Файл: Бизнесжоба таырыбы Кредиттік нысан ретінде KinoTime кинотеатры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 89

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«АТАМЕКЕН» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ

Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі

Оқу орнының атауы



БИЗНЕС-ЖОБА

Тақырыбы: Кредиттік нысан ретінде

«KinoTime» кинотеатры



Орындаған:

Қылышбай Наурызбек

«Мұнай газ кен орындарын пайдалану» II курс

Акилбай Райгүл Ақылбайқызы

«Құқықтану» III курс

Гилятова Зульфинат Адгамқызы

«Құқықтану» III курс

Жетекші:

«Менеджмент» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Саматова Әйгерім Саматқызы


АТЫРАУ, 2022

БИЗНЕС-ЖОСПАР ҮЛГІСІН ТОЛТЫРУ

______________ «KinoTime» кинотеатры__________________________

Жобаның атауы



1. Жобаның түйіндемесі:


Аты-жөні

«KinoTime» кинотеатры

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Мекенжайы

Атырау облысы, Құлсары қаласы

Жеке куәліктің №

********* 

Туған күні және туған жері

********* 

ЖСН

********* 

Мамандығы

********* 

Мүгедектіктің болуы

********* 

Байланыс деректері

8 – 778 – 914 – 51 – 92

8 – 778 – 131 – 91 – 03

8 – 775 – 632 – 24 – 40

8 – 775 – 265 – 36 – 94

Қарыздың/гранттың нысаналы мақсаты:

Жобаның концепциясы қала тұрғындары мен жастарының демалыс және бос уақытарын тиімді өткізу үшін, алғаш рет 150 орындық кинотеатр ашу болып табылады.

Валюта:

Теңге

Жобаның жалпы сомасы, мың теңге:




Оның ішінде қарыз/гранттық қаражат, мың теңге:

********* 

Оның ішінде меншікті қаражат, мың теңге:

********* 




Кестені жоба құны бойынша толтырыңыз


Атауы__Сомасы,_теңге__Кредиттік_/_гранттық_қаражат'>Атауы

Сомасы, теңге

Кредиттік / гранттық қаражат

Меншікті қаражат

Сомасы, теңге

%

Сомасы, теңге

%

Күрделі шығындар

6 202 000

6 202 000




-

-

Шикізат және айналым қаражатын сатып алу

4 845 000

4 845 000




-

-

Негізгі құралдарды сатып алу

15 950 000

15 950 000




-

-

Барлығы__26_997_000__26_997_000'>Барлығы

26 997 000

26 997 000




-

-


Қарыздың/гранттың нысаналы мақсатын толтырыңыз

Атауы

Саны

Бағасы, тг

Сомасы, тг

Кино ш

4

500 000

2 000 000

Ғимарат жалға алуы курд

1

500 000

500 000

Электрондық тақта нег

2

2 500 000

5 000 000

Акустика

6

650 000

3 900 000

Ноутбуктер

2

450 000

900 000

Принтер

2

60 000

120 000

Wi – Fi роутер

2

16 000

32 000

Камера

10

30 000

300 000

Жиһаз (орындық,үстел, сөре)

154

40 000

6 150 000

Желдеткіш

3

200 000

600 000

Тоңазытқыш

2

1 000 000

2 000 000

Ілгіштер (талондық нөмірлер)

4

75 000

300 000

Билеттер

3000

100

300 000

Попкорн автоматы

1

150 000

150 000

Сусындар

150 блок

1800

270 000

Қытырлақтар

30 коробка

300

225 000

Жүгері дәні

100

13 000

1 300 000

Ұсақ түйектер (қағаз стакан, майлықтар, трубочка)

600

50

300 000

Жарнама (SMM)

1

1 000 000

1 000 000

Декорациялар

1

500 000

500 000

Коммуналдық шығындар (газ,су,жарық)

3

250 000

750 000

Санитарлық торап

1

400 000

400 000

Барлығы







26 997 000



2. Өнімнің сипаттамасы

Өніміңіздің қысқаша сипаттамасын беріңіз


Жобаның мақсаты Құлсары қаласында тұрғындардың бос уақыттарын тиімді пайдалану; көркем фильмдер (отандық, шетелдік) және патриоттық тақырыптағы кинолар көрсету негізінде жастардың бойына тұлғалық, мотивациялық қасиеттерді сіңіру арқылы таным көкжиегін дамыту; цифрландыру кезеңінде адамдар арасында ең маңызды құндылық - қарымқатынасты нығайту; Отандық және шет елдердердің мәдениетімен танып білу мақсатында кинотеатр ашу жоспарлануда.. Кинотеатр ашық территорияда, қаланың орталық бөлігінде, жаппай демалыс орны маңайында орналастырылатын болады, ал бұл өз кезегінде көкремендер ағымыны тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Кинотеатр 2 қатарлы ғимарат жалпы ауданы 350 шаршы метр болатын жерде орналасқан, соның ішінде 2 кинозал, салқындатылған сусын сату орындары және басқа да тұтыну өнімдерін сататын жерлер, кассалық жайлар бар.

Кинотеатр жастардың қала тұрғындарының бос уақытын өткізу орны, танысу орны. Жоба бойынша мақсаттық аудитория көбіне жастар болады.

Нарық пен бәсекелестерді талдау

Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықты тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Кәсіпкерлік бағытының бір түрі ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар. Кинотеатрлар – цивилизацияланған демалыс, барлығының қолы жетімді және барлығына түсінікті, жастар мен отбасылық сауық түрі. Киноиндустрияда жыл сайын көрермендер саны артуда. Барлық Еуропа елдерінде, киноны қолдау орталықтары кинотеатрларға қолдау көрсетуде. Ресейде де нақты қаржылық қолдау көрсетілді. Резевтік қордан 2 миллиард рубльден астам қаражат бөлінді, ьұған дейін шамамен дәл осындай сома продюсерлік компанияларға берілген еді. Бұл - мемлекет басшылығының кинотеатр дейтін нарық сегментіне қаншалықты үлкен мән беретінін  көрсетеді. Ресейліктер қазір кинотеатрларға екінші рет қолдау көрсетуде, ол түрлі субсидиялар беру, жеңілдіктер және т.б. жүзінде көрсетіледі.  Қазіргі таңда халықтың көңіл көтеруін қанағаттандыратын мәдени және көңіл көтеру орталықтары яғни қызмет көрсету нарығы ұсыныстардың түрлілігімен белгілі. Әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Біреулер аттракциондарды, біреулері ойын клубтары немесе боулинг ал кейбірі кинотеатр және т.б көптеген орталықтарға барып көңіл көтергенді қалайды. Біздің қарастыратынымыз қазіргі таңдағы ең үлкен сұранысқа ие және қарқынды дамып, тоқтамай келе жатырған кинотеатр саласы. Бизнес ортаны талдау кезінде, нарықты жүйесімен тәсілін ескеру қажет. Қоғамдық өндіріс саласы бойынша бұл нарықтың қызметі, материалдық емес тауарлар өндірісінің нарығы болып табылады. Түпкілікті пайдалану сипаты бойынша - тұтыну мақсатындағы тауарлар нарығы. Пайдалану мерзімі бойынша - ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлар нарығы. Аумақтық қамтуы бойынша - әлемдік. Сатушылар мен сатып алушылар қатынасы бойынша - еркін бәсекелестіктегі нарық. Өткізу көлемі бойынша- үлкен тауарлары өткізетін негізгі нарық. Қазіргі кезде мұндай қызметтер ұсынысы халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге сәйкес келеді, және кинотеатрлар саныда жеткілікті . Демек, жаңа ұсыныстарды қажет ететін өте жаңа тауардың пайда болуы керек.




Бірегей сауда ұсынысы (БСҰ)

«KinoTime» кинотеатры Құлсары қаласы бойынша өз жеке басының форматындағы симбиозы

«KinoTime» кинотеатры бірегей сауда ұсынысы – бұл шетелдік және отандық кинофильмдерді Жылыой тұрғындарына көрсете алады.

Кинотеатр интерьер есебінен бірегей болып табылады. Кинотеатр іші халыққа жайлы , әдемі, демалуға арналады. Жылыой ауданы нарығында алғашқы кинотеатр.

«KinoTime» кинотеатры - бұл достық , романтикалық және отбасылық бірге болуға арналған орын.

Біз адамдарға жұмыстан немесе үйдегі күйбең тірліктен бос уақытта келе алатын “ үшінші орын” құрғымыз келеді.

БСҰ кестесін толтырыңыз

Тауардың немесе қызметтің атауы


+ Сіз бәсекелестерден немен ерекшеленесіз?

+ Неге?


KinoTime

Бұл жердің негізгі мақсаты Құлсары тұрғынын уақытын тиімді пайдалану. Отандық немесе шетелдік фильм дер тамашалай алады.

Жылыой ауданы Құлсары қаласы бойынша кинотеатр бойынша бәсекелестік қарастырылмаған .

Бізде кинотеатрда Жылыой тұрғындарына қаражат бойынша киноға кіруге билеттерге скидка жасалады.

Кинотеатр іші көрермендерге жайлы және кино реалистичный көріну үшін 3D очкилері беріледі.

  • KinoTime құрылу негізгі идеясы клиенттерге жақсы фильмдер ұсынып, көңілдері көтеріп , демалу үшін ұйымдастыру



3. Маркетингтік жоспар

Бұл бөлімде біз жарнаманы орналастыру бойынша клиенттерді іздеу процесін, клиенттер базасын сипаттаймыз. Маркетингтік процесті біз белсенді жарнамалық науқаннан бастаймыз, өйткені жарнама сауданы қозғайды. Маркетинг компания брендін құрудан басталады. Бұл компанияның фирмалық стилі және ішкі коммуникация тұжырымдамасы. Бірінші тармақ кинотеатрдың атауын, логотипін, ішкі дизайнын, сондай-ақ визиткаларды, маңдайшалар мен мәзірді безендіруді қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл кинотеатрдың барлық жарнамалық кампаниялары өткізілетін жалпы тұжырымдаманы құру. Ішкі коммуникация қызметкерлер мен ресурстарды жеткізушілер арасындағы өзара іс-қимылдың белгілі бір ережелерінен тұрады. www.kinotime.kz ақпараттық сайт құрылады және сайтты дамыту ЅММ және ЅЕО арқылы жүзеге асырылады.

Жарнама – үрдісті қозғаушы күш. Жобаның бастамасы осы жағдаятқа басты назар аударатын болады. Жобаның ұйымдастырушылары жарнамалық қызметтерін ғимараттың жанында орналасқан баннерге сыртқы жарнама, аудиовизуалды жарнама және видеожарнама орналастырады онда болатын сеанстың уақыты көрсетіледі және алғашында амбассадор қолданады. Сонымен қатар біздің кезіміздегі дәстүрлі ақпарат тарату амалдары қолданылады, instagram, facebook, афишалар жабыстыру.

Билеттің құны аса қымбат болмайды. Аудитория тарту мақсатында қосымша акциялар ұйымдастырылатын болады: 5 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін, зейнеткерлерге белгілі бір сеанстарда тегін және ардагерлермен мүгедектерге кез-келген сеансқа кіру тегін әр оныншы билеттің бонусы болады. Бонус ретінде шағын, бірақ ұнамды сыйлар берілетін болады, мысалы, бір қалта попкорн немесе газдалған су. Попкорн, қытырлақ картоп(чипсы), салқындатылған су саудасы жобаның бастамашыларына бұл бизнестің жылдам арада өзін-өзі ақтап алу мүмкіндігін береді және алармандар тартуға ықпал етеді.

"Сарафан" - қызмет көрсету нарығында жақсы жұмыс істейтін жарнама екені ешкімге құпия емес. Бірақ сіздің "сарафан" жұміс істеу үшін көп әрекеттену керек!