Файл: Ы. Алтынсарин атындаы Аралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық

педагогикалық институның

6В01507 – Математика және физика

білім беру бағдарламасының

3 – курс студенті Калиев

Мейрамхан Шалабаевичтің

педагогикалық тәжірибесінің

Есебі
Мен Калиев Мейрамхан Шалабаевич 28.03.2022 – 07.05.2022 жж. Аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге Қостанай облысы Арқалық қаласы Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясына іс-тәжірибе жұмысын атқардым. Барған күгннен бастап, мектеп бағдарламаларымен танысып, мектеп мұғалімдерімен және өзіме жетекші етіп Абдрахманова Жазира Кайыргалиевнаны бекітті. Сондай-ақпән мұғалімі ретінде Сарыбаева Роза Қайроллақызын тағайындады.Осы кісілер өзінің жұмыстарымен таныстырып, жалпы мұғалімінң сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерінүйрете отырып жұмысын түсіндірді және бағдарламаға сай жұмыс жасайтындарын айтты. Гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдибеков Жанагуль Туленгазиевна апай мектептің жалпы ережесімен таныстырып, оқу орындарымен, кітапханалармен таныстырды. Ол уақыттарда оқушылар демалыста болатын 3 тоқсан аяқталып, 4 тоқсан басталды және бізде өз ісімізге кірістік. Алғашқыда 1 апта бақылау болды, содан кейін сабақ беруге кірістік. Сыныппен танысып, барлығы да ойдағыдай болды. Осының барлығымен танысыпболғаннан кейін сабаққа кіріп оқушылардың білім деңгейлерін жіне сабаққа деген белсенділіктерін бақыладым. Осылайша практиканың алғашқы аптасы қтті.

Бағдарламаға сай жұмыс істей бастадым, бағдарламада көрсетілгендей сынып ұжымына сабақ беруді бастадым.Алғашқы күні пән мұғалімі кіріп бақылап отырды, ол кісі менің сабақ барысында кеткен қателіктерімді сабақ соңында жеке өзіме айтып түзетіп отырды. Бірінші рет сабақ беру болғаннан кейін мен үлкен жауапкершілікті сезіндім. Есеп шығару барысында қате айтып қалам ба деген қобалжулар болды, бірақ дайындықпен кіргендіктен ондай қателіктер бола қоймады. Алғашқы ашық сабағымды 7 «А» сыныбына 20.04 күні өткіздім, алгебра пәнінен. Сабақ ойдағыдай өтті, тек интернет желісі дұрыс жасамай қалғаны болмаса. Кейін ретімен тәрбие сағатын, сыныптан тыс сабағымды өткіздім. Бұл кезде оқушылар өздерінің таланттарын ортаға көрсетіп, өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы екенін көрсетіп кетті. Кейін физика 7 «Ә» сыныбына физика, соңғы ашық сабағымд геометрия пәнін 7 «А» сыныбына өткіздім. Ашық сабаққа гимназия мұғалімдері және іс-тәжірибеден өтіп жүоген машықтанушылар қатысты.

Қорытындылай келе, осы алты апта ішінде үйренген іс-тәжірибемді бұдан әрі шыңдаймын деген ойдамын, себебі біз болашақ маман болғаннан кейін оқушылармен жұмыс жасау олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету біздің міндетіміз.



Машықтанушы: Калиев Мейрамхан Шалабаевич