ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 144

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мұғалімнің аты-жөні

Уразымбетова Л.Б

Күні:

11.04.2023

Сынып: 3 «М»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өрт қауіпсіздігі

Сабақ мақсаттары

Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. Ой - өрісін, дүниетанымын дамыту;

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру
5 мин

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?

-Сабаққа сәттілік тілеу.

Ал балалар бүгінгі тақырып қандай екендігін анықтау үшін, жасырынып тұрған суреттер бойынша тақырыпты ашу. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Өрт қауіпсіздігі» деп аталады.

Оқушылар бір біріне тілек айтады.






Жаңа білім

10 мин

2 мин

13 мин

Бекіту

10 мин


Өрт қауіпсіздігі.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қарапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғыш затты салқындатады.

Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмір қышқылдың шығуы бұзылады.
Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақтармен толтырылған ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына түсіп, отты сөндіретін зат бөледі.

Балалар барлығымыз «Өрт қауіпсіздігі» туралы видеороликті көріп отырып, талдайық.

Өрт қауіпсіздігі ережесі
ҮЙДЕГІ ӨРТ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101 - ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

Сіздің әрекетіңіз:
1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын еңкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
3. Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
4. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
5. Егер өрт коридорда болса, есікті

қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
6. Егер сізге біреуді өрттен құтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
7. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі демалу, жүрек айнуы, сананы жоғалту.
«Суреттер сөйлейді» яғни сендерге суреттер беріледі сол бойынша ережелер мен сол суретті бояисындар.

«Өрт қауіпсіздігі» видеоролик көріп талдау. Сұрақтарға жауап береді.
ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
«Өрт сөндіру көлігі» мултьфильм көріп талдайды.

Қөт қауіпсіздігі туралы мәліметтер беріледі.

Өрт қауіпсіздігі ережесін құрастырады.

Суреттерді бояиды.

Суреттер бойынша сөйлейді.





дәптер

дәптер


видеоролик

Кері байланыс

5 мин

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Оқу тапсырмасы: Өрт қауіпсіздігі туралы ереже құрастырып келу.

Кері байланыс жасайды.

ҚБ қойылады.





Сынып сағаты

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Математика 12-сабақ

Бөлім:

Есепті шығару жолдары

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ішкі жиын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген қасиеттері бойынша құра алады.

Көптеген оқушылар: сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің қасиеттері бойынша құру тәсілін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай тапсырмалар құрастыра алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-тыру,

өзін –

өзі тексеру

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларын жасату арқылы жүреді.

Топқа бөліну «Таңдау» әдісімен фигуралар суретін алғызу арқылы жүреді.

Жаңа тақырыпты ашу «Керме жіп» әдісімен өтеді:

-Берілген тапсырмаларды орындап, парақшаларды аударып бүгінгі сабақ тақырыбын шығарыңдар.

45*4 108*7 42*20

209*2 360:60 339:3

124*6 304*4 660:20

-Керме жіпте қандай сөз шықты? (Ішкі жиын)

-Жиын деген не еді?

-Жұп сандар жиынында болуы мүмкін элементтерді атаңдар.

-Үш таңбалы тақ сандар жиынында болуы мүмкін элементтерді атаңдар.

-Ендеше бүгінгі сабағымызда ішкі жиындармен танысатын боламыз.

Оқу мақсаты жарияланады.

Ширату жаттығуларын жасайды.

Топтарға бірігеді.

Тапсырма тексертеді.Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты ашады.

«Бас бармақ» әдісі. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.

Керме жіп, қысқыш, тапсырма мен әріптер жазылған парақшалар

Жаңа білім

18 мин

10 мин

2 мин

Бекіту

15 мин

(Ұ) 1- тапсырмада тақтамен жұмыс.

1) Суреттерге қараңдар. Оларда не бейнеленген?

Оларды қандай екі жиынға бөлуге болады?

Тапсырманы қима қағаздардың көмегімен орында.

Ж: Шартты белгілер, киімдер жиыны.

2) Жиындарға қараңдар. Оларға атау беріңдер. Екі жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін анықтаңдар. Оларды қалай бейнелеп көрсетуге болады?

Ж: А-бір таңбалы жұп сандар жиыны;

В- бір таңбалы сандар жиыны.



Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

Осындай тапсырмалар құрастыр.
(Ұ) 2- тапсырма: «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.

3а) Жиындарға қараңдар. Олардың элементтерін атаңдар. Екі жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін анықтаңдар. Жиындардың қайсысы ішкі жиын? Екі жиынның қатынасын «с» белгісін пайдаланып жазыңдар.

Ж: Екі жиын элементтерінің ортақ қасиеттері: құстар. А с В

Ә) Берілген жиын элементтерінен өзің анықтаған қасиеттер бойынша екі ішкі жиын құрыңдар. Әрбір жиынның элементтерін жазыңдар. Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен бейнелеп көрсетіңдер.






5) А={3;15;17;23;27;30;32} және

B={15;27;32} жиындары берілген.

Жиындардың қайсысы ішкі жиын болады? Эйлер-Венн диаграммасын сыз және әрбір жиынның элементтерін жаз.






6а) С={10.12.13.20, 22.26.30.32.37.40.42} жиыны берілген. Берілген жиын элементерінен өзің анықтаған қасиеттер бойынша бір ішкі жиын құрыңдар. Эйлер –Венн диаграммасын сызыңдар және оған әрбір жиынның элементтерін жазыңдар. Екі ішкі жиын құруға бола ма?





Ж: A={12.20.32.40}- 4-ке қалдықсыз бөлінетін сандар жиыны.

Екі ішкі жиын құруға болады.
Сергіту сәтінде «Достар» әні әуенімен билеп сергиді.
(Д, Ж) 3- тапсырма: «Өзіндік жұмыс» әдісі.

7) Есептеңдер. Суретте не бейнеленгенін түсіндіріңдер.

346+48*4=538 (540+360):3=300

67*5-160*2=15 807-243*2=321

Ж: Табиғаттағы су айналымы бейнеленген.

8) Есептерді шығарыңдар.

А) Балық аулайтын кемелер портқа дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндерінің әрқайсысында 34 тоннадан балық аулап әкелді. Ал сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері 96 тоннадан әкелді. Жексенбі күні демалды. Портқа бір аптада қанша тонна балық жеткізілді?

Ш: 34*3+96*3=390

Ж: Портқа бір аптада 390 тонна балық жеткізілді.

Ә) Кесте бойынша есеп құрап шығарыңдар.

Дүкенге әрқайсысы 25кг тартатын үлкен жәшіктермен 100кг алма әкелінді. Саны алма жәшіктерімен бірдей әрқайсысы 15 кг тартатын кіші жәшіктермен жүзім әкелінді. Дүкенге неше кг жүзім әкелінді?

Ш: 100:25*15=60

Ж: Дүкенге 60 кг жүзім әкелінді.

Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:



Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

-Тапсырма орындайды


-Тапсырма орындайды

Билеп сергиді.
Тапсырма орындайды


Дескриптор:

- Элементтерді екі жиынға бөледі, ат береді -1балл.

-Жиындарға ат береді, екі жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін анықтайды-1балл.


Дескриптор:

- Жиындардың элементтерін, олардың

ортақ қасиеттерін анықтайды-1балл. Ішкі жиынды анықтайды-1балл. Екі жиынның қатынасын «с» белгісін пайдаланып жазады-1балл.

Эйлер-Венн диаграммасын сызады және әрбір жиынның элементтерін жазады-1балл.
Берілген жиын элементерінен өзі анықтаған қасиеттер бойынша бір ішкі жиын құрады, диаграмма сызады, элементтерін жазады-1балл.

Дескриптор:

-Өрнектердің мәнін есептеп, суретте табиғаттағы су айналымы бейнеленгенін түсіндіреді-1балл.

Есептің шешуін, жауабын табады-2балл.



Оқулық, дәптер,


Оқулық

оқулық


Кері байланыс

5 мин

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Оқушылар жауабын талдап, ҚБ қояды.

Оқу тапсырмасы: 34-бет №4.

Тақырып бойынша түсінгенін айтады.

Тапсырма жазады.

ҚБ қойылады.






Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Математика 13-сабақ


Бөлім:

Есепті шығару жолдары

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ішкі жиын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген қасиеттері бойынша құра алады.

Көптеген оқушылар: сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің қасиеттері бойынша құру тәсілін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай тапсырмалар құрастыра алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.

Топқа бөліну «Санау» әдісімен жүреді.

Өткен тақырыпқа шолу:

Үйге берілген оқу тапсырманы тексеру.

Оқу материалын жариялау: «Сұрақтар ілмегі» әдісі арқылы жүреді.

- Өткенде қандай тақырып өттік?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Ендеше бүгінгі сабағымызда да ішкі жиындарды анықтауға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.

Оқу мақсаты жарияланады.

Ширату жаттығуларын жасайды.

Топқа бірігеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты ашады.

«Ауызша мадақтау жүреді. Оқушылар жауаптары толықтыры-лады.




Жаңа білім

15 мин

10 мин

2 мин

Бекіту

10 мин


(Ұ) 1- тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асады.

1) Амалдарды орындаңдар. Шыққан нәтижелерді өсу ретімен қойып, қандай мақал жазылғанын анықтаңдар. Мақалдың мағынасын түсіндіріңдер.

269*2-(864-435)=109-судың

(1000-225):5-76:19= 151-да

104*3+92:23=316-сұрауы

87:29*(542-307)=705-бар

4) Эйлер-Венн диаграммасымен кескіндеп көрсет, оған бірнеше элементтерді жазыңдар. N-екі таңбалы натурал сандар жиыны. A-30-дан кем екі таңбалы натурал сандар жиыны. B-30-ға тең және одан артық екі таңбалы натурал сандар жиыны.







5а) Үш жиын берілген. Бірінші жиын-100-ге тең және одан кем натурал сандар жиыны. Үшінші жиын-екі таңбалы натурал сандар жиыны. Әрбір жиынның бірнеше элементтерін жаз. 100-ге тең және одан кем натурал сандар жиыны қандай түспен бейнеленген?

Ж: қызыл түспен бейнеленген.







Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады

Кейбір оқушыға:

-Ұқсас тапсырмалар құрастыр.
(Д) 2- тапсырмада «Өзіндік жұмыс» әдісі.

6) Суды ластау көздерін атаңдар. Суды ластанудан қалай қорғауға болады?

108*2=216 -К 973-646=327 –Ө.т.су 203*2=406 –К-ш 579+298=677-а.ш.ө.т.суы

7) Есептерді шығарыңдар.

А) Егер шүмек дұрыс жабылмаған болса, тәулігіне 20 л су ағып кетеді. Балалар мектепте 3 шүмекті дұрыс жаппай ұмытып кетсе, 1 тәулікте қанша литр су ағып кетеді? 2 тәулікте ше? 3 тәулікте ше?

Ш: 20*3=60

20*3*2=120

20*3*3=180

Ж: 1 тәулікте 60л, 2 тәулікте 120л, 3 тәулікте 180 литр су ағып кетеді.

Ә) Пәтердегі құбырдан су тамшылап тұр. Тамшылаған судан 6 минутта 1 стақан толады. Егер 1 литр су 5 стақан болса, онда 1 сағатта қанша литр су ағып кетеді? 1 тәулікте ше? 60мин=1сағ 1тәул=24сағ

Ш: 60:6:5=2

24*2=48

Ж: 1 сағатта 2л, 1 тәулікте 48 литр су ағып кетеді.

Б) Үйіліп тұрған ыдысты суды қатты ағызып жуғанда 100л су жұмсалады. Ал қол жуатын шұңғылшаның суағарын тығынмен жауып қойып, суды қажетіне қарай құйып алып жуғанда 20 л су кетеді. Егер ыдысты екінші тәсілмен бір күнде 3 рет жуса, онда неше литр су үнемдеуге болады?

Ш: 100- 20*3=40

Ж:40 литр су үнемдеуге болады.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады

Кейбір оқушыға:

1 аптада неше литр үнемдеуге болатынын шығар.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» әуенімен билеп сергиді.
(Ж) 3- тапсырмада жұппен жұмыс жүзеге асады.

8) Көпбұрыштардың қабырғаларының ұзындығын өлшеңдер. Олардың периметрін табыңдар.

Р=2см*4=8см

Р=1см*6=6см

Р=2см+2см+2см+4см=10см

Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүзеге асады.

Қарқыны жоғары оқушыға:



Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

Тапсырма орындайды.

Тапсырма орындайды.

Билеп сергиді.
Тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

Өрнектердің мәнін тауып, өсу ретімен орналастырады мақалдың мағынасын түсіндіреді-1балл.
Жиындарды диаграммаға салып, оның бірнеше элементтерін жазады -1балл.

Жиындарды диаграммаға салып, оның бірнеше элементтерін жазады-1балл. 100-ге тең және одан кем натурал сандар жиыны қызыл түспен бейнеленгенін анықтайды -1балл.
Дескриптор:

Өрнектердің мәнін табады, суды ластау көздерін атайды, диаграмманы талдайды-2балл.

Есептердің шешуін, жауабын табады-3балл.

Дескриптор:

Көпбұрыш қабырғаларын өлшейді, периметрін табады-2балл.

Оқулықдәптер,


Кері байланыс

5 мин

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Оқушылар жауабын талдап, ҚБ қояды.

Оқу тапсырмасы: 36-бет №2,3.

Кері байланыс жасайды.


ҚБ қойылады.






Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Математика 14-сабақ


Бөлім:

Есепті шығару жолдары

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ақиқат немесе жалған пікірлер құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.4.2.1 ақиқат немесе жалған пікірлер құру


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: ақиқат немесе жалған пікірлер құра алады.

Көптеген оқушылар: есептеу тәсілдерін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай тапсырмалар құрастыра алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру
5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.

«Таңдау» әдісімен фигураларды алғызып, топқа бөлу.

Өткен тақырыпқа шолу:

Үйге берілген оқу тапсырманы тексеру.

Оқу материалын жариялау «Ақиқат па, жалған ба?» әдісі арқылы жүреді.

-Берілген пікірдің ақиқат немесе жалған екенін анықтаңдар. Жалған пікірді ақиқатқа айналдырып көріңдер.

-2 мен 4-тің көбейтіндісі 4 пен 2-нің көбейтіндісіне тең емес. (ж)

-30 бен 5-тің көбейтіндісі 120-ға тең. (ж)

-70 пен 30-дың қосындысын 10-ға бөлгенде 10 шығады. (а)

-150 мен 100-дің айырмасын 2-ге көбейткенде 150 шығады. (ж) тсс.

-Ендеше бүгінгі сабағымызда осындай ақиқат немесе жалған пікірлерді құру тәсілдерін үйрену үшін тапсырмалар орындайтын боласыңдар.

Оқу мақсаты жарияланады.

Ширату жаттығуын жасайды.

Топқа бірігеді.

Пікірдің ақиқат немесе жалған екенін анықтайды.

Тақырыпты ашады.







Фигура-лар суреті

Жаңа білім

13 мин

10 мин

2 мин

Бекіту

10 мин



(Ұ) 1- тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асады.

1) Мына сөйлемдердің қайсысы пікір болып табылады?

Ә) 102 мен 4 сандарыны көбейтіндісі 408-ге тең.

В) Астана-Қазақстан Республикасының бас қаласы.

Г) 8-жұп сан.

Д) Ай-Жер серігі.

Е) 3 және 5 сандарының қосындысы 8-ге тең.

2) Пікірлердің ақиқат немесе жалған екенін анықтаңдар.

А) Табиғат аясында демалғаннан кейін қоқыс заттарды шашып кетуге болады.(ж)

Ә) Табиғат аясында демалғанда спорттық ойындар ұйымдастыруға болмайды.(ж)

Б) Табиғат аясында демалғанда домбырамен ән салуға болады.(а)

В) Табиғат аясында демалғанда суға түсуге болмайды.(ж)

Г) Табиғат аясында демалғаннан кейін жаққан отты сөндіру қажет емес.(ж)

Д) Табиғат аясында демалғанда балық аулауға болады. (а)

Е) Табиғат аясында демалғанда суретке түсуге болмайды.(ж)

Ж) Табиғат аясында демалғанда атпен серуендеуге болады.(а)

З) Табиғат аясында демалғанда қайықпен серуендеуге болмайды.

4) Сырым мен Әлия топтағы оқушылардан табиғат аясында қалай демалғанды ұнататындарын сұрады. Олардың жауабын кестеге түсірді. Кестені пайдаланып, ақиқат немесе жалған пікірлер құрастырыңдар.

Ж:а)Айша, Кәусар, Ержан, Әмина тауға шығуды ұнатады.(а)

ә)4 оқушы атпен серуендегенді ұнатады.(а)

б)2 оқушы жидек тергенді, 2 оқушы гүл тергенді ұнатады.(а)

в) Сыныпта суға түскенді ұнататын оқушы жоқ.(ж)

Г) Сыныпта 5 оқушы қайықпен серуендегенді ұнатады.(ж)

Ғ) Балық аулауды ұнататын оқушылардың барлығы қайықпен серуендегенді де ұнатады.(ж) тсс

Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады

Кейбір оқушыға:

- Осындай мысалдар келтір. Баған түрінде есепте. Дұрыстығын тексер.
(Т) 2- тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асады.

5а) Көбейтінділерді көбейткіштердің квадраты немесе кубына айналдырып, өрнектердің мәнін есептеңдер.

7*7*7=73=343 8*8*8=83=578

10*10=102=100 4*4=42=16

9*9*9=93=801 20*20=202=400

Ә) Көбейткіштердің квадраты немесе кубын көбейтінділермен алмастырып, өрнектердің мәнін есептеңдер.

73+457=800 83-85=427

102+671=771 42+704=720

93-236= 493 202-198=202

6а) Есептерді шығарыңдар.

Табиғат аясында демалушыларға арнап спорттық ойындар ұйымдастырылды. 36 адам волейбол ойнауға, одан 2 есе артық адам футбол ойнауға қатысты. Волейбол мен футбол ойнауға қанша адам қатысса, сонша адам эстафеталық ойындарға қатысты. Спорттық ойындарға барлығы неше адам қатысты?

Ш: (36+36*2)*2=216

Ж: барлығы 216 адам қатысты.

ә) Табиғат аясындағы демалыс орталығында 250 адам демалып жүр. Олардың 86-сы тауға өрмелеп, одан 2 есе кем адам атпен серуендеді. Ал қалғаны тауға жаяу шықты. Неше адам тауға жаяу шықты?

Ш: 250-(86+86:2)=121

Ж:121 адам тауға жаяу шықты.
Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әуенімен билеп сергиді.
(Ж) 3- тапсырма «Есепті шығар» әдісі арқылы жүзеге асады.

7) Теңдеулерді шешіңдер.

Х*(4*6)=148-52 y:(5*7)=36:18

Х*24=96 y:35=2

Х=96:24 y=2*35

Х=4 y=70

4*(4*6)=148-52 70:(5*7)=36:18

96=96 2=2

Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

Тапсырма орындайды.

Тапсырма орындайды.

Билеп сергиді.
Тапсырма орындайды.

Дескриптор:

Сөйлемдердің арасынан пікірлерді анықтайды -1балл.


Пікірлердің ақиқат немесе жалған екенін анықтайды-1балл.

Кесте бойынша ақиқат пікірлер құрастырады-1балл.

Кесте бойынша жалған пікірлер құрастырады -1балл.

Дескриптор:

Көбейтінділерді көбейткіштердің квадраты немесе кубына айналдырып, өрнектердің мәнін есептейді-1балл.

Көбейткіштердің квадраты немесе кубын көбейтінділермен алмастырып, өрнектердің мәнін есептейді-1балл.

Есептердің шешуін, жауабын табады -2балл.

Дескриптор:

Теңдеулердің шешуін табады, тексереді -2балл.


Оқулық, дәптер


Оқулық, дәптер



Кері байланыс

5 мин

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Оқу тапсырмасы: 40-бет №3.

Кері байланыс жасайды.

Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.






Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Математика 15-сабақ

Бөлім:

Есепті шығару жолдары

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бекіту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу

3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте түрінде модельдей алады.

Көптеген оқушылар: бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдана алады.

Кейбір оқушылар: берілгенге кері есеп құрастыра алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.

Өткен білімді еске түсіру:

А)Оқу тапсырмасын тексеру.

Топқа бөліну «Санау» әдісімен жүреді.

Оқу материалын жариялау «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жүреді:

- Өткенде қандай тақырып өттік?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Ендеше бүгінгі сабағымызда өткен тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.

Жаттығу жасайды.
Тапсырма тексертеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты ашады.


«Бас бармақ» әдісі. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.



Жаңа білім

10 мин

2 мин

15 мин

Бекіту

13 мин


(Ұ, Д) 1- тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асады.

1а) Есепті кесте бойынша шығарыңдар.

Табиғат аясында демалу үшін Раушанда баскиімнің 2 түрі және футбол жейдесінің 3 түрі бар. Олардан әртүрлі қанша жұп киім құрастыруға болады?

Ж: әртүрлі 6 жұп киім құрастыруға болады.

Ә) Есепті мүмкіндіктер тармағын қолданып шығарыңдар.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады

Кейбір оқушыға:

- Осы сияқты есеп құрастырып, оны мүмкіндіктер тармағын қолданып шығар.
Сергіту сәтінде «Жаяу» әуенімен билеп сергиді.
(Т) 2- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.

3) Сырым мен Әлия жазғы демалыстарын табиғат аясында өткізбек болды. Есептеуді тиімді тәсілмен орындаңдар. Өрнектердің мәнін өсу ретімен орналастырыңдар. Сонда балалардың бұл орындарға қандай ретпен барғанын анықтайсыңдар.

(5*3)*20=15*20=300

(7*2)*50=7*(2*50)=700

(50*5)*2=(50*2)*5=500

60*(3*5)=3*(60*5)=900

4) Суреттер және өрнектер бойынша есептер құрастырыңдар.

А) 130+450

Елнұр 130 теңгегелік бір доп пен 450 теңгелік тақтайша алу үшін қанша теңге төлейді?

б) Елнұр 130 теңгегелік бір доп пен 450 теңгелік тақтайша сатып алды. Тақтайша доптан қанша теңге қымбат?

...тсс
(Д) 3- тапсырма дәптермен жұмыс.

5) Есепті шығарыңдар.

А) Туристер көлге баруға жолға шықты. Олар сарқырмаға дейін 48 минут жол жүрді. Бұл-барлық жолға кеткен уақыттың ¼ бөлігі. Туристер көлге дейін жолға қанша уақыт жұмсады?

Ш: 48*4=192

Ж: Туристер көлге дейін жолға 192 минут жұмсады.

Ә) Кері есептер құрап шығарыңдар.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады

Кейбір оқушыға:



Тапсырмаларды орындайды.

Билеп сергиді.

Тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмаларды орындайды.


Дескриптор:

-Есептердің шешуін кесте бойынша шығарады -2балл.

Өрнектердің мәнін баған түрінде жазады және есептейді, тексереді-2балл.
Есептің шешуін, жауабын шығарады -4балл.

Дескриптор:

Есептің шешуін, жауабын табады-2балл.


Оқулық, дәптер

Оқулық, дәптер

Кері байланыс

2 мин

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Оқу тапсырмасы: 42-бет №2.

Кері байланыс жасайды.

ҚБ қойылады.