ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Демография – ұлт тағдыры
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың,
ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа
бөлінуін, өсу не кему динамикасын зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
Демографиялық саясатты іске асыру кезінде мемлекеттік өкімет
органдарының алдында мынадай міндеттер тұр:
- өсіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
- өлімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің ұзақтығын ұлғайту;
- тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрпақтарды толық алмастыруды
және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін
деңгейге дейін арттыру;
- отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын
нығайту;
- көші-қон процестерін реттеу;
- коғам және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін
жауапкершілікті арттыру;
- экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.
Ұлттық халық санағы елімізде әр 10 жыл сайын өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінін деректері
бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2000 жылдың 1
қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. 1993 жылдың басымен
салыстырғанда, халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3 пайызға кеміді.
Халық өмірінің орташа ұзақтығы 1998 жылы 64,4 жасты құраса, 2018ж.
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3-ті құрады.
Үшінші халық санағы 2019 жылы Қазақстанда өтуі керек болатын, пандемияға байланысты бұл санақ 2021 жылы өткізілді.
Халық санағына Қазақстанның барлық азаматы, соның ішінде кәмелетке толмағандар, елде уақытша тұратындар мен шетелге уақытша кеткендер, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар да қатысады. Бұған қоса, үнемі шетелде тұратын қазақстандықтар да есепке алынады. Бұл жолы жалпыға бірдей халық санағы әдеттегідей қағаз түрінде емес, электронды форматта өтті. Ол үшін қазақстандықтар статистика комитеті іске қосатын сайтқа кіріп, 89 сұраққа жауап берді. Оның ішінде 45 сұрақ – азаматтардың жеке мәліметтері мен алдағы жоспарларына қатысты. Халық санағы екі кезеңнен тұрды. Алғашқысы мамыр-маусым айларында, екіншісі қарашада. Санақ электронды форматта өтсе де, ұйымдастырушылар 30 мың ерікті жұмыс жасайды. Олар планшетпен үй-үйді аралады. Ұлттық халық санағы елімізде әр 10 жыл сайын өткізіледі.
«2021 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 42,1 мың адам, оның ішінде қала халқы - 11 миллион 287,4 мың (59,3 пайыз), ауыл халқы - 7 миллион 754,7 мың адам (40,7 пайыз). 2020 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті», деп хабарлады.
2021 жылғы қаңтар-тамызда халықтың табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-тамызбен (162,5 мың адам) салыстырғанда 10,1 пайызға өсті және 178,9 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 14,14 пайыз болады.
Туғандар мен қайтыс болғандар саны
2021 жылғы қаңтар-тамызда дүниеге келгендер саны 296,5 мың адам болса, бұл 2020 жылға қарағанда 8,4 пайызға артық (273,4 мың адам). Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,44-ке сай келеді.
Осы кезеңде қайтыс болғандардың саны 117,6 мың адам, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6 пайызға артық (111 мың адам). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 9,3-ке сай келеді.
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында бір жасқа дейінгі 2345 нәресте қайтыс болды. 2020 жылдың осы кезеңінде 2129 нәресте қайтыс болды. Өлім-жітім 10,1 пайызға артты. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 дүниеге келген адамға 7,91 болады.
Көшіп келгендердің саны
Көші-қон қызметі органдарының деректері бойынша, 2021 жылғы қаңтар-тамызда елге келгендер саны - 6339 адам, елден кеткендер саны - 22685 адам, көші-қон тепе-теңдігі 16346 адам болады.
ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1 пайызды, көшіп кеткендердің үлесі мигранттардың жалпы санының 86,1 пайызын құрады.
Республика шегінде көшіп келгендер саны 7,3 пайызға ұлғайды.
Қазақстан ішінде азаматтар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Маңғыстау облыстары арасында ауысады.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін жаттаңыз, сөйлем құрастырыңыз.
демографиялық – демографические показатели
демографиялық саясат – демографическая политика
халық саны – численность населения
демографиялық әлеует – демографический потенциал
алдын ала болжау – предсказания
тарихи оқиғалар – исторические события
соққы – удар
ашаршылық – голод
дүниежүзілік соғыс – мировая война
халық тығыздығы – плотность населения
демографиялық дағдарыс – демографический кризис
халықтың демографиялық ахуалы – демографическая ситуация населения
халықтың орташа жас көрсеткіші – средний возраст населения
бала туу көрсеткіші – показатель рождаемости
демографиялық әлеует – демографический потенциал
халық тығыздығы – плотность населения
1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
а) Халық санағы қай жылдардан басталды?
ә) Қазақ халқының саны азаюы не себептен?
б) Демографияны көбейтудің тетігі неде?
в)Демография нені зерттейді?
г) Демографиялық саясаттың міндеттері ?
2 тапсырма. Жаңа сөздерді жазыңыз, оқыңыз, мағынасын түсініңіз.
3 тапсырма. Мәтіндегі сан есімдерді жинақтық, топтау және болжалдық сан есімдерге айналдырып, солардан он сөйлем құрастырыңыздар.
4 тапсырма. Қазақ халқында жеті, тоғыз, қырық сандары қасиетті сандар болып есептеледі. Қасиетті сандар туралы сіз не білесіз, мәліметті толықтырыңыз.
Жеті күн:
Жеті қазына:
Төрт маусым:
Үш ғайып:
Үш арсыз: Үш қуат:
Үш қазына:
5 тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сан есімдерді қойып жазыңыз.
Бір жылда ... күн, ... сағат бар. Наурыз мерекесі әр жылда наурыз
айының ... жұлдызында аталып өтеді. Қазақстан ... жылы тәуелсіздігін алды.
Қазақстанда ... мемлекеттік қорық бар. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде
... орында. «Дүниежүзілік Сауда» ұйымына мүше мемлекеттер саны ... асады.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан халқының саны ... жетті.
6 тапсырма.Берілген есептік сан есімдерді жинақтық, топтау, болжалдық сан есімдерге айналдырыңыз.
1,3,5, 9, 10, 22, 16, 100, 52, 84, 56.
Өзіндік жұмыс материалдары: Ұлы Отан соғысының демографияға әсері туралы ақпараттар жинаңыз.