Файл: Мехатрониканы пайда болуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мехатрониканың пайда болуы

Қазіргі заманғы «Мехатроника» («Mechatronics») термині, жапон ақпарат беру көздеріне сенетін болсақ, 1969 жылы Yaskawa Electric фирмасымен енгізілген және 1972 жылы сатылым маркасы ретінде орныққан болатын. Бұл сөз « МЕХАника» және «ЭлекТРОНИКА» сөздерінің бірігуінен пайда болған. Осы екі ұғымның бір сөз тіркесіне бірігуі жаңа заман техникасын жасаудағы және жүйлер мен қондырғылардың жаңа түрлерін шығарудағы сапалы қадам жасауға мүмкіндік тудырған ғылым мен техника саласында интеграцияны білдіреді.

Тура осылай электромеханика, кең қолданысты приводты орындаушы жүйелерді жасауда, электротехника мен механиканың жетістіктерін қолданатын ғылым ретінде дамуы байқалған. Электромеханика мен микроэлектрониканың интеграциясы жиынтықты интеграцияланған жұмыс мүшелерінің мехатрондық қозғалыс модулін және соның негізінде жасалынатын құрылғылардың пайда болуына әкеп соқты.

Алайда 1980 жылдардың басында «Мехатроника» термині, әлемдік техникалық әдебиеттерде, кәдімгідей  қозғалысы компьютермен басқарылатын машиналар  атауы ретінде қалыптасты.

Мехатроника жаңадан қалыптасуда, осыған байланысты оның анықтамасы мен базалық терминологиясы әлі толық қалыптаспағандықтан оның анықтамасын кең және тар (арнайы) көлемде қарастырған дұрыс.

Мехатрониканың кең көлемде қарастырылған анықтамасы мынау:

Мехатроника – машиналар мен қозғалысы компьютермен басқарылатын жүйелерді жасап шығару мен қолдануға арналған ғылым мен техниканың жаңа саласы. Оның негізі механика, электроника, информатика,микропроцессорлық техника және машиналар мен агрегаттар қозғалысын компьютер көмегімен басқару саласындағы жиналған білімде қаланған.

 2. Мехатроника және робототехника

              Қазақстанның технологиялық дамуы өзіне байланысты болып келеді. Робот жасаушылардың Қазақстанға қызығуы үшін Қазақстанда жыл сайын 5 мыңнан астам робот сатып алынып және орнатылуы қажет (Ресейде қолданылатын жалпы роботтар санымен салыстырғанда). Сондай–ақ Қазақстан аз көңіл бөлінетін стандартты емес роботтарға сұраныс жасай алады. Мысалы; бұл роботтар автоматтандырылған жай құрылыс кешені бола алады, яғни бұлар адамның қатысуынсыз құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін жасай алатын болады.

Роботтарды жасаудағы мақсат – адамға ауыр, қажытатын, денсаулығына зиян, қызмет түрлерін солардың міндетіне беру болып табылады. Қазақстанға пайдалы қазбалар өндіретін өндірістік роботтар қажет. Тағы бір мәселе ол ластанған және реактивті қалдықпен жұмыс істейтін роботтар қажет


              Оқу жағдайындағы мехатрондық жүйелер: оқу роботы SCORBOTER ЧПУ- ы бар үстел үсті станоктарға қызмет көрсетеді.

Мехатрондық жүйелер үлгілеріне алыс бармай-ақ қоюға болады. Оларға біздің күнделікті қолданып жүрген автоматты кір жуу машиналары, шаңсорғыштар, автомобильдер және тағы басқалары жатады. Мехатрондық жүйелерге тағы машинаның тежеу жүйесіндегі АБС (антитежегіш жүйе) жүйесін де қарастырып кетуімізге болады. Нақ қазір біз мехатрондық жүйені қолданып отырмыз, өйткені электр өлшегіш машиналарында (ЭӨМ) мехатрондық құраушылар өте көп: қатқыл диск, CD- привод, жаңа заман магнитті лентада жинағыштар.

Өндірісте, жоғарыда айтылған электромеханикалық құрылғылардан басқа, мехатрондық жүйе болып барлық жаңа шығып жатқан роботтар, станоктар, роботтар-станоктар, өлшеуіш комплекстер (сонымен қатар гексаподтар да осылар қатарына жатады). Бұндай жүйелер бірнеше приводтан тұрады. Бұл приводтар жеке өзі тұрып мехатрондық жүйе болады.

Жекелеп айтқанда, күмәнсіз «мотор-шпиндель» типті мехатрондық жүйе мехатрондық станоктың бір бөлшегі болады. Осы берілген жүйе жүйенің сенімділігін кәдімгідей көтере отырып, оның салмақ-габаритті көрсеткіштерін төмендетуде өз ықпалын тигізеді. Өйткені ол төмендеткіш передачаларды мен қосқыш муфталарды конструкцияда болдырмайды (қозғалтқыштың керекті моментінің көбеюіне байланысты , оның массасы мен габариттері өсуі мүмкін, бірақ бұл жүйелердің жетістіктері оның кем жерлерін толықтай жауып отырады деуге болады).

Мехатроника саласы робототехника саласымен өте тығыз байланысты болғандықтан, бұрынғы совет өкіметі кезінде мехатрониканың мүмкіндіктерін пайдалана отырып неше түрлі роботтар құрастырылған болатын. Сол жасалынған роботтар әр түрлі апатты жағдайларда қолданылған болатын. Мысалы: Чернобыль апатына арнап жасалынған роботтар да болды. Ол роботтар сол апат болған аймақты толық зерртеп, мүмкін болатын деректерді жинап, сол жердің қаншалықты зақымданғандығын және адам тұруға келу келместігіне дейін анықтаған.

Егерде алдындағы роботтар өздерінің құрылымы жағынан қарапайым болса, келесі қарастырылатын робот олардан кішкене күрделірек болып келеді. Бұл робот көбіне космоста жұмыс істейтін болғандықтан оның құраушылары өте сапалы материалдардан жасалынған.

 

 

 1969 жылы  Жапониядағы Yaskawa Electric Heavy Industries, Ltd атты компания ең алғашқы өндірістік роботты жинап шығарған.

2004-2005 жылдары Жапонияда жылдық өндіріс көлемі 60 мың роботты құрады, соның ішінде жартысына жуығы экспортқа шығарылады. Бұл салада 130−дан астам компания мен фирмалар, соның ішінде ең ірі қаржы – өндірістік холдигктер ( Fanus Ltd, Yaskawa Electric Corp, Fuji Machine MFg Co., Toshiba Machines Co., Okuma Corp, Hitashi Suiki Co. т.с.с.) жұмыс істейді.



Жапондық робот  жасаушылар өздерінің техникасын жаңа салаларда қолдануды үйренуде, әсіресе  әр түрлі қызмет көрсету түрлерінде қолдану мысалы, офистардағы хатшы ретінде, ауруханадағы күтуші ретінде, анықтамаларды беру және үй жұмысын орындау т.б.). Жапондық компаниялар Humanoid Robotic Project (HRP) программасын орындауда, қаржыландыру көлемі $37 млн құрайды. Осы жоба бойынша адам келбетіндегі роботтар жасалуында. Робототехника басқа салаларда өте қарқынды дамуда. 

Қазақстанның  технологиялық дамуы өзіне байланысты болып келеді. Робот жасаушылардың  Қазақстанға қызығуы үшін Қазақстанда жыл сайын 5 мыңнан астам робот сатып алынып және орнатылуы қажет (Ресейде қолданылатын жалпы роботтар санымен салыстырғанда). Сондай–ақ Қазақстан аз көңіл бөлінетін стандартты емес роботтарға сұраныс жасай алады. Мысалы; бұл роботтар автоматтандырылған жай құрылыс кешені бола алады, яғни бұлар адамның қатысуынсыз құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін жасай алатын болады.

Роботтарды  жасаудағы мақсат – адамға ауыр, қажытатын, денсаулығына зиян, қызмет түрлерін солардың міндетіне беру болып  табылады.

 Қазақстанға пайдалы қазбалар өндіретін өндірістік роботтар қажет. Тағы бір мәселе ол ластанған және реактивті қалдықпен жұмыс істейтін роботтар қажет.