Файл: Тарау Жазбаша кбейту жне блу Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты:

3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84*3, 53*:2

екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен

бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Жүздіктермен разрядтан аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

Жүздіктермен разрядтан аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритміне түсінік береді.

Оқушылардың кейбірі :

Жүздіктермен разрядтан аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар көбейту мен бөлудің алгоритмін айтып бере алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Жүздіктермен разрядтан аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша амалдары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

–Бөлуді қандай разрядтың сандарынан бастау керек?

–Бірінші толық емес бөлінгіш неге тең?

–Бөліндінің цифр санын қалай анықтауға болады?

–Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса, не істеу керек?

–Егер бөлінгіш бөліндіден кем болса, не істеу керек?

–Егер толық емес бөлінгіш толық бөлінбесе, не істеу керек?

Құндылықтар

Қазақ халқының өнерін бағалауға, дәріптеуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

84:3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
(Ұ) Топқа бірігу
Барлық оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге төрт мысалды уақытқа орындауға беру.

164 · 4 = 248 · 3 = 127 ·6 = 364 · 2 =

Өзара жұмыстарын ауыстырып критерий бойынша тексеру. Өрнектердің дұрыс жауаптарын көрсету.

Критерий:

  • «Альфа» тобына төрт мысалды да дұрыс орындаған оқушылар;

  • «Бетта» тобына екі немесе үш мысалды дұрыс орындаған оқушылар;

  • «Гамма» тобына бір мысалды дұрыс орындаған және төрт мысалды де қате орындаған оқушылар отырады.

Екінші айналымда қайта төрт мысал беру.

129 · 5 = 466 · 2 = 159 · 6 = 219 · 4 =

«Гамма» тобындағы барлық оқушылар тапсырманы толық орындап болғаннан соң ғана өзара тексеру жүргізу. Оқушыларды критерий бойынша тиісті топтарға отырғызу.

Үшінші айналымда төрт мысал беру.

269 · 3 = 287 · 2 = 189 · 5 = 302 · 3 =

«Гамма» тобындағы барлық оқушылар тапсырманы толық орындап болғаннан соң ғана өзара тексеру жүргізу. Оқушыларды критерий бойынша тиісті топтарға отырғызу. Жұмысты «Гамма» тобында оқушы саны азайғанша жалғастыру.


1 – слайд

2 – слайд

3 – слайд

Торкөзге жазылған үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтуге берілген мысалдар

4 - слайд

5 - слайд

6 – слайд

7 - слайд

8 – слайд


Сабақтың ортасы


(Т) Еске түсір.

Оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін еске түсіру үшін тапсырмалар мен сұрақтар беру.

  • Бөлуді қандай разрядтың сандарынан бастау керек?

  • Бірінші толымсыз бөлінгіш неге тең?

  • Бөліндінің цифр санын қалай анықтауға болады?

  • Егер бөлінгіш бөліндіден кем болса, не істеу керек?

  • Егер толық емес бөлінгіш толық бөлінбесе, не істеу керек?


(ЖЖ) Салыстыр.

Оқушыларға алдын – ала дайындалған үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу ұсыну.

Оқушыларға жұпта талқылауға сұрақ беру.

  • Үш таңбалы санға бір таңбалы санын бөлу алгоритмі екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмінен айырмашылығы қандай болады?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, дұрыс жауапқа тоқталу. Дұрыс жауап табуға қосымша сұрақтар қою арқылы қол жеткізу.

(ӨЖ) Шығарып көр.

Оқушыларға үлестірме қағазда жазылған тапсырманы үлестіру. Тапсырманы орындап болған соң дұрыс жауаптарын хабарлап, бағалау критерийін түсіндіру.



Бағалау критерийі:

  • егер үш тапсырма дұрыс болса, «өте жақсы»

  • егер екі тапсырма дұрыс болса, «жақсы»

  • егер бір тапсырма дұрыс болса, «әлі де дайындал»

(Ж) Тез, әрі дұрыс орында.

«Математикалық футбол» дидактикалық ойыны.

Ойын ережесі:

Тақтаға қақпа суретін ілу (көрсету). Кезекпен кезек қақпаның алдына бір доп қою. Допты қақпаға кіргізу үшін үш таңбалы санды бір таңбалы санға тез әрі дұрыс жазбаша бөлу қажеттігін түсіндіру. Тапсырманы кім бірінші және дұрыс орындаса, сол оқушы «гол» соқты деп есептеу. Әрбір дұрыс әрі тез орындалған тапсырма үшін алған «гол» ауызша саналып, тапсырманың соңында «Үздік футболшы» атағына ие болатынын хабарлау.

328: 4= 546:6= 448:8= 216:9= 170:5=

399:7= 152:8= 392:4= 255:3= 414:9=

9 – слайд



10 - слайд

11 - слайд

Үлестірме қағаздарға жазылған тапсырма

14 - слайд

15 – 19 слайд





Сабақтың соңы


Кері байланыс

«Ассоциация»

Мен өзімнің бүгінгі сабақтағы алған білімімді ... ұқсатамын, себебі....


Піскен жеміс - тақырыпты түсіндім

Піспеген жеміс – түсіндім, алайда тақырып бойынша алған білімімді толықтыру керек деп ойлаймын

Гүл - түсінбегенім әлі көп деп ойлаймын.

20 - слайд