Файл: Реферат таырыбы 1986 жылы Алматыдаы желтосан оиасы Орындаан Бейбітлы С. Тобы ФТ(Б)0222.docx
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 37
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орын алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
Желтоқсан оқиғасына «ұлт-азаттық саяси қозғалымс» деген баға беріліп отыр. Бұл – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын көтеріліс. Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі, мемлекеттілігі үшін қай заманда болсын, қозғалысын еш уақытта тоқтатпаған. Бұл — соның айғағы. Егемендікке жетудің жолында жасалған көп қадамның бірі осы Желтоқсан көтерілісі. Шындығы, бұл – ұлт-азаттық күрес. Өйткені бұған тек қазақтар ғана қатысты. Оған саяси дегенді қосуымыз керек. Бұл жердегі қойылған талап – билік басында қазақ отыруы тиіс.
Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Халық арасында орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті.
Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.
III.Қорытынды
Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы жастарының серпілісі азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады.
«Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі», — деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл әншейін ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек.
Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті күн екендігін жадымызда сақтап әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет. Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек.
Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан.
Желтоқсан оқиғасы – халқымыздың бастан кешкен тарихымыздың үлкен бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалады, ұмытылмайды деп білемін.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Әминов, Т. М. Қазіргі Қазақстан тарихы : оқу құралы / Т. М. Әминов. - Алматы : "Бастау", 2017. - 472 бет
2.Абдрахманов Н.А.Қазақстан тарихы:оқу құралы.-Шымкент,2014
Глоссарий
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) (орыс: Содружество Независимых Государств, СНГ) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.ТМД ұлттықтан жоғары ұйым болып табылмайды және өз қызметін ерікті негізде, оның мүшелерінің келісімімен жүзеге асырады.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО; орыс. Союз Советских Социалистических Республик, СССР, Советский Союз
) — Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейiн болған мемлекет. КСРО — 15 республикалардан құрылған ірі федерация болған, адамзаттың қазіргі тарихындағы ең ықпалды мемлекеттерінің бірі еді.1917 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жарияланды.
Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы немесе КОКП (орыс. Коммунисти́ческая па́ртия Сове́тского Сою́за) – Кеңес Социалистік Республикалар Одағында, билігін жүргізген саяси партия.
Ұлтаралық қақтығыс түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұ. қ-тың көрінісі ретінде Израиль — Палестина қақтығысын айтуға болады.
Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.