Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы 1саба. Тіл жне сйлеу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: 1-сабақ. Тіл және сөйлеу
Бөлімі: | Менің Отаным-Қазақстан |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Біледі,түсінеді, қолданады |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1 Тыңдалған материалдыңмазмұнынтүсіну 4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту |
Сабақтың мақсаты: | Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде сөйлеу қорын дамыту |
Бағалау критерийлері | Диалогке қатысады; Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі | Жағымды психологиялық ахуал орнату. «Мен Отанымды жақсы көремін» тренингі 1. Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз, өзіңіздің басыңызды сипаңыз; 2. Егер сіздің досыңыз болса, көршіңіздің басын сипаңыз; 3. Егер сіз ата-анаңызды жақсы көрсеңіз, көршіңізді құшақтаңыз; 4. Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз; 5. Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! Суретпен жұмыс. Сөйлеу түрлерін атау 1.Амандасу 2.Бата беру 3.Диалог Дескриптор: 1.Амандасу әдебі туралы біледі 2.Бата сөздерді пайдалана алады 3.Диалогқа түсе алады | Айтылған әреттерді жасайды Өз ойларын айтады Дескриптор бойынша сөйлеу түрлерін орындап көрсетеді. | Ауызша мадақтау ҚБ. Жарайсың! | Баяу музыка қосу Суреттер |
Сабақтың ортасы | Түсіндірме Тіл адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы болып табылады. Ой- сөйлеу арқылы сыртқа шығады. Сөйлеу барысында екі ерекшілік байқалады: біріншісі – сөзді қабылдау және түсіну; екіншісі – ойдың сөйлеу арқылы жеткізілуі. 1-тапсырма Дескриптор: Мәтінді түсініп оқу Оқу мәнерін сақтау, Мазмұнын айта білу; «Тыңдау» әдісі Мәтінді мәнерлеп оқу Байлығым - байтақ жерім, бақытты елім. Көрчең, көз тоймас асқар шыңды тауларым, миуалы бауларым, асу-асу белдрім, айдын-айдын щалқар көлдерім, орам-орам орманым. Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан кең- байтақ жерімізге ірі-ірі елдер тұтасымен сыйып кетері анық. Елімізде жүзден астам ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүреді. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екенің бірі біледі. Ал ғарышқа жол “Байқоңырдан” басталалтынын мақтан етпейтін кім бар?!Орынды мақтаныш. Елім де, жерім де оған әбден лайық. 2-Тапсырма Дескриптор 1.Сөздерді дұрыс оқу 2.Сөздерді толықтыру 3.Қатесіз,әдемі жазу Тірек сөздердің қатарын толықтырып жаз. Байлық, байтақ жер, бақытты ел, асқар шыңды таулар, ... Дұрыс жауабы Байлық, байтақ жер, бақытты ел, асқар шыңды таулар, миуалы баулар, асу-асу белдер, айдын-шалқар көлдер, орам-орам орман. 3-тапсырма. Айтылған пікірлер дұрыс немесе жалған екенін анықта. 1. Менің байлығым - байтақ жерім, бақытты елім. 2. Байтақ жерімді асқар шыңды таулар, миуалы бақтар, айдын шалқар көлдер, қалың ормандар құрайды. 3. Қазақ даласы Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. 4. Елуден астам ұлт өкілдері бізбен бірге тату-тәтті өмір сүруде. 5. Жер қойнауымыз алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға бай. 6. Мен жерімнің байлығын, елімнің бірлігін мақтан етемін. Дұрыс жауабы: Жалған пікір: Елуден астам ұлт өкілдері бізбен бірге тату-тәтті өмір сүруде.. Дұрыс пікір: Елімізде жүзден астам ұлт өкілдері бізбен бірге тату-тәтті өмір сүруде. Дескрипторы: Оқу дағдысы жақсы Жалған пікірді дұрыс пікірге айналдырды. 4-тапсырма Оқы. - Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? - Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. - Сен қай тілде сөйлейсің? - Мен қазақ тілінде сөйлеймін. | Мәтінді мәнерлеп оқиды Дәптерлеріне сөздерді жазып алады Дұрыс және жалған пікірлер айтады Өз ойын еркін жеткізуге тырысады Диалог құрады | ҚБ: Смайлик» әдісі Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық ҚБ: Жақсы орындау! Тамаша жұмыс! Кереметсің! ҚБ: Өзін-өзі бағалайды Формативті бағалау Мадақтау, мақтау | Қазақстан туралы слайд Еліміз туралы суреттер Алтай, Атырау Жерлерімен суреттер арқылы таныстыру Қазақ халқы туралы бейнебаян |
Сабақтың соңы | Жазба жұмысы 5-тапсырма “Қазақ тілі – ана тілім” тақырыбында көпшілік алдында сөйлеуге дайындал. Ол үшін: 1. Жоспар құр; 2. Не сөйлейтініңді құрған жоспарыңа сәйкес ретте; 3. Сөзіңді түсінікті, мәнерлі жеткізуге тырыс; 4. Сөйлегенде қанатты сөздер мен мақал-мәтелді қолдануды ұмытпа. Дұрыс жауабы. Жоспар: 1. Туған тіл 2. Әр ұлттың өз тілі 3. Ана тіліндегі жылы сөз | Достарының алдында сөйлеуге әрекет жасайды Жоспар бойынша өз сөзін реттеп алады. | Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау, толықтыру жасау, бағыттау. ҚБ: «Бас бармақ» | Тіл туралы қанатты сөздер |
Кері байланыс | «Білім пирамидасы» кері байланыс постері арқылы өзіңді бағала. | Кері байланыс жасайды | «Білім пирамидасы» кері байланыс парағы | |