Файл: Таырып Желілік этикет Мектеп Омар Молдаожин атындаы ом.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 51

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тақырып: Желілік этикет

Мектеп: Омар Молдағожин атындағы ОМ

Күні: 27.09.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Т.Т.Калиев

Сынып: 9а,б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

9.4.2.1 - желіде жұмыс істеу барысында этикалық және

құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы ой қорытып айту

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Желілік этикет ұғымы мен ережелерімен танысу.

Көптеген оқушылар үшін:

Чаттардағы желілік этикеттерді анықтау.

Кейбір оқушылар үшін:

Желілік этикеттің қолданылу қажеттілігін тұжырымдау.


Бағалау критерийі

  1. Желілік этикет ұғымы мен ережелерімен танысады.

  2. Чаттардағы желілік этикеттерді анықтайды.

  3. Желілік этикеттің қолданылу қажеттілігін тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Этикет-этикет-etiket, форум-forum, чат-chat, флейм-flame, флуд- flooding, смайлик-smiley, электрондық пошта-электронная почта-Email.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • - Желіде жұмыс жасағанда қандай ережелерді ұстанасың?

  • Этикет, желілік этикетті қалай түсінесің?

  • Авторлық құқық, плагиат дегеніміз не?

Жазу:

Желілік этикет ережелерін жазыңдар. Чаттардағы желілік этикеттерді жазыңдар.

Пәнаралық байланыс


Ағылшын, орыс тілінде сөздер қолданылады.

Тірек білім, білік, дағдылар

Желілік этикет, чаттардағы желілік этикет.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар


Басталуы

2 мин

5 мин



Ой сергіту

«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.

Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып,

«Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз», – дейді. Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Бірақ бір оқушы айтқан тілекті басқа оқушы қайталамауы керек. Қайталаса айыбын өтейді.

Айтылған сөздің авторының тапсырмасын орындайды.

Үй тапсырмасын пысықтау

Оқушылар өткен тақырып бойынша дайындап келген тест тапсырмаларын бір-бірлеріне береді. Жауаптарын бірге талдайды.

Бір-бірлерін бағалайды.



Жүрекше
А4 қағазы

Негізгі бөлім

2 мин

5 мин


8 мин


5 мин



3 мин




Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау

  • Желіде жұмыс жасағанда қандай ережелерді ұстанасың?

  • Этикет, желілік этикетті қалай түсінесің?

  • Авторлық құқық, плагиат дегеніміз не?


Оқулықпен жұмыс. (Мұғалімнің көмегімен)

Мұғалім түсіндірмесі

Суреттерді мұғалім түсіндірерде миға шабуыл сұрақтарын пайдаланады. Бұл жерде мұғалім балалардың күнделікті тұрмыста үлкендерден көріп жүрген компьютерде файл, бума, жарлықтармен жұмыс жасау сәттері жайлы әңгімелеуге шақырады.

-мұғалім интербелсенді тақтадан Әдістемелік түсіндірме бойынша жұмыс жасайды. Балалар мұғалімнің айтқан қадамдарын бірлесіп орындайды. Топтық жұмыс: «Айналдыру» әдісі

1-топ: Желіде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен желілік этикет.

2-топ: Электронды поштада хат жазудағы сыпайылық ережелері.

3-топ: Чаттардағы желілік этикет.

Дескриптор

Желілік этикет ережелерін анықтайды, салыстырады.

Компьютермен жұмыс

Электронды пошта арқылы бір-бірлеріңмен қызмет төңірегінде танысып, мәліметтер алыңдар.

Дескриптор

Электронды поштада желілік этикет ережесін сақтайды.

Жұптық жұмыс

Бүгінгі таңда құрдастарың желіде қарым-қатынас құрудың қандай түрлерін қолданады? Не себепті? Талдау жасаңдар. Дәлелді мысалдар келтіріңдер. Дескриптор

Желілік этикеттің қажеттілігін тұжырымдайды.
Оқушылардың жұмыстары «Температура» әдісі бойынша бағаланады. Термометр шкаласына оқушылардың аттарын стикерге жазып жапсыру.

Оқулық

Bilimland.kz

Плакат, маркер
Компьютер

Плакат, маркер, стикер




Аяқталуы

8 мин




Рефлексия

1 мин

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.



  1. Интернетте бүгінгі таңда ақпарат алмасудың, қарым-қатынас жасаудың қандай мүмкіндіктері бар?

  2. Этикет дегеніміз не?

  3. Желіде пайдаланатын қандай ұғымдармен таныссың?

  4. Желідегі этикеттің ережелері неден тұрады?

  5. Электронды поштада хат жазуда, форуммен чаттарда ұстанатын сыпайылық ережелері неден тұрады?

  6. Желідегі ақпараттарды пайдаланудың қандай құқықтық нормалары бар?


Мен бүгін қандай жаңа ақпаратпен таныстым? Не қызық болды?

Оқушы дәптерімен Жұмыс.
Компьютер

Үй тап- сырмасы 1 мин



Ғаламтордан қосымша ақпараттар жинау

  1. Әлеуметтік желіде ақпарат алмасу.

  2. Плагиат дегеніміз не?