ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 89
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоспар
Кіріспе
Қарағанды облысының тарихы
Негізгі бөлім
а) Тың жылдарындағы Қарағанды
б) мәдени орталықтары
в) халықтың әлеуметтік жағдайы
Қорытынды
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы 428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы.
Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі
Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш-Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі-Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы, Қу, Қарақуыс тауы, Қызылтас тауы, Қызыларай тауы т.б. көптеген таулар алып жатыр.
Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш-Ертіс су айрығынан басталып, Теңіз-Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол салалары - Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері.Облыстың оңтүстік-шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады.
Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс экономикасының ірі орталығы.
Халқының саны 1 миллион 381,6 мың адам,оның ішінде 1 миллион 138,5 мың адам қалаларда тұрады.
Облыста республика халқының 9% -ы тұрады. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км ².- 3,2 адамнан келеді.
Қалалары : Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск .
Қарағанды облысында қазақтардан (37,6 %) басқа көптеген ұлт өкілдері мекендейді: орыстар (43,6%), украинлар (5%), беларусьтер (4.0%), немістер.(0.2%) , басқалары (7.5%).
Облыс республикадағы марганецтің баланстық қорының 100 пайызын, вольфрамның 80, молибденнің 64, қорғасынның 54, мырыштың 40, мыстың 36, көмірдің 32, соның ішінде коксті көмірдің 100, баридің 70 пайызының қоры бар.
Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика,қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ-өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды.
Қарағанды облысы 2001 жылы республикада жалпы ішкі өнімнің 10,1% -ын (290,6 млрд.тенге) берді.
Облыстың энергетикасы жергілікті көмірге негізделген. Ірі аудандық және жылу электр станциялары Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Тентек, Топар, Қаражал елді мекендерінде, ұсақтары Қарсақбай, Атасу, Жамбыл, Мойынты, Сарышағанда орналасқан. Өнеркәсіптің басты салаларының бірі-көмір өндіру, кокс шығару. Түсті металлургия мыс кендерін өндіру мен қорыту және полиметалл мен сирек кездесетін металл кентастарын шығару мен байыту салаларынан тұрады.Облыста мыс өнеркәсібі екі орталықта дамыған. Оның біріншісі «Қазақмысә корпорациясына қарайтын Жезқазған кен-металлургия комбинатында. Оның құрамында Жезқазған кентінде, Сәтбаев қаласында 10-ға жуық механикаландырылған шахталар, екі карьер, екі байыту фабрикасы, мыс қорыту зауыты бар. Екіншісі-«Балқашмыс» кен-металлургия комбинаты. Оның құрамында Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл карьерлері, байыту фабрикасы, мыс қорыту, қақтау зауыттары бар. Жезқазған,Балқаш кен-металлургия комбинаттары мыс балқытумен қатар таза алтын, күміс, т.б. сирек металдар алумен шұғылданады.
Полиметалл мен сирек кездесетін металдарды өндіру өнеркәсібі дамып келеді. Оныің ірі орталығыАқжол (қорғаысн, мырыш), Ақшатау, Жамбыл (вольфрам, молибден), Қарағайлы, Жоғарғы Қайрақты (полиметалл, сирек металдар). Облыста Балқаш, Жезқазған, Теміртау зауыттарынан шығатын газ, әк-тас, минералды түз кендерінің негізінде химия өнеркәсібі дамып келеді. Химия кәсіпорындарынан Теміртауда химияда химия- металлургия зауыты, «Қарағанды химя өнеркәсібі» ЖШС-і, Саранда екі машина жөндеу зауыттары бар. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары негізінен Қарағанды қаласында орналасқан. Мұнда құю-машина жасау зауыты, «Қарағанды кен-машина-ИТЭКС» ААҚ, Энергия, сауда-техника комбинаты,турбо-механикалық, Пархоменко атындағы машина жасау, көмір машинасын жасау, №1 машина жасау, тұрмыстықтехника заттары, Теміртауда «Шығысэнергияжөндеу-SEE», «Энергияжөндеу-Т» ЖШС-рі, «Энергоприбор» өндірістік кооперативі, Жезқазғанда «Салаларалық өндіріс-өндіру фирмасы» өндіріс кооперативі жұмыс істейді. Облыс қалаларында және кейбір ірі кенттерде,аудан орталықтарында тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспаханалар жұмыс істейді. Балқаш көлінде балық ауланады.Ол Шашубай кентіндегі (Балқаш қаласы жағалауында) балық зауытында өңделеді.
Қарағанды облысында 95 аурухана, 359 амбулатория мен емхана болды Оларда 5777 дәрігер, 10866 орта медициналық мамандар жұмыс істеді. 298 кітапхана, қазақ, орыс драматетрлары, филармония, музыкалық комедия театры. 33 клуб пен мәдениет үйі, 8 мұражай, цирк бар. 1931 жылдан 2 облыстық («Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда») және бір қалалық (Темиртауский рабочий») газеті шығады.Бір сөзбен айтқанда, Қарағанды қаласының облыс орталығы болуы оның жан-жақты, түрлі салада дамып, одан әрі өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.
Тың
Елуінші жылдардың орта шенінде облыстың топырағы құнарлы бөліктерінде тың игеру науқанының басталуы елеулі оқиғалардың бірі болды. Осынау іс жері егін өсіруге қолайлы Нұра және Осакаров аудандарында кең өріс алды. Алғашқы тың шаруашылықтары «Донской», «Родниковский», «Киевский», «Энтузиаст», «Шахтер», «Индустриальный», «Шербаковский», «Киргизия» т.б. құрылды.
1954 жылы Жезқазғанға қала мәртебесі берілді. 1957 жылдың 3 желтоқсанында Кеңес одағындағы ең ірі металлургиялық зауыт Қазақстан Магниткасында бірінші домнаның іргетасы қаланды.
1958 жылдың қазан айында облыс Ленин орденімен марапатталды. Ол астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін өндірудегі зор жетістіктер үшін берілген еді.
Ұлттық-мәдени орталықтар
Қарағанды облысы бойынша 55 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді. 20 орталықта кешкілік мектептер жұмыс жасайды.Әр мектепте оқып үйренушілер саны орта есеппен 25 адамды құрайды.
Аса белсенді ұлттық-мәдени орталықтарға Қарағанды қаласы, Жезқазған қаласы, Сатпаев, Теміртау, Бұхар-Жырау аудандары кіреді.
2007 жылдың 16 қарашасында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа жиыны өтті.Алқалы жиында Ақтөбе облысы денсаулық сақтау департаментінің басшысы Қ. Сабырдың, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры М. Шайдаровтың, Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Ш.Исмаиловтың, ҚР ДСМ Емдеу алдын алу ісі департаментінің директоры Ж. Исмаиловтың, МСЭҚК төрағасы А. Белоногтың, «Қарағай » республикалық оңалту орталығының бас дәрігері Қ. Құрмановтың туберкулезбен күрес шараларын іске асыру мәселелері туралы баяндамалары тыңдалды. Жиында 2007 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша республика көлемінде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын, туберкулез сырқатына ұшыраған науқастар саны мен өлім-жітімнің төмендегені анықталды.
Денсаулық – зор байлық
Республика бойынша туберкулез ауруына ұшыраған науқастар деңгейі 3,6 пайызға төмендеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында сырқаттанушылар саны едәуір азайған. Еліміз бойынша туберкулез ауруынан қайтыс болған адамдар саны 9,3 пайызға төмендеді. Бұл 2006 жылғы 20,1 пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда 18,3 пайызды құрайды. Алғаш анықталған сырқаттардың арасында, әсіресе Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, және Солтүстік Қазақстан облыстарында туберкулездің асқынған нысанының үлес салмағы 33,3 пайызға азайды.
Алайда, елде туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында туберкулезбен ауыратын науқастар санының деңгейінің өсуі байқалады.
Жалпы мультирезисентті туберкулездің өсуі барлық өңірде жалғасуда. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап есепте 8 мың сырқат тұрады. Биылғы жылы шамамен 1,5 мың науқас емдеуге алынды. 9 айдың ішінде көптеген дәрілік тұрақтылығы бар туберкулездің 923 жаңа жағдайы анықталды.Облыстағы эпидемиологиялық жағдайға туберкулезбен ауыратын науқастар, пенитенциарлық жүйенің тубмекемесінен босатылғандар, 30 пайыздан аса сотталған адамдар, ауруы бойынша босатылғандар әсер етеді. Олар көрсетілген мекен-жайға жетпейді, яғни бақыланбайды.Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастар контингентінде қайталап ауыратындардың үлес салмағы сақталуда (Ақтөбе-4,8, Қарағанды-6 пайыз). Туберкулезбен ауыратын адамдар қайталап аурудың тууының негізгі себептері сәтсіздік, емдеудегі үзілістер, диспансерлік бақылаудан «қол үзу» болып табылады, бұл туберкулезге қарсы мекемелердің БМСК ұйымдарының тиімсіз жұмысы мен МСЭҚД тарапынан бақылаудың төмен екендігін білдіреді. Ұлттық тіркелімнің деректері бойынша бактерия бөлінетін өкпе туберкулезінің жаңа жағдайының емделу көрсеткіші Ақтөбе облысында -70, Қарағанды облысында-47, нысаналы көрсеткішінде-85 пайызды құрайды.
Алқа жиынының соңында барлық мәселелерді талқылап арнайы қаулы қабылданды. Атап айтсақ, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының денсаулық сақтау мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің жұмысы жеткіліксіз деп танылды. ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне (А.Г. Белоног) туберкулезге қарсы күрес жөнінде жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру және үйлестіруді жақсарту, жұқпа бар обьектілер мен ошақтарда індетке қарсы іс-шараларды күшейту бойынша кезек күттірмейтін шаралар қолдану жүктелді.
2008 жылғы 1 ақпанға дейін суперрезистенттік туберкулезбен ауыратын сырқаттарға арналған хоспис (бөлімше немесе аурухана); Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында мәжбүрлі емдеу бөлімшесін ашып, туберкулезге қарсы мекемелердің төсек қорын қайта құру мерзімдері көрсетілген кестені ұсынуға тапсырма берілді. Сондай-ақ, Астана және Алматы қалалары мен облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттеріне бактерия шығаратын сырқаттарды тексеру және емдеу, туберкулезге қарсы стационарларда індетке қарсы тәртіпті сақтау мәселелері бойынша туберкулезге қарсы күрес жөніндегі алдын-алу және індетке қарсы өткізілетін іс- шараларды тиісті бақылауға алуды тапсырылды.
| Қарағанды қаласын дамытудың перспективасы. Жергiлiктi атқарушы органдардың экономикалық саясаты экономикалық өсудiң барынша жоғары қарқынына жетуге, негiзiнен өнеркәсiп құрылымында оң өзгерiстерге жетуге, инвестициялық бағдарламаларды iске асыру, шағын және орта бизнестi одан әрi дамытуға бағытталған. Өнеркәсiп. Қаланың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бойынша 2007 жылы өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемi 85.6 млрд. теңге болады (2006 жылымен салыстырғанда 109,7%). Бүкiл дүниежүзiлiк сауда ұйымына енуге қала экономикасының салаларын даярлау мақсатында кәсiпорындар мен ұйымдарда ISO 9000 сериялы менеджмент сапасының стандартына енгiзуге байланысты үгiт-түсiндiру жұмыстары жалғасады. 2007 жылы сертификация алуға қаланың 9 кәсiпорны кiрiсiп, 10 кәсiпорын оқудан өтедi. Шағын кәсiпкерлiк. 2007 жылы шағын кәсiпкерлiктi дамыту мынадай бағыттарда жүргiзiледi: – шағын бизнес кәсiпорындарында ISO 9000 менеджмент сапасы стандартын енгiзу; – өндiрiс саласында шағын кәсiпкерлiктi дамыту; – бизнес, билiк және қоғам арасында қарым-қатынастың жаңа үлгiсiн қалыптастыру (кәсiпкерлiк инфрақұрылымын дамыту). Халықты әлеуметтiк қорғау. Бұл мiндеттi орындау үшiн 2007 жылы 10700 жұмыссызды еңбекке тарту, қоғамдық жұмыстарға 1000 жұмыссызды жiберу, еңбек қызметтерi арқылы 1500 адамды оқыту. Бiлiм беру. 2007-2008 жылдар «Көгiлдiр тоғандар» шағын ауданында 240 орындық балалар бақшасын салу жоспарланып отыр. Қалада еңбек рыногындағы жұмысшылар мен мамандардың сұранысын зерттеу, мектеп бiтiрушiлердi еңбекке орналастыру жұмысы жалғасып, алынған мәлiметтер негiзiнде жаңа оқу жылында мамандар қабылдау жоспары анықталады. Мәдениеттi дамыту. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында тiлдердi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға 2007 жылы жергiлiктi бюджеттен 1118 мың теңге бөлiнедi. 2007 жылдың бюджетiнде соңғы жылдары бiрiншi рет демалыс қызметiн дамытуға қаржы бөлiндi. Атап айтқанда, Қарағанды қаласындағы демалыс және мәдениет паркiн қайта жөндеуге 222594 мың теңге және қалалық хайуанаттар паркiн жөндеу жұмыстарына 104912 мың теңге бөлiндi. Көлiк. 2007 жылы жолаушылар тасымалдау жүйесiн жетiлдiру, қазiргi маршрут жүйелерiн ықшамдау, жолаушылар тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қызмет мәдениетiн жақсартуға арналған шаралар қарастырылды. Жаңадан 3 бағдаршам объектiсiн салу, 626 жол белгiлерiн орнату жоспарланып отыр. Бұл қаладағы қозғалыс қауiпсiздiгiн жақсартуға мүмкiндiк бередi. Жолдар. Жыл iшiнде ұзындығы 66,8 шақырым 31 жолды орташа және ағымдағы жөндеуге 780 млн. теңге жұмсалады. Авто жолдарды ұстап тұруға үстiмiздегi жылы 632 млн. теңге бөлiндi (жалпы көлемi 4041,7 мың шаршы метр). Коммуналдық меншiк. Коммуналдық меншiктi басқару саласында мынадай мақсат қойылды. Жергiлiктi бюджетке мемлекеттiк коммуналдық меншiктi жекешелендiру арқылы қала экономикасына инвестиция тарту. Тұрғын үй саясаты. Түрлi топтағы тұрғындарға арналған қазiргi тұрғын үй құрылысы жалғасып, бұл инвестициялық сұраныс көздерiн қалыптастыруға кепiлдiк болып тұрғындардың қаржысы және кәсiпорындардың қолдауы арқылы экономиканың өнiмдiк циклына мүмкiндiк бередi. Қарағанды қаласын дамытудың стратегиясы. Қалада 2005 жылға дейiн сыртқы және iшкi рыноктарды дамыту есебiнен әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын жасау жұмысы жүргiзiлуде. Оған мыналар енедi: – экономикалық потенциалдың тиiмдi кеңiстiгiн қалыптастыру және қаланың аймақтық экономикасы анықтауына байланысты тұрғындарды орналастыру; – бәсекеге қабiлеттiлiк тұрғысынан облыс экономикасындағы қаланың жағымды дамуы; – БСҰ-ға кiру үшiн қала экономикасының даму салаларын болжамдық анықтау; – кластерлердi қалыптастыру мен дамыту және аймақтық экономиканың тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтеру. Қаланың жақсы дамуын нығайту мақсатында 2000 жылдан бастап жыл сайын қаланың әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары жасалып, өзiнiң оң нәтижесiн берiп келе жатқан басым бағдарламалар жасалуда. 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қарағанды қалалық мәслихатының шешiмiмен 2007 жылға мынадай экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалар бекiтiлдi: – «Қарағанды қаласы тұрғындарын еңбекпен қамту және әлеуметтiк қорғау»; – «Бiлiм беру, мәдениет, тiлдердi дамыту, спорт, жастар» кешендiк бағдарламасы; – «Қарағанды қаласының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдау»; – «Қарағанды қаласын абаттандыру және жолдарды дамыту»; – «Жолаушылар көлiгiн дамыту». Қалада iске асырылатын барлық әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламалары тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Қол жеткен табыстар мен алдағы жоспарлар – бұл барлық қала тұрғындарының жұмыс нәтижесi. Қаламыздағы әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламалары олардың тұрмысын жақсартуға бақытталады. Барлық қарағандылықтар өз қаламыздың гүлденуiне жұмыс iстейдi деп сенемiн. |