Файл: Малімні есімі Абитаева Айнаш Мейрмановна, бастауыш сынып малімі Антоновка орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«11 - ден 20-ға дейінгі санадарды оқу, жазу, құрылу жолын білу» математика пәнінен сабақ жоспары, 1сынып

Мұғалімнің есімі:

Абитаева Айнаш Мейрмановна, бастауыш сынып мұғалімі

«Антоновка орта мектебі» КММ Антоновка с. Айыртау ауданы СҚО


Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.1.1.5

11 - ден 20-ға дейінгі санадарды оқу, жазу, құрылу жолын білу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

11 -20 сандарды оқиды, жазады, құрылу жолын біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

11 -20 сандардың көршілерін, ондық құрамын біледі; ортақ заңдылықты тауып, артық заттарды таба алады; күнделікті өмірден тақ сандарға, жұп сандарға, екі таңбалы сандарға мысалдар келтіре алады; қоғамдық жерде әдеп сақтау қажеттігін түсінеді, айтады.

Кейбір оқушылар:

ұжымдық жұмыс барысында басшылық жүргізе алады



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Тыңдайды, өз ойын жеткізеді

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ондық - десяток – tens, бірлік – единица - ones

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

  • Қандай сандар біртаңбалы деп аталады? Екі таңбалы деп?

  • Тақ сандарды атаңдар.

  • Жұп сандарды атаңдар.

  • Ондық пен бірліктерді қалай ажыратамыз?

Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?

  • Неліктен бұл сандар екі таңбалы деп аталады?

  • Не үшін автобуста, театрда орындарды нөмірлейді деп ойлайсыңдар?

ишара:

Үндемей 10-20 сандар қатарын құру

Алдыңғы оқу

1-10 тура, кері санайды, сандар қатарындаңы реттік нөмірін біледі;

11-20 тура, кері санайды, сандар қатарындағы реттік нөмірін біледі;

1-20 сандарын 2-ден топтап тура, кері санайды, тақ, жұп сандарды біледі.

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы

2 мин

Үнтаспа ойнап тұрады.

Психологиялық ахуал «Қайырлы күн». Шеңберде:

Таң атты (қолдарын биікке созады)

Күн шуағын төкті (алақандарын сермейді)

Мен ояндым (керіледі)

Мектепке қуана келдім (орында түрып жүреді)

Қайырлы күн, достарым!

Үнтаспа

Ортасы

8 мин

8 мин

9 мин

5 мин

1 тапсырма.

Қызығушылықты ояту (шеңберде)

  • 1-20, 20-1 тура, кері санайды;

  • 2- ден топтап тура, кері санайды;

  • 1-20 санап, тақ санды айтса, бір рет шапалақ соғады, жұп сан айтса, екі рет шапалақ соңады;

  • «Орныңмен ауыс» ойыны.

Мұғалім бір рет шапалақ соқса, тақ сандар орнымен ауысады, екі рет шапалақ соқса, жұп сандар ауысады.

  • Тақ сандар мен жұп сандарға өмірден мысал келтіріңдер.

(бір: ана, әке, мүрын, бас; бес саусақ, жеті күн, жеті ата, жеті қазына; екі: ата, әже, аяқ киім, көз, құлақ, қолғап; үстелдің (жануардың) төрт аяғы, екі қолда он саусақ т.с.с..)

Мұғалім: - Оң жағымда тұрған оқушыдан бастап, санай отырып, жұпқа бөлініп, отырыңдар.
2 тапсырма:

Ресурстарды пайдалана отырып, 10 затты санап алыңдар, бір қатарға орналастырыңдар. - 10 бірлік - неше ондық?

  • Екінші қатарға тағы 1 зат қой. Барлығы қанша? Қима сандармен көрсет.

  • Бұл санда неше ондық, неше бірлік?

  • Ендігі санды осылай құрастырыңдар, ондық құрамын айтыңдар.

Осылайша жұмысты 20-ға дейін жалғастырады.

  • Екі таңбалы сандарды күнделікті өмірде қайда кездестіруге болады?

(10, 11 сынып, үйдің, пәтердің нөмірі, автобуста, театрда орынның нөмірі, сағат циферблаты, спортшының нөмірі)

  • Не үшін автобуста, театрда орындарды нөмірлейді деп ойлайсыңдар?


3 тапсырма. «Үндемес» ойыны.

Шашылып жатқан цифрларды таңдап, екі таңбалы сандарды жұптастарып құрастыру, 10-20 сандар қатарын құру.

- Тақ сандарды құрған жұп алға бір қадам жасаңдар.

- Жұп сандарды құрған жұп алға бір қадам.

- 15 санының көршілері алға бір қадам. (соған сәйкес 19, 11 сандарының көршілері).

- Жұптағы ондықтар артқа бір қадам.

- Жұптағы бірліктер артқа бір қадам.

- Бұл сандар неліктен екі таңбалы деп аталады?

Үш тілде ондық, бірлік атауларын айтып үйренеді.

Ондық - десяток – tens, бірлік – единица - ones

4 тапсырма. Жеке жұмыс.

Кеспе қағазда бейнеленген заттарды (кофе дәндерін, түймелерді, жұмыртқаларды, алмаларды) санап, санмен сәйкестендіреді, сандық құрамын толықтырады.

16= 1онд…б ірл.

15=… онд.5 бірл.

13= …онд… бірл.

6= 0 онд…бірл. (1-қосымша)

  • Мұндағы заттардың ортақ заңдылығын анықтап, артығын қорша. (алма –6 - бір таңбалы сан)


АКТ

Генеалогиялық ағаш суреті


Санамақ, қарындаш, фасоль, түйме

Қима сандар

Жылжымалы қалталы ұяшық

Қима сандар

Кеспе сандар

Интербелсенді тақта

Кеспе қағаздар

Аяқталуы

3 мин


Кері байланыс «Үш себет» әдісі.

«Бәрі түсінікті» – екі таңбалы санды, «жартылай түсіндім» – біртаңбалы санды, «түсінген жоқпын» – 0-ды себетке салады.



Екі себет, цифрлар

Қосымша ақпарат. Генеалогиялық ағаш - шежіре

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Түрткі болу сұрақтары

Серіктесе оқыту

Ұжымдық жұмыста басшылық рөлі


Қалыптастырушы.

БП (2-қосымша)


Дүниетану, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.

«Отбасы» құндылығы, әдептілік.



2-қосымша

Бағалау парағы



Тапсырма

Аты-жөні































1

№1 тапсырма

Дескриптор: 1-20, 20-1 тура, кері санайды;

2-ден топтап тура, кері санайды;

Тақ, жұп сандарды біледі, атайды, мұғалімнің нұсқауы бойынша орнымен ауысады;

Тақ, жұп санға өмірден мысал келтіре алады.
































2

№2 тапсырма.

Екі таңбалы сандарды құрастырады;

Ондық құрамын біледі;

Екі таңбалы сандарды күнделікті өмірде қай жерде кездесетінін біледі, мысалдар келтіреді.

Қоғамдық жерде әдеп сақтау қажеттігін түсінеді, айтады.
































3

№3 тапсырма.

Екі таңбалы сандарды екі цифрмен жазылатынын біледі;

11-ден 20-ға дейінгі сандарды құрастырады, жазады, оқиды;

11-ден 20-ға дейінгі сандарды сандар қатарына орналастырады, көршілерін біледі;

Екі таңбалы екенін дәлелдейді.

Тірек сөздерді үш тілде айтады, біледі.
































4

№4 тапсырма.

Заттарды санайды, санмен дұрыс сәйкестендіреді.

Сан құрамын біледі, жазады.

Ортақ заңдылықты анықтап, артық суретті ажыратады.




































13



16




8

14

16 = 1онд…б ірл. 13 = …онд… бірл.

15 =… онд.5 бірл. 6 = 0 онд…бірл.