Файл: Сабаты таырыбы Отбасышаын мемлекет Сабаты масаты Білімділік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
-
Отбасы дегеніміз не? -
Бала дегеніміз кім? -
Тілек шырағданы -
Мектеп-Оқушы-Отбасы (ата аналарға араналған ситуациялық сұрақтар) -
Сіз қандай ата-анасыз? (психологиялық сауалнама) -
Сергіту сәті (жұмбақтар, мақал-мәтелдер) -
«Тесік шелек» көрініс
Оқушылар оз ойларын жазады?
Отбасы
2.Бала дегеніміз кім? Ата-аналар өз ойларын жазады
Бала
3.Тілек шамы:
Сонау ерте замандардан от халқымыз үшін қастерлі ұғым. От-жылулықтың, жарықтың мәнін білдіреді. Ал жылылық пен ыстық алақан аналарға тән. Ендеше, тілек шамын бір-біріне ұсыну арқылы жылы лебіздерін білдірсін.
4. Мектеп-оқушы-отбасы
1-ситуациялық сұрақ: Балаңыз сыныпта қандай қоғамдық жұмыс
атқарады?
2-ситуациялық сұрақ:Балаңыз тоқсандық қорытындыда қандай пәннен
ұсталды?
3-ситуациялық сұрақ: Егер мынандай жағдай болса? (көрініс)
4-ситуациялық сұрақ: Балаңыз болашақта қандай мамадық таңдап отыр?
5-ситуациялық сұрақ: Балаңыздың ең сүйікті пәні
6-ситуациялық сұрақ: Отбасында балаңыздың ролі қандай
5. Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие? (Қолыңыздан келе ме?)
Шарты: Зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңзді сұраймыз.
Жауаптар:а) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын (3 ұпай)б) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын (2ұпай)в) қолымнан келмейді (1ұпай)1. Кез- келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?5. Егер баланың қылығы сіздің ашуыңыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?6. Баланың жақсы бір тәртібі үшін оның арманын орындау қолыңыздан келе ме? 7. Бала кезінде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?8. Балаңызға өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?9. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?10. Баланың көз жасына, еркелеген дөрекі мінезін уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?11. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?12. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме? Аты жөніңіз: _____________________________________________Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?(Қолыңыздан келе ме?)Кілті:А- 3 ұпай, Б- 2 ұпай, в- 1 ұпай16 ұпайға дейін- бала тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сіз не бейімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз.Не ұстамдылық жеткіліксіз.Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.16 – 30 ұпайға дейін – сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе – ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде сіз оны әр қашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда – тым жұмысақсыз. Баланы тәрбиелеуде мән берген өте қажет деп ойлаймыз.30 - 39 ұпайға дейін – бала сіздің өміріңізде ең үлкен құндылық. Сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, сіздің іс- әрекетіңіз түзу және ісңіңіздің жемісті боуына үміттеміз6. Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдерЖеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.Жақсы келін - қызыңдай,Жақсы күйеу - ұлыңдай.Қызым, саған айтам,Келінім, сен тыңда.
Айтушы ақылды болса,Тыңдаушы дана болады.Өзіңді- өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.Әкесі қой баға білмегеннің,Баласы қозы баға білмейді.Бабасы еккенді, баласы орады.Жақсылық еккен алғыс орады.Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.Ел болам десең бесігіңді түзе.Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді.Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
-
«Өмірдің өзі өнеге» көрініс