жар сүймей келе жатыр едім... | | | | |
- Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар! | | | | |
YІІІ. Бекіту. Тест интервью
1 | Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? | Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты. |
2 | Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? | Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты. |
3. | «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. | Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді. |
4. | Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? | Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ. |
5 | Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі? | |
ІХ. Сабақты қорытындылау І топ «Ұлағат»
1. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл 2. Жазушыға қай шығармасы үшін мемлекеттік сыйлық берілді?
а) «Әке мен бала» ә) «Қаһарлы күндер» б) «Дала сыры»
3. «Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
4. «– Апырым - ай, мынауың, шынында да, елде жоқ қолқа екен» Қай кейіпкердің сөзі.
а) Естемес ә) Жаңыл б) Шал
5. «Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
6. «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы
а) Естеместің өмірі ә) өнер құдіреті б) қыз өмірі
ІІ топ «Парасат»
1. Т. Ахтанов тың ең алғашқы әңгімесі?
а) «Сәуле» ә) «Боран» б) «Күй аңызы»
2.«Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
3. Шығарма немен аяқталды?
а) Естеместің қызды алуы ә) Жігітке жолын берді б) Нарды идіре алмады.
4.«Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы
болар» Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
5.«Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
6. Т. Ахтановтың туылған жылы?
а) 1823 ә) 1913 б) 1923
Х. Бағалау Балаларға шығу парағын үлестіріп, жазбаша жауап алу
Бүгінгі сабақ ұнады ма? | Пікірің |
| |
ХІ. Үйге тапсырма Әңгімені оқу. «Қазақтың күй өнері» тақырыбында эссе жазу.
І топ «Ұлағат»
1. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл 2. Жазушыға қай шығармасы үшін мемлекеттік сыйлық берілді?
а) «Әке мен бала» ә) «Қаһарлы күндер» б) «Дала сыры»
3. «Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
4. «– Апырым - ай, мынауың, шынында да, елде жоқ қолқа екен» Қай кейіпкердің сөзі.
а) Естемес ә) Жаңыл б) Шал
5. «Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
6. «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы
а) Естеместің өмірі ә) өнер құдіреті б) қыз өмірі
ІІ топ «Парасат»
1. Т. Ахтанов тың ең алғашқы әңгімесі?
а) «Сәуле» ә) «Боран» б) «Күй аңызы»
2.«Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
3. Шығарма немен аяқталды?
а) Естеместің қызды алуы ә) Жігітке жолын берді б) Нарды идіре алмады.
4.«Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы
болар» Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
5.«Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
6. Т. Ахтановтың туылған жылы?
а) 1823 ә) 1913 б) 1923
І топ «Ұлағат»
1.В 2.Б 3.Б 4.А 5.А 6.Ә
ІІ топ «Парасат»
1. Б 2. Б 3.Ә 4.Ә 5.А 6.Б
І топ
«Ұлағат»
ІІ топ «Парасат»
І топ «Ұлағат» Түйенің өсу жолы туралы не білесіз?
ІІ топ «Парасат» Домбыра туралы не білесіз?
№ | Бөлімдер | ||||||||||
І | ІІ | ІІІ | ІҮ | Ү | ҮІ | ҮІІ | ҮІІІ | ІҮ | Х | ХІ | |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. | | | | | | | | | | | |