Файл: С. досжанны жата туан бала гімесіндегі Оам бейнесі адатпа Маалада аза жазушысы Суле Досжанны Жата туан бала.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 56
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1. Resolution of the Minister of Health of the Republic of Kazakhstan dated January 15, 2020
2. Doszhanova S. a child born by heart. - Astana: Folio, 2010. - p. 400
3. Arshidin N. Specialist: the activity of a surrogate mother should be treated as a normal job.
4. Altai A. the story "The Hunchback". https://abai.kz/post/41464 information portal, 2015.
5. Taigarin S. newspaper "native language". Surrogate mother. Article. January 19, 2011.
17.82
А.У.Каблашева
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қ., 020000, Қазақстан Республикасы, https://orcid.org/0000-0002-2983-2690
E-mail: aisulu-zhamalieva@mail.ru
С.ДОСЖАННЫҢ «ЖАТҚА ТУҒАН БАЛА» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ҚОҒАМ БЕЙНЕСІ
Аңдатпа
Мақалада қазақ жазушысы Сәуле Досжанның «Жатқа туған бала» әңгімесінің қысқаша мазмұны баяндалып, қоғам бейнесі, әйел тағдыры, әйел психологиясы туралы айтылады. Қазіргі әлемдік медицина дамыған қоғамда ұрпақ сүйе алмайтын ерлі-зайыптылар «Экомед» деп аталатын перзенті жоқтарға көмек көрсететін орталықтар арқылы құрсақ ана қызметіне жүгініп балалы бола алады. Бүгінгі күні бұл – актуальды мәселе. Бірақ біреулер денсаулығына байланысты құрсақ ана іздейтін болса, екіншілері әдемілігін жоғалтып алмас үшін ізейді. Біреулер ақшаға қатты қысылғандықтан, шарасыздан жатырын жалға беретін болса, екіншілері оңай ақша табу көзіне, бизнеске айналдырып жүр. Аталмыш тақырып А.Алтайдың шығармасында да кездеседі. С.Досжанның «Жатқа туған бала» әңгімесі мен А.Алтайдың «Бүкір» әңгімесі салыстырмалы түрде талданады.
Кілт сөздер:құрсақ ана, әйел психологиясы, қоғам бейнесі, ақшаға қысылу, экомед.
КІРІСПЕ
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы С.Досжан өзінің 2008 жылы шыққан «Жатқа туған бала» хикаятында әйел тағдырын, отбасын сақтау, әйел мейірбандығы, құрсақ ана тағдыры туралы баян етеді. Автор басты кейіпкерлер арқылы құрсақ ана болудың мән-жайын бүге шүгесіне дейін талдап көрсетеді. Суррогат ана рөліндегі әйелдің, генетикалық ата-ананың жағдайы, ерлі-зайыптылардың психологиясы аса мықты талғаммен суреттеледі.
«Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығына сәйкес суррогат ана болу дегенге мынадай анықтама берілген: суррогат ана болу – сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу; суррогат ана шарты – некеде тұратын (ерлі-зайыпты болған) және балалы болғысы келетiн адамдар мен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге және тууға өз келiсiмiн берген әйел арасындағы нотариатты куәландырылған жазбаша келiсiм. Сонда құрсақ ана болу – әйелдің басқа адамға немесе бала туылғаннан кейін оның ата-анасы болатын адамдарға бала көтеруі және тууы [1].
Алғаш құрсақ ана болған 1980 жылы Иллинойс штатындағы әйел – Элизабет Кейн. Ол фаллопиялық түтігі бұғатталған әйел үшін бала көтеріп, дүниеге әкелген болатын. Қазіргі таңда суррогат ана қызметі өте кең таралған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде халықтың шамамен 5%-ы бедеулікке ұшыраған. Қазақстанда мұндай некелердің саны 12-15 % аралығында. Нақты статистика жоқ, бедеулік тіркелімі жоқ. Жыл сайын 20,5 мың ерлі-зайыптылар бедеулікке байланысты мамандарға жүгінеді. Жылына 160 мың неке қиылады. 40 % – қосалқы репродуктивтік технологияларға мұқтаж. 100 некеге 34 ажырасу, оның ішінде 10 % – бедеулік себебінен.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Оң жақ бүйірі бүлк ете түсті...» [2, 5] деп басталатын хикаят жеке пәтерінің болғанын арман ететін Жарияш туралы. Жарияш пен Мақсұт бір курста оқыды. Алматы қаласының Сәулет академиясының жатақханасында танысып, сонда отау құрды. Жатақхананың бір бөлмесінде тұрды. Бір ұл, бір қызы бар. Төрт адамның жаны осы қуысқа қарап отырғанда жатақхана бұзылып, орнына көпқабатты ғимарат салынатынын естіген сәттен бастап екеуінде де маза жоқ. Автор бұл тұсты шебер суреттеп көрсетеді: «Орташа кесеге тамақ құйып тұрған келіншектің жүрегі зу ете түсті. Ожаудағы сорпасы аяғының басына төгілді. «Мама!» – деп шыңғырып жіберді», «Көзінен жас бұрқ етті. Оң жақ аяғын шүмектің астына ұстап суық суға тосты. Ашығаны сап басылғанымен, кеудесін күйдірген басқа бір күйік күллі денесін күйдіріп, ашытып бара жатқандай. Дыбыссыз жылап тұр» [2, 11]. Үй бұзылып, шаңырақ ортаға түссе байұғұстар қайда бармақ? Кімнен қолдау күтпек? Бұл мәселе ерлі-зайыптылардың жандарын жегідей жейді. Себебі бұл – еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түскен кез. ««Егемен ел болдық», – деп қуанып жүргенде нарық келіп алқымынан алды. Айлығы шайлығынан аспай жүргенде жас ғалымға пәтер сатып алуға мүмкідік қайда?» [2, 13] Байғұс әйел-ананың жаны күйіп жыласа да, құр жылаумен мәселе шешілмейтінін біліп, өзін қолға алып, көзіне жас тығылғандай отырған Мақсұттың жанына келіп, «Жаным» деп, көжесін құйып берді. Мақсұт та өзінің дәрменсіздігін біліп, не айтарын білмей отыр. Болашағын ақылдасты. Қызы Арай енді Жарияштың анасының қолында. Мақсұт пен Жарияш екеулеп ақша тапса да, тамақтарынан аспайтын. Пәтер мәселесі – олар үшін күрделі мәселе. Мақсұтты институттан Түркияға жіберді. Бұл болашағына қалай да әсер етеді деген үміт сыйлады. Жатақханадан шығарылған әйел ұлы Дәрменмен күйеуінің тапсырып кеткен институтта өзіне дәріс оқыған ағайы Ағыбай Сләмұлы деген доктордың ұсынған үйіне көшті. «Экомед» деп аталатын перзенті жоқтарға көмек көрсететін орталықта жұмыс істейтін құрбысы Шараға мұңын айтып жеңілденіп алатын. Құрбысы да өзінің мұңын шертіп, басындағы сорын – енді ана атына ие бола алмайтындығын айтып, жылап алады. Кейін Шара денеден тыс ұрықтандыру, суррогат ана болудың мән жайы – жалпы өзінің жұмысы туралы ақпарраттандырып, өзінше құрбысының көңілін аулайтын. Күндердің бір күнінде балаларының болашағын, өздерінің болашағын ойлап шаршаған ана Шараға сыр шертіп, арасында көзіне жас алып, құрсақ ана болғысы келетін тілегін білдіріп, солайша пәтер мәселесін шешкісі келетіндігін айтады. Ана баласы үшін, оның болашағы үшін не істемейді, нендей әрекетке бармайды? Жарияштың күйі де сол... Күйеуі жанында болғанда басқаша болар ма еді?! Себебі ер азамат үйде болғанда қолдау беріп, үміт сәулесін сыйлайды ғой, ақылдасып бір шешімге келеді ғой. Ал қазір? Қазір әйел байғұс ұлымен екеуі ғана. Күйеуі үшін де, өзі үшін де, балалары үшін де өзі шешім қабылдауда.
Суррогат ана – өзгенің баласын 9 айы бойы құрсағында көтеріп, босанатын әйел. Жүктілік процесі ЭКО процедурасы арқылы жүзеге асады. Яғни биологиялық ананың жұмыртқасы мен әкесінің ұрығы будандастырылып, эмбрион жасалады. Сол эмбрион 5 күн ішінде суррогат ана жатырына салынады [3].
Шара құрсақ анаға қойылатын талаптардың көп екендігін, оның денсаулығынан бастап, дүниетанымы, өмір сүру стилі, білімі, әдеттеріне дейін маңызды екендігін түсіндіреді. Мақсұт та бұл туралы хабардар болды. «...Байғұс әйел, бала тапқаннан басқа қолынан келері жоқ. Осыдан басқа қайтіп ақша табады? Мына Саин көшесінде қанша әйел тәнін сатып күн көріп жүр. Мыңдаған әйел ала қап арқалап, белі үзіліп жүргені анау. Осының бәріне кім кінәлі? Заман ба, заманды билеген адам ба?» [2, 42] деп, жанын қоярға жер таппай, қара ойға батса да, ақыры әйелінің айтқанына көнеді. Көнбеске шара бар ма? Бірнеше жылғы мәселені шешуге өзі дәрменсіз. Қолынан келгенін істейді, тырысады. Бірақ пәтер алуға жағдайы келмес. Әйелі мән-жайды түсіндіріп хабарласқан кезінде Мақсұттың аузына түскені: «Жарияш, пәтер алу үшін енді күніміз саған қарағаны ма?» [2, 51] болды. Іші өртеніп, алай-дүлей болып жатқанмен, өкініш сезімі жегідей жегенімен басқа не десін? Қолдан келер амал жоқ. Тығырықтан шығу жолы осы ғана шығар. Жарияш: «Мақсұт, біреулердің әйелдері шетел асып сауда жасап үйлерін асырап отыр ғой. Олардың кейбіреуінің күйеулері жұмыс та істемейді. Сен оқысам деп жүрсің, күнің маған қарап тұрған жоқ. Бітіріп келген соң-ақ біздің жағдайымызды жасарсың. Мен де қолымнан келгенін жасайын» [2, 51] деп айтқанынан қайтпады. Автор әйел психологиясын өте дұрыс, дәл береді. Бұл сөздерімен бас кейіпкер күйеуін жұбата да алды, көндіре де алды. Амалсыз қалған Мақсұт: «Жарияш, сен байқа, біреуге бала тауып берем деп денсаулығыңнан айырылып, өз балаларыңа ие бола алмай қалма» деп ескерту жасады алдымен...» [2, 51]. Себебі суррогат ана болу туралы шешім – тек әйел адам жасай алатын өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Суррогат ана болу бағдарламасы тек эмоционалды стресс қана емес, сонымен қатар табиғи жүктіліктің барлық қауіптері мен сынақтарын, сонымен қатар ұрпақты болу технологиясын қолданумен байланысты қосымша асқынулардың пайда болу мүмкіндігін де қамтиды.
Жазушы құрсақ ананың жүктілік кезіндегі суретін, сезімін шебер бейнелейді: «Бұрын балаларына екіқабат кезінде Мақсұт ішін тыңдап, кейде сипап «сөйлесетін». Енді жанында ондай әкесі болмаған соң, қызы ер адамның дауысын естімей өсіп жатты. Теледидар қарағанда бұрынғыдай мелодрама, талас-тартысы бар кинолар қарамайды, танымдық хабарлар көруге тырысады»
[2, 54]. Себебі құрсақтағы бала – «тапсырыс» (заказ). Еркелеп, ішіндегі түрлі сезімді, эмоцияны шығаратындай жолдасы да алыста. Тоғыз ай бойы көтеріп, балаға әбден бауыр басып қалған ана ертең бұны басқа біреулерге қалай береді екен. Мәңгіге ұмыта ала ма? Әрине жоқ. Оқып отырып фильм көргендей боласың, жаның ауырады. Өте аянышты. Құрсағындағы сәбиге еш билігі жоқ. Ішінде жатыр демесең, басқа біреудің баласы. Құрсағын жай ғана жалға беріп тұр бұл. Оның билігі басқа адамда. Не десе де сонікін істейді, келісім шарт солай. Айғаным – көркем, өте мейірімді әйел. Дәулетті, хас сұлу болғанымен бір перзент көтеруге денсаулығы жарамайды. Әйел ретінде бәрі дұрыс, тек жүрек ауруына байланысты бала көтеруге болмайды. Айғаным Жарияштың бар жағдайын жасап, күтіп, баптады. Ертегілер оқыды. Себебі суррогат ана мен генетикалық ата-ана арасындағы теңдестірілген қарым-қатынас көбінесе баланың генетикалық ата-анаға деген бауыр басушылық туылғанға дейін пайда болуына әкеледі. Бұл олардың балаға деген шынайы сүйіспеншілігін қажет етеді, өйткені нәресте барлығын сезеді. Психолог ғалымдар құрсақ ана – бала – генетикалық ата-ана үштігінің эмоционалдық байланыс сапасы – маңызды факторлардың бірі деп анықтаған. Генетикалық ата-ананың балаға деген махаббаты, онымен байланысты ойлар, суррогат ананың олармен бөлісетін қарым-қатынас байлығы баланың жасушалық жадына және дамып келе жатқан ұрық психикасына әсер етеді.
Жарияның босанар күні де келді. Бақырып жарық дүниеге келген шарананы Айғанымның жалаңаш кеудесіне тастай салды. Жарияшқа емізуге де әкелмеді. Бұл да дұрыс қой. Бауыр басып қалмасын. Жария да мұны түсінген. Туу туралы куәлігіне әкесі – Жақсыбек, анасы – Айғаным деп жазылды. Бәрі мәз-майрам. Қуанып тұр. Тек Жарияштың іші алай-дүлей болып жатыр. Қайткенмен тоғыз ай бойы бірге болып, жүрегінің астында ұстап, өзінің баласындай күтіп, әңгімелесті де ғой. Ауыр сезім. Жарияштың мықтылығы, антына беріктігі ғой «кеудесін тастай етіп таңып алып, перзентіне де көңілі тастай болып қатып бара жатты». «Келесі жетіде Айғаным Жарияның үйіне келіп, жаңа салынған элиталық ауданнан екі бөлмелі үйдің кілті мен құжаттарын берді. – Еліміздің астанасы Ақмолаға ауысқалы жатыр екен, біз сонда көшеміз, енді көріспеспіз. Айтпақшы, қызым өзіме тартыпты, – деп көзі нұрланып тұрды да, – сен бізді ұмыт, жаным! Ал мен сені өмірі ұмытпаймын! Бізге бақыт сыйладың, – деп бетінен сүйіп, қуаныштан көзінің жасы көл болып қоштасты...»
[2, 60] деген сөз орамдарын автор тым шебер қолданып, оқырманды ерекше толғандырып, иландырады. Біресе екі баласының жарқын болашағы үшін жатырын жалға берген анамен бірге отырып көзіңе жас алғын келеді, біресе бір перзентке зар болған Айғаным үшін қуанғың келеді. Үйдің кілтін алды ғой, бірақ бұл бала есінен кете ме екен, оның есінен мәңгіге өшірілуіне кім кепіл?!
Суррогаттылық тақырыбы қазақ жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Асқар Алтайдың «Бүкір» әңгімесінде де қозғалады. Бірақ бұл автордың жазу тілі С.Досжанның жазу тіліне қарағанда күрделірек. Жазушы құрсақ ана тақырыбына басқа қырынан келіп, суррогат ана қызметі арқылы бала сүю сезімін өзгеше суреттейді. Басты кейіпкер Аманболдың бозбала шаққа жете бергенде қос жауырынының арасына нардың өркешіндей шеміршек бітіп, «Бүкір» атанады. «Аса талантты суретші» атанған бұл отбасы құрмаған күйімен қырықтың қырқасына іліккен. Оған жаны ашыған Байсарының ақылымен Аманбол алыс ауылдан келген студент қыздан екі жүз көк қағазға ұрық сатып алады да, сурогатана қызметіне сүйенеді. Сөйтіп ұлды болады. Бұл сәтті жазушы былай суреттейді: «Екі күнде егіз балалы болғандай, есі шығып-ақ кетті», «Жалғыздықты жар тұтқан суретшіге сәби сор болды», «Шикөкпеден мұны кәрі анасы мен кенже інісі құтқарды ғой. Келін бірден сәби Жанболатты бауырына басты. «Бір жарым жасқа жеткенше жеткізіп берейік» деп алып кетті», «Сәбиін сұрағандарға «детдомға» өткізе салдым деп қитыға қалатын» [4]. Бұл екі әңгімеден де біз қалам иелерінің тақырыпты берудің өзіндік шеберлігін көріп отырмыз: С.Досжанның әңгімесінде бала генетикалық ата-анасына қуаныш әкелсе, А.Алтайдың әңгімесінде ол қиындық туғызды. Бірінші әңгімеде құрсақ ана (Жарияш) шарасыздан барса мұндай әрекетке, екінші әңгімеде ол (Оксана) ақша табу көзі деп барды. Оны біз мына үзіндіден байқай аламыз: «Оксана құрсақ құнын он мыңнан жиырма бес мың долларға дейін оп-оңай көтеріп, екеуара нотариуспен заңды түрде бекітіп тастады» [4]. Екеуі де құрсақ ана, екеуі де бұл үшін көп ақша алады, бірақ екеуінің мақсаты әр басқа.
Бүгінгі қоғамда бұл мәселе – актуальды мәселе. Бірақ мәселе балада емес, анада болып тұр. Біреуі денсаулығына байланысты құрсақ ана іздейтін болса, екіншілері әдемілігін жоғалтып алмас үшін ізейді. Кей нәзік жандар бұны тіпті ақша табу жолына, бизнеске айналдырып алған. Бір қызығы, суррогат ана болуды табыс көзі ретінде заңмен реттеген елдер қатарында Американың бірқатар штаттары, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей Федерациясы, Грузия, Украина, Белоруссиямен бірге Қазақстан да бар. Бразилия заңы бойынша, бөтен біреу суррогат ана бола алмайды, тек туысқаны ғана құрсақ ана болуға құқылы. Тіпті Австрия, Норвегия, Швеция, Франция және Американың бірқатар штаттарында, Италия, Швейцария, Германия сияқты Еуропа елдерінде де оған тыйым салынған. Ал Италия, Франция, Германия елдерінде оны бұзғандарға көп көлемде айыппұл салынып, тіпті түрмеге жабуға дейін барады. Австралия, Ұлыбритания, Дания, Италия, Израиль, Испания, Канада, Нидерланды және Американың бірқатар штаттары әйел жатырын жалға беруді рұқсат еткенімен, суррогат анаға ақы төленбейді. Мұсылман елдерінің жайы белгілі