Файл: араанды облысыны тарихы Негізгі блім.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 90

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қарағанды қаласының паспорты

Қарағанды қаласы – индустриалдық-өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени аудан орталығы.
1934 жылдың 14 ақпанында Қарағанды ауылы ВЦИК Президиумның каулысы бойынша қала болып өзгертілді.
Қарағанды қаласы мен астанамыз Астана ара қашықтығы 222 км.
Қала аумағы – 543,28 шаршы км.
2007 жылының 1 қантарына халық саны 453,3 мың адамға жетті, сондай-ақ Қазыбек би ауданы бойынша 245,3 мың адам, Октябрь ауданы бойынша 208,0 мың адам.
Ең алғаш 1999 жылы өткізілген ұлттық халық санағы бойынша ер адамдар 46,1%, ал әйел адамдар – 53,9%, құрады, соның ішінде 113 ұлт өкілдері тіркелді.
Қарағанды қаласының бедерлі аумағы қазақтың ұсақ таулар жерлерімен Кенгіз-Балхаштың кеңістігінде орналасады. Сол жақта төмен ұсақтаулар орналасқан. Басқа аумақ жазық жер.
Гидрографиялық тор Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, Солонка, Безымянка, Федоровтық су қоймаларымен, ЦПиКО көлімен және Көгілдік көлдермен көрвсетілген.
Қала климаты ыстық, қапырық жазбен және қатал ұзақ қысымен сипатталады.
Қала экономикасы индустриалды бағытқа ие, өңдеушілік, кен қазушылық өнркәсібі, өндіру секторы мен электроэнергияны бөлу, газ, су үлкен рөл атқарады.
Жетекші өндірістік кәсіпкерліктер болып ЖШС «Қарағанды Жылу», ЖШС «Қарағанды ЖШС», ААҚ Қарағанды маргарин зауыты, ЖАҚ «Эфес Қарағанды сыра зауыты», АҚ «Қарағанды кәмпиті», ЖШС «Қарағанды Су», ҚФ Металл құру зауыты «Имтальком» АҚ.
Қала бойынша 10 371 шаруашылық субъектісі тіркелген, оның 7 232 әрекет етеді.
47 286 адам өнеркәсіппен шұғылданады. Өнеркәсіп өнім көлемі 2006 жыл бойынша 78,6 млрд. теңгені құрады.
Ауылшаруашылық өнімдерін өндеумен ЖШС «Қарағанды Нан Корпорациясы», ЖАҚ «Зерновой фонд Караганды», ЖШС «Ақнар», ЖШС «Мади LTD», ЖШС «Номад», КХ «Бернев», ЖШС «Қарағандылық сүт комбинаты», ЖШС «Нұрхат», ЖШС «Мутлу Маркетинг».
Қалада 26 771 тұрғын үй бар, оның ішінде 24 227 жеке секторлы, дербес оңашаланған үйлер мен 2 494 көпқабатты тұрғын үйлер және оларға 316 КСК қызмет көрсетеді.
2007 жылы 179 462 шаршы метр тұрғын үй салыну жоспарланып отыр.
Қаланы жылу энергиясымен қамту жалпы күштілігі 440 МВт орнатылған ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 жүзеге асырады.
Сутартқыш торлардың ұзындығы – 971,8км., канализациялық тор – 636.76км., сыртқы газ торлары – 150.5км.
Қалалық телефондық тор 335 мың телефон нөміріне қызмет көрсетеді.
Темір жолдар ұзындығы 53,1км. Автокөлік жолдары 353,3км.
«Б» класты, 1 сағатта 1 300 жолаушы өткізіп тұратын аэропорт бар.
Қалада 39 денсаулық сақтау орталықтары, 15 жоғарғы оқу орындары, 80 орта білім мектептері, 18 колледж, 12 кәсіби мектеп, 38 мәдениет объектілері, 696 спорттық құрылыс қызмет атқарады.

Телерадиохабары 14 электронды ЖАҚ жүргізіледі, соның ішінде 10 телеканал,4 радиостанция, 128 басылым басылынады.
Қала аумағында 50 тарихи және мәдени ескерткіштер бар: Мәдениет сарайы, Н. Әбдіров атындағы спорт сарайы, к. Станиславский мен С.Сейфуллин атындағы театр, «Чайка» жатақханасы, «Шахтерская слава», Цирк ғимараты, Шахтер стадионы, Н. Әбдіров, Ғ. Мұстафин, А. Байжановқа арналған ескерткіштер, жауынгерлер даңқы «Мәңгі жалау», Тәуелсіздік стеласы т.б.
Ежелгі тарихы бар объектілер қала аумағында жоқ.
Қалада саяси партиялардың 8 филиалы қызмет атқарады, 241 мемлекеттік емес өндірістер, 67 діни бірлестіктер, 18 ұлттық – мәдени орталықтар, 24 салалық профсоюздық бірлестіктер бар.
Этникааралық және конфессионалдық арақатынастар өңірде тұрақты.

Әдебиеттер:
Байдалы С. Өлке өмірі-өз көзімізбен=Летопись края.:камерой и словом.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998.- 192 б.

Жанғожин А. Қазыналы қара шаңырақ / А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2004.-146 б.

Жанысбай С. Сарыарқаның самалы.-Қарағанды : Арко, 2003.-223 б.

Жасампаз жылдар жылнамасы: Қарағандыға- 65 жыл=Летопись трудовых свершений: Караганде-65 лет. / құрастырған А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды: Болашақ-Баспа,1999.-96 б.

2000-2001 жылдардың басындағы Қарағанды облысының қалалары, аудандары, аудан орталықтары мен кенттерінің халық саны=Численость населения Карагандинской области по городам,районам, районным центрам и поселкам на начало 2000-2001 годов.-Қарағанды, 2001.

Қарағанды. Қарағанды облысы //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған.-Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2003.- Т.Ү .-551-566 б.

Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / Бас ред. Р. Нұрғалиев.-Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1990.-285-343 б.

Қазыналы құтты өлке. Қарағанды облысы =Край солнечного камня. Карагандинская область.-Алматы: Өнер, 1987.-156 б.

Қарағанды облысының қорғауға алынған өсімдіктері.-Қарағанды, 1993

Қарағанды (қала туралы дерек) //Қазақ совет энциклопедиясы / Бас редакторы М. Қаратаев -. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы, 1975- Т.ҮІ .-468 - 472 б.

***

Ажарың алты алашта дараланды, жетпісің құтты болсын, Қарағанды! // Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.

Асауов Д. Қарағанды қарқынды құрылыстар қарсаңында //Орталық Қазақстан.-2006.-4 мамыр.



Досмағамбетов С. Кенді өлкенің кемелдену кезеңдері //Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.

Ерниязқызы Г. Туған қалам:[өлең] //Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.

Жанғожин А. Қарағанды сәнді қала болуға тиісті // Орталық Қазақстан.-2006.-31 қаңтар.

Зинчук Е . Үш жүздің басын қосар жер. Этнобақ //Орталық Қазақстан.--2001.-11 тамыз.

Лұқпанов Е. Кеншілер мекені—облыс орталығы //Орталық Қазақстан.-2006.-16 наурыз.

Мұхамеджанов К Келешегі кемел кенді аймақ // Қазақстан әйелдері.-2005.-№ 12.-2-5 б.

Михеева Л. Облыс осылай құрылған /Л.Михеева, Лұқпанов Е //Орталық Қазақстан.-2006.-25 сәуір.

Мақаш Д. Елбасы және Қарағанды //Орталық Қазақстан.-2004.-14 ақпан.

Мұғалімжан С. Көмірлі кентімізге жетпіс жыл толды / С.Мұғалімжан, А. Бибітханақызы //Азия-транзит.-2004.-№2.-2-4 б.