Файл: Орыс тілінде оытатын мектептерде 9 сынып оушыларына орытынды аттестаттауды йымдастыру бойынша НСаулы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Орыс тілінде оқытатын мектептерде 9- сынып оқушыларына қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша

НҰСҚАУЛЫҚ

1. Емтихандар жергілікті уақыт бойынша 9 сағат 00 минутта басталады.

Тапсырмалары бар пакеттер білім алушылар мен мектеп комиссиясы мүшелерінің қатысуымен емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады.

2. Оқушылар мәтіні бар парақтарды және оған 3 тапсырманы алады

3. Жұмысты рәсімдеу

Жұмысты сызықтағы екі парақта жасауға болады.

Титулдық парақты рәсімдеу үлгісі

Мөрде (емтихан күнін көрсету)

(жетінші жолда)

қазақ тілі мен әдебиеті бойынша

негізгі орта білім беру

деңгейінде оқу курсы үшін

9 «А» сынып оқушысы

Аты-жөні

(оқушының аты Ілік септік жалғауында)

емтихан жұмысы
Парақтың бірінші жолдан таралуы бойынша үш тапсырма орындалады
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) мектептердегі 9-сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың тест спецификасы


2.Емтихан жұмысының сипаттамасы

Оқылым уақыты - 2 сағат

Емтихан жұмысы жалпы көлемі 300-350 сөзден тұратын бір мәтінге негізделген міндетті үш тапсырмадан тұрады.

1-тапсырма. Мәтін тақырыбы бойынша арнайы лексиканы түсінуге негізделеді. Мәтінде кездесетін 5 сөздің лексикалық мағынасына балама (синоним) сөздер ұсынылады. Білім алушы ұсынылған сөздерге мағыналас сөздерді мәтіннен тауып жазуы қажет. Берілген сұрақтар білім алушылардың тілді қолдана алуы мен контексте жекелеген лексиканың мағынасын түсіну дағдыларын көрсетуін бағалайды.

2-тапсырма. Перифраз тәсілі арқылы орындалады. Мәтінде кездесетін сөйлемдердің түпнұсқалық мағынасын сақтай отырып, құрылымын перифраз тәсілі арқылы өзгертіп, қайта жазу жұмысы ұсынылады. Ол үшін сөйлемдердің басы (сөз, сөз тіркесімен) ғана беріледі. Бұл жұмыс білім алушының мәтін мазмұнын тұтастай түсінуі мен грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды.

3-тапсырма. Қысқа және толық жауапты қажет ететін ашық сұрақтардан тұрады. Білім алушылар мәтін бойынша қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 ашық сұраққа жауап береді. Берілген тапсырманың сұрақтары білім алушылардың мәтін бойынша нақты сұраққа жауап беру мен тілді қолдана алуын және өз ойы мен көзқарасын жеткізе білуін, қорытынды жасай алуын, сондай-ақ грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды. Максималды:
30 балл
Емтихан жұмысы 3- тапсырмадан тұрады.

Әр тапсырмаға балл қою кестесі:



1-тапсырма. Барлығы: [5 балл]

2-тапсырма. Барлығы: [10+5=15 балл]

3- тапсырма. Барлығы: [5+5=10 балл]




(Емтихан қағазындағы қателердің асты сызылады, бірақ түзетілмейді, жолдың шетіне жазылмайды. Жұмыстан кейін жол тасталмайды, кестедегі ұпайларға сәйкес ұпай қойылады)

1. 0 балл.

2. 0 балл.

3. 0 балл

Барлығы: 0 балл

Бағаны санмен және сөзбен жақшада жазбаша жазу. Мысалы:

2 (қанағаттанарлықсыз) 3 (қанағаттанарлық) 4 (жақсы) 5 (өте жақсы)

(Комиссия мүшелерінің қол қою жолдары )

Емтихан комиссиясының төрағасы: (қолы) Т.А.Ә.

Емтихан алушы мұғалім: (қолы) Т.А.Ә.

Ассисенттер: (қолы) Т.А.Ә.

4. Емтихан аяқталғаннан кейін мұғалім мен ассисенттер жұмысты тексереді. Емтихан қағазындағы қателердің асты сызылады, бірақ түзетілмейді. Жолдың шетіне қатені белгілеу үшін (таяқша белгісі қойылады). Орфографиялық және пунктуациялық қателер есепке алынбайды. Жазбаша жұмыстан кейін мұғалім жұмысты тест спецификациясына сай балл береді, содан кейін олар баллдық схема бойынша бағалауға ауыстырылады . Балл хаттамада жазылады.

5. Емтихан қағазына балл қою және бағалау процесі, бағалардың сипаттамасы, балл кестесі спецификацияда көрсетілген.
Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі:

Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін ұсынылған балл қою сызбасы негізінде аттестациялық комиссия жүзеге асырады.

Білім алушылардың қойылған балдары балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.

 

Емтихан жұмысының

балдары

Балдардың

проценттік құрамы,

Баға


0-11


0-39


2 (қанағаттанарлықсыз)


12-19


40-64


3 (қанағаттанарлық)


20-25


65-84


4 (жақсы)

26-30


85-100


5 (өте жақсы)




2.1. Бағалау міндеттері:


1-БМ

Коммуникативтік құзырлық

Білім алушы:

  • білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас мәтіндердің мазмұнын түсінуі;

  • сөздердің айқын және астарлы мағынасын, мәнін түсінуі;

  • өзектілігін анықтай отырып, дереккөздерден қажетті ақпаратты алуы;

  • белгіленген оқу стратегияларын пайдалануы тиіс.


2-БМ

Тілдік құзырлық

Білім алушы:

  • орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтауы тиіс.

2.2. Балдардың үлестірілуі. Бағалау міндеттері бойынша балдардың бөлінуі кестеде ұсынылған.

Тапсырма

Бағалау міндеттері

Балл

1

1-БМ Коммуникативтік құзырлық

5

2

  1. БМ Коммуникативтік құзырлық




  1. БМ Тілдік құзырлық

10
5

3

  1. БМ Коммуникативтік құзырлық




  1. БМ Тілдік құзырлық

5
5

Барлығы

30

Жалпы ұпай мен баға қойылғаннан кейін түсініктеме жазылады.

«Пікір» бәріне жазылмайды, тек кім тапсырманы «5» -ке және «2» деген баға орындаса, сонда пікір жазылады.

Оқушының жұмысындағы дақтар мен түзетулер қатеге есептелмейді.

6. Барлық бағалар емтихан хаттамасына қойылады (№125 бұйрықты қараңыз), ол алдын ала басылып шығарылады, емтихан аяқталғаннан кейін оған барлық комиссия мүшелері қол қояды.

7. «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» пәні бойынша қорытынды аттестаттауға қойылған жалпы балл емтихан өткізген күні электронды немесе қағаз журналға қойылады.

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан және қорытынды бағалардың хаттамасы (9-сынып)

      (оқу пәнінің атауы)

    __________________________________________________________________________

      (облыстың атауы)

      ____________________________________________________________________________

      (аудан атауы)

      ____________________________________________________________________________

      (қала (ауыл) атауы)

      ____________________________________________________________________________

      (мектеп атауы)

      Емтихан комиссиясының құрамында:

      ____________________________________________________________________________

      Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________________

      Емтихан алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________________

        Ассистенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________________

Білім басқармасынан (Министрліктен) жіберілген емтихан материалдарының пакеті

_____ сағат ____ минутта ашылды.

      Пакетпен жіберілген емтихан материалдары осы хаттамаға қоса берілді.

      Емтиханға келді:

      ____________________________________________________________________________

      Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Емтиханға келген жоқ:

      ____________________________________________________________________________

      Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Емтихан ____ сағат ____ минутта басталды.

      Емтихан ____ сағат ____ минутта аяқталды.

      Емтихан нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:



Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Балл (жазумен)

Емтихан бағасы (жазумен)

1










2










      Емтиханды өткізу күні: "___" __________20__ ж.

      Бағаны хаттамаға енгізу күні: "___"__________ 20__ ж.

      Комиссия төрағасы _________________________ _______

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы


      Емтихан алушы мұғалім _________________________ _______

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

      Ассистенттер _________________________ _______

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

      _________________________ _______

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

      Ескерту: ұқсас хаттаманың электронды нұсқасы қағаз нұсқамен бірдей қолданылады.