Файл: Ерте жктілікті алдын алу (кеес беру) ыздар арасында.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Соркөл орта мектебі КММ
«Ерте жүктіліктің алдын алу»
(кеңес беру)
Қыздар арасында
(дәріс, кеңес)
Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу — халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады.
Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленері сөзсіз. Қыздардың бірі жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері ағысы қатты арналы өзен сияқты,бірі момын да жуас, енді бірі өткір де өжет.
Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар аралығындағы қыз балалар тәрбиесі алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу.
Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету. Мейіріділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.
Ерте жүктілік
Ерте жүктілік неге әкеп соқтыруы мүмкін?Қыз баласы физиологиялық тұрғыдан ана болуға әлі дайын емес уақытындағы ерте жүктілік ауыр асқынуларға әкеліп соқтырады.
Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.
Ерте жүктілік немен қауіпті? Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!
Психологиялық жұмыстың жүргізілуі туралы хаттама.
Жұмыстың түрі мен өткізу формасы .
Күні:
Тақырыбы: Қыздар арасында (дәріс, кеңес)
Мақсаты: Қыз баланы тәрбиелеу, құрметтеу, ізет білдіру туралы жалпы кеңес беру. Қыз балаларға жеке гигеналық тазалық, осы өмірдегі болашақ ана ретіндегі міндеттері туралы, сонымен қатар, қыз балалрға қандай қылықтардың ересі екені туралы түсінік беру.
Қатысқандар саны: 24 оқушы
Сыныбы: 8-9 сыныптар
-
Жүргізілу барысы: Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті екенін айта отырып, қыз бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керек екендігін ескерту. -
Қорытынды: Жалпы «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, білім ордасындағы оқытушылар жауапты болып отыр.