Файл: Оу ісіні орынбасары А. Паримбекова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді

Оқу ісінің орынбасары

___________А.Паримбекова

_____________2022 ж

«Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектебі КММ

Сабақтың тақырыбы: Амин қышқылдары.Нәруыздар.№17 зертханалық тәжірибе «Нәруыздардың денатурациясы»

Пәні:

Химия

Бөлім

9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар (6 с)

Педагогтың аты жөні

Индира Шамшатқызы

Күні




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.4.3.27 -нәруыздағыα- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;

9.4.3.28 -нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;

9.4.3.29 -нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін

Амин қышқылдарының құрылысын, аминқышқылдарындағы функционалдық топтар мен ақуыздардағы пептидтік байланысты біледі, нәруыз денатурациясының реакциясын біледі, нәруыздың биологиялық маңызын түсіндіреді

Көпшілік оқушылар үшін

Амин қышқылдарын және ақуыздарды өзге органикалық қосылыстармен салыстыра сипаттайды

Кейбір оқушылар үшін

Ақуыз бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымындағы байланыстың түрлері және түзілу бойынша қорытынды шығарады

Тілдік мақсат

amino acid - аминқышқылы / аминокислота;

protein - нәруыз / белок;

peptide - пептид;

cell - жасуша / клетка;

denaturation - денатурация;

storage - сақтау орны / место хранения;

enzyme - фермент;

receptor - рецептор;

helix - спираль. https://learningapps.org/watch?v=pczxzinva22

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыстар арқылы оқушылар өзінің белгілі бір тақырып көлеміндегі білім, білік, икем, дағдыларын бағалап, мұғалімнің берген кері байланысы негізінде өз жұмысына түзетулер мен толықтылулар жасауды үйренеді. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Алдыңғы оқу

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білужәне анықтай алу

Карбон қышқылдары туралы осы күнге дейінгі алған білімдерін тиянақтайды. Оларды өмірмен байланыстыратын болады.




Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Кіріспе)
(5 мин)

1Ұйымдастыру кезеңі

а)Сәлемдесу;

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Сиқырлы айна» әдісі арқылы өткен сабақпен байланыс жасаймын

Сұрақтар:

  • Күрделі эфирлердің изомерлері

  • Маңызды өкілдері

  • Аминдердің құрамы

  • Физикалық қасиеттері және табиғатта кездесуі


Кері байланыс

Кімнің сұрағы ұнады?

Несімен ұнады?

Кімнің жауабы ұнады?

Несімен ұнады?
«The hat» ойыны арқылы оқушылар үш топқа жіктеледі

1-топ Аминдер

2-топ: Аминқышқылдары

3-топ:Нәруыздар

Сәлемдеседі

Оқушылар мұғалім нұсқаулығымен екі топқа жіктеледі

Бір біріне қарама – қарсы тұрып оқушылар екі сақина түзеді. Ішкі сақина оқышылары өзіне қарама – қарсы тұрған сыртқы сақина оқушысына сұрақ қояды.

Сыртқы сақина оқушылары сағат тілімен айналып ауысып тұрады.

Ауызша «Мадақтау» әдісі арқылы бағалаймын

Оқулық

Жұмыс дәптері

Интербелсенді тақта

Ортасы (33мин)


І.АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып «Аминқышқылдары жәні нәруыздар» тақырыбында бейнежазба көрсетемін

https://www.youtube.com/watch?v=OkGJhygaWtI

https://www.youtube.com/watch?v=38FHtEeceFs

Бейнежазба бойынша талқылау сұрақтарын беремін:

  1. Аминқышқылдары құрамында не бар?

  2. Аминқышқылдары қалай жіктеледі?

  3. Аминқышқылдарында қандай функционалдық топтар бар?

  4. Пептидтік байланыс дегеніміз не?

  5. Нәуыз құрамына қанша аминқышқылы кіреді?

Мұғалімнің қосымша түсіндіруі

ІІ.Топтық жұмыс: Мәтінмен жұмыс

Амин қышқылдары:

Аминқышқылдары

Молекулаларының құрамында амин- NН2 және карбоксил тобы –СООН бірге болатын органикалық қосылыстарды аминқышқылдары деп атайды.

Құрылысы және физикалық қасиеттері.Бұл қосылыстардың құрылысы олардың атауларында бейнеленген. Олар көмірсутек радикалында аминтобы бар карбон қышқылдары болып табылады. Амин қышқылдарының молекуласындағы екі функционалдық топ бір-біріменсалыстырғанда әр түрлі орналасуы мүмкін, мысалы:

Аминқышқылдары табиғатта кең тараған және олардың 150 - ге жуык түрлерi табылған . Аминқышқылдарын нәруыздарды гидролиздеу өнімдерінен бөліп алады немесе карбон кышкылдарына амин тобын енгізу аркылы алуға болады . Аминқышкылдары - суда жаксы еритін , туссiз кристалды заттар . Олардың көбінің тәтті дәмі бар . Аминқышқылдарының маңызы ерекше зор , өйткені олар тiршiлiк үшін маңызды рөл атқаратын нәруыз моле кулаларының құрамына кіреді .

Нәруыздар а - аминқышқылдарының пептидтік байланыспен -CO - NH - байланысқан қалдыктарынан тұратын үлкен молекулалы табиғи қосылыстар . Пептидтік байланыстар бiр аминқышқылынын карбоксил тобы екінші аминқышқылынын амин тобымен әрекеттескенде түзіледі .

Табиғатта нәруыздар тірі организмдер тiршiлiгiне қажетті манызды кызметтер атқарады . Мысалы , нәруыздардан тұратын ферменттер табиғи ершiткiлер болып табылады . Олар биохимиялык процестердiн жүруiн тездетеді . Тағамның химиялық энергиясын механикалық энергияға айналдырады . Адам организмiне нәруыз тағаммен бiрге түседі . Олар сутте , етте , жұмырткада , балыкта бола ды . Адам тәулігіне 1500-2000 ккал беретiн тағам жеуi керек . Тағам ретiнде колданылмайтын кейбiр нәруыздар техникада колданылады . Мысалы , оларға табиғи жiбек , жун , тері т.б. жатады .

Аминқашқылдарының кейбір өкілдері:

NH2-CH2-COOH- сіркеамин қышқылы

NH2-(CH2)2-COOH-аминпропин қышқылы

NH2-(CH2)3-COOH-аминмай қышқылы

NH2-(CH2)4-COOH-аминвалериан қышқыл

NH2-(CH2)5-COOH-аминкапрон қышқылы

NH2-(CH2)6-COOH-аминэнант қышқылы


1-тапсырма



Тұжырым

«Иә»

«Жоқ»

1

Аминқышқылдарының табиғатта 150-ге жуық түрі белгілі.







2

Аминқышқылдары суда нашар ериді







3

Нәруыздар - α-аминқышқылдарының пептидтік байланыспен –СО – NHбайланысқан қалдықтарынан тұратын үлкен молекулалы табиғи қосылыстар.







4

Нәруыздардың құрамында 50 шақты аминқышқылдары қалдықтары бар.







5

Табиғатта нәруыздар тірі организмдердің тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер атқарады.








2-тапсырма

Нәруыздардың тірі организм тіршілігіндегі маңызын сипаттап беріңіз

____________________________________________________________________________________________________________________
ІІІ.Жұптық жұмыс

1-жұп. Төмендегі қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:

а) 2 амино сірке қышқылы

б) 3 амино 4,5 диметил капрон қышқылы

в) 2 амино 2 бутил, 3 гексил валериан қышқылы

г) 3 амино 4 пентил 5 нонил энант қышқылы
2-жұп. Төмендегі қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:

а) 2 амино 3метил пропион қышқылы

б) 2 амино 4,5 диэтил капрон қышқылы

в) 2 амино, 3 гексил валериан қышқылы

г) 3 амино 3 пентил 5 нонил энант қышқылы
3-жұп. Төмендегі қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:

а) 2 амино 3метил пропион қышқылы

б) 2 амино 4,5 диэтил капрон қышқылы

в) 2 амино, 3 гексил валериан қышқылы

г) 3 амино 3 пентил 5 нонил энант қышқылы
ІҮ. Топтық жұмыс:

17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"

Мақсаты: Жұмыртқа нәруызының қайтымды және қайтымсыз денатурациясын зерттеу
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: жұмыртқа нәруызы ерітіндісі, мыс сульфаты, қорғасын нитраты, сірке қышқылы, ерітінділері, су, спиртшам, сынауықтар, шыны таяқшалар
Тапсырмалар:

  • Нәруызға тұз және қышқыл ерітінділерін қосқанда не байқадыңдар? Байқаған құбылысты сипаттау.

____________________________________________________________________________________________________

  • Қыздыру нәруыз құрылысына қалай әсер етеді?

________________________________________________

  • Нәруыздың ұюы қалай аталады? Ұйыған нәруыз суда неге ерімейді?

_________________________________________________
Ү. Жеке жұмыс

1.Берілген аминқышқылдары арасындағы ди, трипептидтің түзілу реакцияларын жазыңыздар

А) Аминсіркеқышқылы + Аминпропион қышқылы


Б) Аминбутан қышқылы + Аминсірке қышқылы+Аминовалериан қышқылы


2. 26 г сірке амин қышқылы натрий гидрооксидімен әрекеттескенде түзілетін NН2– CH2– COONа тұздың массасы. (г)


Бейнежазбаны мұқият қарай отырып, талқылау сұрақтарына жауап береді

Мәтінмен мұқият танысып танысып шығады, топта өзара талқылайды.

Тапсырмаларды топпен бірлесе отырып орындайды


Тапсырманы жұптаса отырып орындайды
Берілген қосылыстардың формуласын тауып жазады.


Мұғалім көмегімен зертханалық жұмысты қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындайды


Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ тапсырмасын орындайды

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Дайын үлгі жауап арқылы формативті бағалау.
Дескриптор:

-Берілген тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтап белгілейді-1

-Нәруыздардың тірі организм үшін маңызын жазады.-1

Дескриптор:

-Берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазады.-2

Жұптар өзара бірін – бірін дайын жауап арқылы тексеріп бағалайды.

Дескриптор:

-Нәруыздың қышқыл ерітінділерге әсерін сипаттайды;-1

-Қыздырудың нәруызға әсерін сипаттайды;-1

-Ұйыған нәруыз қасиеттерін түсіндіреді-1
Топтар бір – бірін «екі жұлдыз- бір тілек» арқылы бағалайды.

Дескриптор:

-Бірінші реакцияны жазады-1

-Екінші реакцияны жазады -

- Есепті шығарып тұздың массасын табады.-1

Флипчарт, түрлі – түсті қаламдар,
Аминқышқылдарының биологиялық маңызы:

www.xumuk.ru/biologhim/015.html

Таратпа материалдар

Таратпа материалдар

Реактивтер, химиялық ыдыстар, спиртшам


Таратпа материалдар, жұмыс дәптері


Қорытынды (7мин)

Қорытындылау

Өз – өзіңе баға бер

Бүгінгі сабақта





-аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін анықтай аламын;




-нәруыз денатурациясының реакциясын түсіндім;




-нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндім;




-аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуінің реакция теңдеуін білемін.





Рефлексия

1.Сіз бүгін нені білдіңіз?

2.Сіз үшін не тиімді болды?

3. Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты?

Оқушылар өз пікірлерін айтып,сабақ қорытындыланды.

Үйге тапсырма: « Аминқышқылдары, нәруыздар тақырыбын оқу» 4,5-жаттығу(Оқулық-167 бет)

Өзін – өзі бағалап бағандағы жазылған мақсаттар орындай алса «+» таңбасын қойып өтеді.

Стикерлерге өз ойын жазып тақтаға табыс ағашына іледі.

Жалпы балл -10 баллдық жүйе бойынша бағалау жүреді.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Өзін – өзі бағалау парағы

Стикерлер



Қосымша ресурстар

Сараланған тапсырмалар №1

1.34 г сірке амин қышқылы этил спиртімен әрекеттескенде түзілетін күрделі эфирдің массасы.

2.Көрсетілген қосылысты ата: CH2- CH2- CH2 - COOH ׀

СН3 С2Н52
2 кеспе қағазы

1. 28 г анилин мен бром әрекеттескенде түзілетін трибром анилиннің массасы.( г)

2.Көрсетілген қосылысты ата: CH2- CH2- CH2 - COOH

׀׀׀ С2Н5 С2Н52
С5Н112

3 кеспе қағазы

1. Төмендегі қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:

а) 2 амино 3бутил пропион қышқылы

б) 3 амино 4,5 дигексил капрон қышқылы

в) 2 амино, 3 гептил валериан қышқылы

г) 3 амино 4 декил, 5 нонил энант қышқылы
4 кеспе қағазы

1. Төмендегі қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:

а) 2 амино 3 декил пропион қышқылы

б) 2 амино 4,5 октил капрон қышқылы

в) 2 амино, 3 бутил валериан қышқылы

г) 3 амино 4 метил, 5 нонил энант қышқылы
5 кеспе қағазы

1. Төмендегі қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:

а) 2 амино 2 метил пропион қышқылы

б) 2 амино 4 диэтил капрон қышқылы

в) 2 амино, 4 гексил валериан қышқылы

г) 3 амино 2 пентил 5 нонил энант қышқылы
6 кеспе қағазы

1. Төмендегі қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:

а) 2 амино 3 бутил пропион қышқылы

б) 2 амино 4,5 дигексил капрон қышқылы

в) 2 амино, 2 гексил валериан қышқылы

г) 3 амино, 4 пентил 5 нонил энант қышқылы