Файл: Кні 14. 02. 2022 Топ эс19.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні: 14.02.2022










Топ : ЭС-19

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Органикалық заттардың формуласын табуға есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формулаларын элементтердің массалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы арқылы шығару.




Сабақ мақсаттары

Органикалық заттардың молекулалық формуласын табу мәселелерін шешу дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийі

Білім алушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Газдардың салыстырмалы тығыздығы арқылы заттың молярлық массасын анықтайтын формуланы қолданады

  • Дұрыс есептеулер жүргізеді

  • Физикалық шамалардың анықталу бірліктерін жазады

  • Заттың молекулалық формуласын көрсетеді

Құндылықтарды дарыту



Сыныптастың пікірін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру

Адамгершілік нормаларын, достық қарым-қатынастарын, жауаптылығын, тыңдау дағдыларын дамыту

Пәнаралық

байланыстар

  • физика

АКТ қолдану

дағдылары

Презентация, видеофрагмент бойынша тапсырмалар, суреттер, интерактивті тақта.

Бастапқы білім

8.2A Атомның электронды құрылысы.

8.4В Көміртегі және оның қосылыстары.

9.1В Қосылыстардың құрамы.

10.3А Органикалық химияға кіріспе.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



- Сәлемдесу, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін жариялау.

- Оқушылар жұп бойынша сабақтың кілт сөздерін 3 тілде айтады

- «True-False» ойыны түріндегі материалдарды қайталау

  • Органикалық заттардың құрамында тек көміртегі пен сутегі бар.

  • Метанның формуласы - С2Н4

  • Этанол – молекуласында бір атомы ОН- тобына ауыстырылған этанның өнімі

  • Пропаналь – альдегидтер класының өкілі

  • Органикалық қосылыстардың молекулаларында көміртегі атомының валенттілігі 4-ке тең

  • Заттың құрылымдық формуласы молекуладағы атомдардың тәртібін көрсетеді




Power point презентациясындағы слайдтар

1, 2, 3

Сабақтың ортасы



- Есептер шығару.

1 есеп.

  • Көмірсутектің буларының сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 35-ке тең. Оның құрамындағы көміртегінің массалық үлесі 85,71%-ды құрайды. Көмірсутектің молекулалық формуласын шығарыңыз.

№1 есепті шешудің 1-ші жолы.

  • Көмірсутектің формуласын СхНу деп алайық.

  • Формуланы қолданып, белгілі тығыздығы бойынша молярлық массасын анықтаймыз:



  • М(СхНу)=35*2г/моль=70г/моль

  • = m(C)/m(CxHy)*100%= /100%=x*A.r.(C)/M(CxHy)

  • 85,71%/100%=12х/70

  • 12х=85,71%*70/100%

  • 12х=60

  • х= 60/12=5

  • С5Ну

  • 12*5+1*у=70

  • У=70-60

  • У=10

  • С5Н10

  • Жауабы: С5Н10

2 есеп.

  • Құрамында 81,8% көміртегі және 18,2% сутегі бар заттың молекулалық формуласын табыңыз. Азот бойынша заттың салыстырмалы тығыздығы 1,57 құрайды.

№2 есепті шешудің 2-ші жолы.

Шешуі:

1. Тапсырманың берілгенін жазыңыз.

2. Салыстырмалы тығыздығы бойынша Mr(CхHy) салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіз:



3. Қатынастары бойынша х және у-ті табу:



4. Қарапайым формуласын жазу: С3Н8.

Тексеру: Мr(C3H8) = 44, сәйкесінше, C3H– шынайы формуласы.
3 есеп.

  • Көмірсутегінің молекулалық формуласын табыңыз, көміртегінің массалық үлесі 83,34%-ды құрайтын болса. Ауа бойынша оның буының салыстырмалы тығыздығы 2,483-ке тең.


- «Сен - маған, мен - саған» . Жұппен жұмыс.

Оқушылар дәптерлерін алмастырып, 3-ші есепті келесі критерийлер бойынша тексеруі керек:

  • 1. молярлық массаны және 1 моль көмірсутектің массасын тапқанына (1 балл)

  • 2. 1 моль көмірсутегіндегі көміртегі мен сутегінің массасын тапқанына (1 балл)

  • 3. 1 моль көмірсутегіндегі С және Н атомдарының зат мөлшерлерін және қарапайым формуласын көрсеткеніне (1 балл)

  • 4. заттың шынайы формуласын тапқанына (1 балл)

  • 5. жауабын жазғанына (1 балл)

Жалпы: 5 балл

3-ші есептің дұрыс шығарылған жауаптарын қағаздарға шығарып, таратып беру.

  • М (СхНу)= 29г/моль* 2,483=72г/моль

  • m(СхНу)= 72г

  • m(С)= 0,8334*72=60г

  • m(Н)=(1-0,8334)*72=12г

  • n(C)=60/12=5моль

  • n(Н)=12/1=12моль

  • С5Н12- КС-ң қарапайым (эмпирикалық) формуласы

  • М(С5Н12)=72

  • С5Н12- КС-ң шынайы (молекулалық) формуласы

- Бекіту.

4 есеп.

Көміртегі, сутегі және оттегінің массалық үлестері сәйкесінше: 52,18%, 13,04% және 34,78%.

Сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 23-ке тең

а) Заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.

b) Осы қосылыстың құрылымдық формуласын жазыңыз.

5 есеп

Белгісіз бір көмірсутектің буларының оттегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,375-ке тең. Сутегінің массалық үлесі 18, 2%-ға тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңыз.

6 есеп.

Көмірсутектегі көміртектің массалық үлесі 83,33%-ға тең. Сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 36-ға тең. Қосылыстың формуласын анықтаңыз.

7 есеп.

82,75% көміртегі және 17,25% сутегі бар заттың формуласын шығару керек. Ауа бойынша осы заттың буының салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең.



Power point презентациясындағы слайдтар

4-14


Сабақтың соңы


Рефлексия:

-Үй жұмысы.

  • Егер сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 22-ге тең болса, онда көміртегінің 81,8% және сутегінің 18,2% үлесі бар заттың формуласын анықтаңыз.




Power point презентациясындағы слайдтар

15-16