ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Роботтехника | |||
Педагогтың аты-жөні | | |||
Күні | | |||
Сынып: 5 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Гироскопиялық датчик. | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.3.4.4 – гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсіндіру; | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсінеді. | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
Роботты тұрған орнынан 900-қа бұратын программа блоктарын құрастырады | ||||
Кейбір оқушылар: | ||||
Роботтың қозғаласына гироскопиялық датчиктер әсері туралы түсінік береді |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Өткен сабақты пысықтау. Топтық жұмыс. -Заманауи робот жайлы не айта аласың? -Роботтың дамуы біздің тіршілігімізге қалай әсер етеді? ҚБ: жетон /4 балл/ | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп,ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды. | Жетон 4 балл | Карточка/ А4 парақ |
Сабақтың ортасы | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Гироскоп- өзі орнатылған дененің бұрыштық бағдарының өзгеруіне қарай бейімделуге қабілетті құрылғы. Гироскопиялық датчик роботтың айналу бұрышын немесе айналу жылдамдығын өлшеуге арналған.Датчик корпусының жоғарғы жағында екі бағыттауыш орналасқан. Сондықтан роботқа датчикті дұрыс орнату маңызды. Гироскопиялық датчиктің өлшеу дәлдігін арттыру үшін оны робот корпусына дұрыс бекіту керек.Робот қозғалысын бастар алдында гироскопиялық датчиктің ағымдағы көрсеткішін 0-ге қою керек. Әйтпесе робот қозғалғанда гироскопиялық датчик бұрылу бұрышы мен бұрылу жылдамдығын қате өлшейді. Егер қозғалыс уақытында робот сағат тіліне қарсы бұрылса, онда датчиктің өлшеу мәндері теріс болады. Ал сағат тілі бойынша бұрылса, онда өлшеу нәтижесі оң болады. Гироскопиялық датчиктің айналу жылдамдығын есептеудегі ең үлкен мән 440 градус/секундқа тең. Гироскопиялық датчиктің командалық блогы мен режимдері:
Көрсетілім. Измерение (өлшеу) режімі. Сравнение (салыстыру) режімі. Гироскопиялық датчикке енгізу және шығару мәндері. Оқулық §3.3, 72-бет, 1-кесте. Гироскопиялық датчиктер өнеркәсіпте және әскери бағытта кеңінен қолданылады. Мысалы, гироскоптар әуе кемелері мен тікұшақтардың радио арқылы басқарылатын модельдерінің қозғалысын реттейді. Көлік навигациясында, көлікті басқаруда, жеңіл автокөліктер апатқа ұшырағанда қауіпсіздік жастықшаларын іске қосуда пайдаланылады. Әскери роботтардың жұмысын, сүңгуір қайықтарды басқаруды гироскопиялық датчиксіз елестету мүмкін емес. Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Оқулық §3.3, 73-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы. Дескриптор: -Роботты тұрған орнынан 900-қа бұратын программа блоктарын құрастырады. ҚБ: стикер /5 балл/ Топтық жұмыс. 2-тапсырма. -«Роботты 900-қа бұру программасындағы» блоктардың қызметіне талдау жасаңдар. Блоктардағы сандық параметрлерге ерекше назар аударыңдар. Бұл сандық параметрлерді өзгерту арқылы қандай өзгерістер жасауға болады? Дескриптор: -сандық параметрлерді өзгерту арқылы қандай өзгерістер жасауға болатындығын түсіндіреді. ҚБ: стикер /3 балл/ Топтық жұмыс. 3-тапсырма. -Роботтың қозғалысына гироскопиялық датчиктер қандай ықпал етеді? Дескриптор: -роботтың қозғаласына гироскопиялық датчиктер әсері туралы түсінік береді. ҚБ: стикер /2 балл/ | Мұғалімді тыңдайды «Гироскоп» анықтамасын жазады «Гироскопиялық датчик» анықтамасын жазады Кестемен танысады 1-тапсырманы орындайды 2-тапысманы орындайды 3-тапсырманы орындайды | Стикер 5 балл Стикер 3 балл Стикер 2 балл | Жұмыс дәптері Жұмыс дәптері Карточка карточка карточка |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: барлығын түсіндім менде сұрақтар қалды | Өзін-өзі бағалау. | | |
Үй тапсырмасы | § 3.3, 74-бет, «Үй тапсырмасы» | | | |