Файл: Пн атауы Жалпы дрігерлік практикадаы оториноларингология 2 аралы баылау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Е. Көмей параличі
40. Науқас 45 жаста, темекі тартудан үлкен стажы бар, тамағының қарлығуына шағымданады. Жергілікті жане жалпы салқындағаннан кейін жиі өршитін ларингиті бар. Қарағанда көмей кілегей қабаты өзгермеген, ожаутәрізді шеміршектер аралығында тісті шеттері бар валик тәрізді гипертрофияланған түзіліс анықталды. Дауыс қатпарлары қалыңдаған, қозғалысы сақталған, бірақ аздап шектелген. Диагноз қойыныз?

А. Созылмалы гипертрофияланған ларингит

В. Пахидермия

С. Көмей фибромасы

Д. Созылмалы атрофияланған ларингит

Е. Гиперпластикалық ларингит
41. Науқас 30 жаста, жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне түсті. Көмейдегі қатты аурсынуға, сұйық тағамдарға қақалуға, дене қызуының 380C ге дейін көтерілуіне шағымданады. Жағдайының төмендеуін түнгі уақытта тұншығумен байланыстырады. Науқастың айтуы бойынша ЖРАдан кейін жедел ауырды. Тікелей емес ларингоскопияда көмей кілегейі айқын гиперемияланған, ісіңкі, көмей қатпарлары, бөбешік аймақтары инфильтрацияланған, бөбешік қозғалысы шектелген. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған. Сіздің болжам диагнозыныз?

А. Жедел ларингит

В. Көмей баспасы

С. Жедел эпиглоттит

Д. Лакунарлы ангина

Е. Жедел ларинготрахеит
42. Науқас 62 жаста, сұйық тағамдарға қақалады, көмейдегі бөгде дене тұрған сияқты сезімге, дауыс қырылына шағымданады. Біршама уақыттан соң жұтынғандағы ауырсыну қосылды. Ауырғандық күшейді, кейде құлаққа беріледі. Соңғы уақытта дауыс қарлығуы қосылды. Тікелей емес ларингоскопияда бөбешіктің көмей беткейіне қараған қатпарында бүдірлі түзіліс анықталды, ол оң жақтағы вестибулярлы бөлікке таралады. Б олжам диагнозыңыз?

А. Көмей пахидермиясы

В. Созылмалы гипертрофияланган ларингит

С. Көмей обыры

Д. Көмей кистасы

Е. Көмей полипі
43. 42 жастағы науқас химилық зауытта кәсіптік авариядан кейін қабылдау бөлімшеге шұғыл жеткізілді. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, мазасыз, дауысы қарлыққан, тыныс алуы шулы, инспираторлық ентікпе, тыныс алу жиелігі минутына 24-26 рет. Бет және мойын аймақтарының терісінде химиялық күйік іздері байқалады. Көмей мен жұтқыншақты қарағанда кілегей қабаттар ісінген, әр жерінде лас-сарғыш түсті жабындылар байқалады, белгісіз заттың жағымсыз иісі анықталады. Көмей бөліктері ісінуге байланысты көрінбейді. Сіздің диагноз? Емдеу тактикасы?

А. Өңештің химиялық күйігі. Дезинтоксикациялық терапия

В. кеңірдектің химиялық күйігі. Дезинтоксикациялық

С. Көмейдің аллергиялық ісінуі. Антигистаминді препараттар


D. Көмей мен жұтқыншақтың химиялық күйігі. Трахеотомия. Дезинтоксикация.

E. жарақаттан кейінгі ларингит. Трахеотомия. Антибиотиктер.
44. Науқас ЛОР кабинетіне жұтынған кезде тамағының ауруына шағымданып келді. Бір сағат бұрын балық жеп, жұтқыншақта қатты ауырғандықты сезген. Обьективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тынысы еркін. Тікелей емес гипофарингоскопияда сол жақ алмұрттәрізді синуста бөгде дене (балық сүйегі) көрінеді. Диагноз? Қандай көмек көрсету қажет?:

А. Көмейжұтқыншақ бөгде денесі. Бөгде денені эндоскопия арқылы алып тастау.

В. Ауыз жұтқыншақ бөгде денесі. Бөгде денені механикалық жолмен алып тастау

С. Көмей бөгде денесі. Бөгде денені эндоскопия арқылы алып тастау

Д. Мұрын жұтқыншақ бөгде денесі. Бөгде денені бронхоскопия арқылы алып тастау

Е. Жұтқыншақтың артқы қабырғасының бөгде денесі. Бөгде денені пинцетпен алып тастау
45. 38 жастағы науқас төбелес кезінде көмей аймағына қатты соққы алған. Келесі күні науқас емханада ЛОР дәрігеріне қаралады. Инспираторлық ентікпе байқалады. Науқас мазасыз, тахикардия анықталады. Көмейді қараған кезде: дыбыс саңылауын көмей кіреберісінде кілегей асты гематома жауып тұр. Диагноз? Емдеу тәсілдері?

А. Көмей гематомасы. Трахеотомия. Антибиотиктер, анальгетиктер

В. Жедел фарингит. Жергілікті ем.

С. Көмейдің аллергиялық ісінуі. Антигистаминді препараттар

D. жедел ларингит. Антибиотиктер

E. Көмей арты абсцессі. Абсцессті ашу, антибиотиктер.

  1. Науқас соңғы 8 жыл бойына жылына 2-3 рет қайталанатын,жоғары температурамен өтетін,жиі ангинаға шағымданады. Соңғы ангинасы 5 ай бұрын болған, сол кезде субфебрилді температура, жүрек аймағында ауырсыну болған.Таңдай кілегей қабығы бойының орнықты гиперемиясы, бадамшалардың I дәрежесі дейін ұлғаюы,доғашықтармен жабысқан,лакуналардағы ірің анықталды.жоғарғы мойын лимфа түйіндері ұлғайған,тығыз,ауырсынусыз.Сіздің диагнозыңыз?

А. Созылмалы компенсацияланған тонзиллит

В. Созылмалы аденоид

С. Созылмалы декомпесацияланған тонзиллит

D. Созылмалы фарингит

E. фарингомикоз

  1. 14 жастағы науқасты тамағындағы қышу және күйдірусезімі мазалайды.Бұл сезімдер өткір тағамдар қабылдағаннан кейін немесе тонғаннан кейін жиі көрініс береді.Обьективті:жұтқыншық кілегей қабығы сәл гиперемияланған.Бадамшалары аздап ұлғайған,жабындысыз,тығынсыз,жұтқыншақтың артқы қабырғасының кілегей қабығы гипертрофияланған,жабысқақ қақырықпен қапталған. Осының бойында,түгел беткейінде лимфоидты гранулдармен бүйірлік бөлшектерінің гипертрофиясы анықталды.


А. Созылмалы фарингит

В. Катаральді баспа

С. Моноцитарлы баспа

D. жұтқыншақ кандидозы

E. агранулоцитарлы баспа

  1. Науқас тамағының сол жағының сәл ауырғандығына шағымданады.Жалпы жағдайы бұзылмаған.Температурасы – 36,6 С,Іш органдары жағынан өзгерістер анықталмады.Таңдай бадамшасының сол жақ қабырғасының сұрғылт жабындымен қапталған, жабындының алдыңғы беті тегіс емес, бұрын басқа ЛОР-мүшелері жағынан өзгеріс жоқ. Перифириялық қан көрсеткіштері – қалыпты деңгейде. Вассерман реакциясы оң мәнді.Сіздің диагнозыңыз?

А. моноцитарлы баспа

В. Жұтқыншақ туберкулезі

С. Таңдай бадамшасының рагы

D. лакунарлы баспа

Е. жұтқыншақ сифилисі

  1. Ұзақ уақыт антибиотиктермен емделген.Пневмониямен ауыратын науқаста:температура көтерілді,тамақ ауырсынуы,бадамша бездердің кілегей қабығының гиперемиясы және бір-бірімен қосылған және таралған жабынды анықталды.Сіздің диагнозыңыз?

А. фарингит

В. Жұтқыншақ кандидозы

С. Жұтқыншақ дифтериясы

D. лакунарлы баспа

E. моноцитарлы баспа

  1. Науқас 16 жаста,кенеттен басталған әлсіздік, мазасыздық.Тамағындағы ауырсынумен жедел –жәрдеммен жеткізілді. Температура – 38,6С,пульс-82рет/мин,бадамша безінің кілегей қабығының гиперемиясы байқалады және таңдай доғаларына таралған,қиынсылынатын тінің қанталауы, лас-сұрғылт жабындымен жабылған.Диагнозды нақтылау үшін қажет зерттеулер?

А. Жұтқыншық дифтериясы, Леффлер бациласына

В. Лакунарлы баспа, флораға жұғынды салу және антибиотиктерге сезімталдылықты анықтау

С. Жедел фарингит,флораға жұғынды алу.

D. Жұтқыншақ туберкулезі, өкпенің рентгенограммасы

E. моноцитарлы баспа,стернальді пункция