Файл: Медицинский университет кафедра анатомии с курсами.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 38
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ | | НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ | |
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ | МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ | ||
| | ||
|
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Тақырыбы:Ауыз қуысы мен қарындағы ас қорыту. Қарын сөлінің ферменттік қасиетін зерттеу. Жіңішке ішектегі ас қорыту.
№1Тапсырма.
1. Ас қорыту жүйесінің қызметтерін клиникалық және физиологиялық әдістерін.
2. Ас қорыту жолының қызметтерін зерттеудегі қолданылатын негізгі фистулалық әдістерін.
3. Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен топографиясын
4. Ауыздағы, қарындағы өтетін астың қорытылуын. Сілекей мен қарын сөлінің құрамын, олардың бөлінуінің реттелуін.
№2 Тапсырма.
1. Қарынның, ішектің қимыл әрекетін, олардың түрлерін, реттелуін.
2. Ішектегі өтетін ас қорыту түрлерін.
3. Ішек-қарынның қимыл әрекетін зерттеу әдістерін.
4. Ас қорыту үрдістеріндегі ұйқы безі мен бауырдың маңызын.
5. Асты сіңіру және ас сіңіру механизмдерін.
№3 Тапсырма.Ас қорыту жолдарының әртүрлі бөліімідегі заттардың сіңуі:
АІЖ-ның бөлімі | Сіңіетін заттар |
Ауыз қуысы (шайнау , жұту) | ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. |
Асқазан | азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын — бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Қарындағы азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтіп, химиялық жолмен қорытылады. Қарындағы биологиялық өңдеу нәтижесінде түзілген газ тәрізді және кейбір ерітінді заттар алдыңғы қарын бөлімдерінің қабырғалары арқылы-ақ қан және лимфа тамырларына сіңіріле бастайды.Адамдар мен жыртқыштардың қарны бір камералы, қарын түбі, кардиалды және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөліктерінен құралған. Адам қарынның көлемі 1,5-2,5 л ол әйелдерге қарағанда еркектерде біраз үлкен. |
Аш ішек | адам ащы ішегінің ілмекгі келген ең ұзын бөлігі. Ол құрсақ куысындағы ұзын ішек шажырқайына ілініп, көптеген ішек ілмектерін түзеді. Ішектің ұзындығы қоректену сипатына тікелей байланысты. Адамдарда аш ішек — қысқа болып келеді. Кемік сүйек затының сүйектік арқауын, жілік бастарына сырттан түсетін күш бағытгарына сәйкес бір-біріне әртүрлі бұрыштар жасап орналасқан сүйектік тақташалар құрайды. Олардың аралықтарындагы ұяшықтарда организмдегі қан түзілу процесінің орталық мүшесі — сүйектің қызыл кемігі майы болады. Жілік бастарының буын қуысы жағындағы буындық беттері гиалинді шеміршекпен қапталған. |
Тоқ ішек | Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бу йен деп аталады. Бүйеннің томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді түйық өскін соқырішек (аппендикс) болады. Оның қабынуынан болатын ауру - сокырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның сілемейлі қабыкшасында жарты ай пішінді ірі өрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (өсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. |
№ 3 Тапсырма.Қуыстық және қабырғалық (мембранналық) ас қорыту
Қуыстық | Қабырғалықе(мембраналық) |
Қуыстық ас қорьтту ұйқы безі, ішек бездері сөлдерінің, еттің құрамындағы ферменттердің әрекетімен ішек қуысында жүреді. Бұл процестің нәтижесінде ірі молекулалы қосылыстар әр түрлі олигомерлерге — жай пептидтерге, дисахаридтерге және моноглицеридтерге бөлшектеніп, одан әрі мономерлерге — қарапайым соңғы өнімдерге дейін ыдырайды. | Мембраналық ас қорыту процесі ішектің кілегей қабығының құрылымдық ерекшелерінің нәтижесінде атқарылады. Ішектің кілегей қабығының ішкі бетіңде бүрлер мен микробүрлер болатынын баяндап өткенбіз. Осы құрылымдарды көмкеріп тұратын мембрана құрамында күрделі ферменттік жүйе болады, сонымен қатар мембрана беткейіне ішек қуысынан да ферменттер тұтылады. Алдын ала ішек қуысында өңделген қоректік заттар молекуласы ішек қабырғасымен жанасқан кезде оларға микробүрлер тұтқан, не олардың мембранасы құрамына енген ферменттер әсер етіп, толық қорыту (ыдырату) процестерін жүргізеді. Бұл процесс гликокалис (шырышты тор) қабатында, мембрана беткейінде және микробүрлер мембранасының өзінде атқарылады. Соңцықтан да ас қорытудың бұл кезеңін жанаспалы, немесе қабырға беткейіндік, ас қорыту деп те атайды. Сонымен, мембраналық ас қорыту процесін не химус құрамынан тұтылған ферменттер (α-амилаза, дисахаридаза, аминопептидаза, сілтілік фосфатаза т.б.) жүргізеді. |
Орындаған студент: Күмісбек Бағдат
Тобы: 205А факультет