Файл: Трбие саатыны жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағатының жоспары

Күні:04.04.22

Сынып:9

Мұғалімнің аты-жөні: Ергалиева А.Н.

Қатысқандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы

Қазақстанның жеті кереметі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы екендігін

оқушыға түсіндіру.Патриотизімді Қазақ елінің тарихи мұрасын мұқият

сақтай білуге үйрету арқылы оқушыны бойына дарыту


Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау, ойлау.

Құндылықтарға баулу

Патриотизімді Қазақ елінің тарихи мұрасын мұқият сақтай білуге үйрету

арқылы оқушыны бойына дарыту.


Жоспар







Сабақтың жоспарланған уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дерексөздер, ресурстар


Сабақтың басы

7 минут

Сабақтың ортасы

30 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,Тәрбие сағатының

мақсатымен таныстыру

Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал қалыптастыру Оқушылар төмендегі

өлең жолдарын айтады.

Біз бақытты баламыз, Ойнап күліп аламыз, Жетілсін

деп санамыз, Оқып білім аламыз!

Жаңаны тану « Ой қозғау»

- Жеті санына қатысты не білесіңдер?

- Қазақстанның 7 кереметі туралы не білесіңдер?

Оқушылар білетіндерін қағазға түсіреді, оқиды

«Галереяны шарлау» әдісі арқылы қазақстанның 7 кереметімен танысады.

Таңбалы тас

Таңбалы тас суреттері Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді.

Алтын адам

1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас

киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.Қазақтың киіз үйі Киіз үй- көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Домбыра қазақ халқының жан сезімі, жан серігі . Домбыра - халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспапты бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында. Иассауи кесенесі Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен.

Маңғыстау жерасты мешіті Бекет Ата жер асты мешіті- Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады.

Астана – Бәйтерек

«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Бәйтеректің негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м . «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Ұшар басында алтын шар орналасқан.
«Еске түсіру» ойыны.

Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығын жақсартады.






Презентация




Сабақтың соңы

8 минут

Сабақты қорытындылау:

Ой толғаныс «Ашық микрофон» әдісі бойынша сұрақтар қою.

- Бәйтеректің биіктігі қанша?

- Бекет ата кім болған?

- Иассауи кесенесінде неше бөлме бар?

- Алтын адам қай қаладан табылады?

- Бәйтерек нысаны неше бөліктен тұрады?




Презентация