Файл: Болашатаы компьютерлер Педагогты атыжні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Болашақтағы компьютерлер

Педагогтың аты-жөні

Кунапьянова А.Б

Күні

17.04.23; 18.04.23; 19,04.23; 20.04.23;21.04.23

Сынып: 4

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Болашақтағы компьютерлер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.1.1 ақпаратты іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар);

4.2.4.2 белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

ғаламтор желісін пайдаланып, тақырыпқа байланысты ақпарат жүктейді

Көптеген оқушылар:

бумадағы сақталған суретті слайдқа қосады

Кейбір оқушылар:

презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын көрсетеді


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7мин

Оқушылармен амандасу.

l.Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті. Бейнеролик

Үй тапсырмасын тексеру

Мұғаліммен амандасады.



Бейнеролик

5 мин

Өткен сабаққа шолу

Өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс берілмесе, мұғалім дұрыс жауапқа қарай бағыттап, дұрыс жауапты табуға көмектеседі

1.Браузер деген не? Ол не үшін қажет?

2.Интернеттен браузерлерді қалай көшіруге болады:

3.Қандай сенімді пароль критерийлерін білесің?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды«Мадақтау» əдісі бойынша бағалайды




Жаңа сабақ

5мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының қандай түрлерін білесің?

Компьютер саған не үшін қажет?

Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың ортасы

5 мин

ІІ. Мағынаны ашу

1 тапсырма

Суретте көрсетілген құрылғылар бойынша қанша компьютер жиынтығын жинауға болады? Олар: жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір. Ойыңмен бөліс



Дескриптор:

Суретке қарап қанша компьютер жиынтығын жинауға болатыннң айтады

Оқулық

Жұмыс дәптері


5 мин

Жеке жұмыс. 2-тапсырма.

Тақырыпқа байланысты ақпараттар жинақтау.

SpaсeX компаниясының бас директоры Илон Маск ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш стансысына жеткізетін алғашқы жеке жолаушылар кемесін іске қосқан. Интернеттен осы туралы ақпаратты жинақта Презентацияға Илон Маск және оның кемесінің суретін қойып, бе зен дір. Ақпарат пен презентацияны бумаға сақта



Оқушылар ғаламтор желісін пайдаланып

SpaсeX компаниясының бас директоры Илон Маск ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш стансысына жеткізетін алғашқы жеке жолаушылар кемесін іске қосқан туралы ақпараттарды жиайды.

Дескриптор:

-ғаламтор желісін пайдаланып, тақырыпқа байланысты ақпарат жүктейді;

-жүктелген ақпаратты жүйелейді;

-бумаға сақтайды

ҚБ: «Смайлик» әдісі

Компьютер

Power Point программасы

7 мин

2-тапсырма.« SpaсeX компаниясының бас директоры Илон Маск ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш стансысына жеткізетін алғашқы жеке жолаушылар кемесін іске қосқан» тақырыбы бойынша презентация жаса.


Оқушылар тапқан мәліметтері бойынша презентация жасайды

Дескриптор:

-Power Point программасын іске қосады;

-презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын көрсетеді;

-бумадағы сақталған суретті слайдқа қосады;

-өндеу және слайдты безендіруды қолданады.

ҚБ: «Смайлик» әдісі









Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту.

Рефлексия.



ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс: «Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды алдын ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз

оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.