Файл: Сж таырыбы Шахмат ойыныны тарихы Орындаан Аанова Анэль Тексерген Ибраев Б. М тобы ир201 20222023 оу жылы Жоспар.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 43
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұлы Отан соғысынан кейін халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 1948 жылдың басында Голландия мен Совет Одағында сол кездегіолемнің бес күшті шах матшылары бірімен бірі бес партпядан ойнап, дүние жузінің жаңа чемпионын шығару ушін матчтурнир өткізуін шешті. Матчтурнирге қатысу үшін олемнің экс-чемпионы М. Эйве, АҚШ-тың чемпионы С. Решевский, Совет Одағынан М. Ботвинник, В. Смыслов, П. Қерес шақырылды. Мұның өзі дүние жүзі жұртшылығы алдында совет шахмат мәдениеті ара салмағының артқанын көрсетеді.
Осы жарыста бас бәйгені және әлемнің алтыншы чемпионы атағын совет азаматы М. Ботвинник жеңіп алды. Екінші бәйге сол кездегі москвалық жас шахматшы В. Смысловқа тиді. Үшінші және төртінші орындарды П. Керес (СССР) пен С. Решевский (АҚШ) өзара бөлісті. Дүнис жүзінің экс-чемпионы М. Эйве бесінші, сонғы орынға ие болды. Осы қиын да күрделі матч-турнирде чсмпиондық атаққа таласушы шетел өкілдерінің екеуі де совет шахматшыларымен кездесуде ойсырай жеңілді. М. Эйве мен С. Решевский М. Ботвинникпен ойнаған бсс партиядан небәрі бір жарым ұпай ғана алса, ал М. Эйве В. Смысловпен ойнаған бес партиядан тек бір ғана ұпайға ие болды.
Үш жылдық үзілісті есептемегенде (1972—1975) совет шахмат өкілдері 1948 жылдан бастап әлем чемпионы тізгінін ешкімге бермей берік ұстап келеді.
СССР шахмат федерациясының ұсынысы бойынша 1948 жылдан бастап әлем шахмат чемпионы атағынан үміткерлер жарысы үш жылда бір рет өткізілуге ұйғарылды. Міне, 1951 жылы осы атақтан үміткерлер жарысында озып шыққан жерлесіміз гроссмейстер Давид Бронштейн (1924 жылы туған) әлем чемпионы М. Ботвинникпен ойнауға жолдама алды. Бұл матч 12:12 есебімен тең аяқталды. Жарыс шарты бойынша әлем чемпионы өз атағын сақтап қалды. Келесі, 1954 жылы өткен жекпе-жек тартысқа совет гроссмейстері В. Смыслов шықты. Бұл босске де тең аяқталды. 1957 жылы екінші рет үміткерлер турнирінің жсңімпазы атанған В. Смысловқа әлем чемпионы өз атағын беруге мәжбүр болды. Сөйтіп В. Смыслов әлемнің жетінші чемпионы атанды. Бұл матчта ол М. Ботвинникті мумкін болған 22 үйайдан 12,5 үпай ( + 6 — 3 = 13) жинап ұтты. Алайда келссі жылы қарымта қайтару жарысында М. Ботвинник қарсыласын 12,5:10,5 ессбімен тізе бүктіріп, тәжді қайтарып алды.
1950 жылдың орта кезінде шахмат әлемінде ерекше ойын ернегімен кәрінген талаптты жас шахмат жұлдыздары атанған Михаил Таль мен Борис Спасский есімдерін білеміз. Міне, келесі үміткерлер турнирінде жеңіс М. Тальдың (1936 жылы туған) үлссіне тиді, ол 1960 жылы М. Ботвинникпен жекпе-жек ксздесуде 6 партияда ұтып, 13 партияны тең аяқтап, және екі партияда ғана ұтылып, әлемнің сегізінші чемпионы деген құрметті атаққа ие болды. Бірақ В. Смыслов сияқты келесі жылы қарымта қайтару сайысында 8:13 ( — 10 + 5 = 6) ссебімен жеңіліске ұшырап, М. Ботвинникке чемпиондық атақты қайтып берді.
1963 жылы 52 жасар М. Ботвинник 34 жастагы әріптесі талантты Тигран Петросянмеи тақта үстінде жекпе-жек кездесті. Мұнда әлем чемпионы қарсылысыпан 9,5: 12,5 ( + 2 — 5=15) есебімен ұтылды. Бұл матч М. Ботвинниктің соңғы матчы болды. Тигран Петросян (1929 жылы туған) дүние жүзінің тоғызыншы чемпионы атанды. Ол 1966 жылы өткізілген жарыста бұл атақтан үміткер жерлесі Б. Спасскийді жсңіп, құрмстті атақты тағы да сақтап қалды. Ал келесі 1969 жылы өткен әлемдік жарыста Б. Сиасский қарсыласын 12,5:10,5 есебімен ұтып әлемнің оныншы чемпионы атағына ие болды.
1972 жылы Б. Спасский әлем чемпиоидығы үшін өткен матчта АҚШ гроссмейстері Роберт Фишерден (1943 жылы туған) ұтылды. Сөйтіп Р. Фишер әлемнің он бірінші чемпионы атанды. Ал 1975 жылы финалдық матчтан Р. Фишер бас тартқандықтан үміткерлер жарысында жеңіп шыққан совет гроссмейстері Анатолий Қарпов (1951 жылы туған) әлемнің он екінші чемпионы деп жарияланды. Ол 1978 және 1981 жылы қатарымен екі рет финалдық опында Виктор Қорчнонды ойсырата тізе бүктіріп, қазіргі кездегі теңдесі жоқ олсм чемішоны екенін керсете білді.
Дүние жүзінін шахмат жұлдыздарының бірі А. Карпов 1951 жылы 23 майда Златоуст қаласында жұмысшы семьясында туды. Шахмат әліппесімен бес жасында танысқан. Баласының шахматқа құштарлығын байқаған әкесі оған өз білгенін үйретуден әсте жалықпады.
Анатолий бірінші класта оқып жүргенінде шахматтан үшінші разрядқа ие болса, он бір жасында спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындады. Он жасында оқушылар А. Карпов арасында Челябинск облысының чемпионы, ал 12 жасында Анатолий ересектер арасында өткен турнирде қарсыластарынан оза шығып Златоуст қаласының бірінші шахматшысы атанды. Оның осыидай табиғи дарынынын шыңдалуына сол кездегі әлем чемпионы М. Ботвинник ұйымдастырған «Труд» орталық спорт қоғамы жанындағы шахмат мектебі өлшеусіз септігін тигізді десек, артық болмас еді. Ол осы мектепте атақты шахматшылардан сабақ алып, дебюттік репертуарын байытып, тақта үстіндегі тартыстың сан алуан құпия сырын үйренді. Сол кездегі әріптестері арасында ол ойын өрнегі жағынан оқшау шығып, нсбір қиын сәттсрден жол табатын шебер шахматшылардың бірі болды.
А. Карпов кептеген халықаралық жарыстарда бірінші жүлделерді иемденді. Ол 1966 жылы спорт шебері атанса, 19 жасында Венесуэла астанасы Каракаста еткен үлкен турнирдс халықаралық дорежедегі гроссмейстер нормасын орындады.
А. Карповтың совет шахмат өнерін дамытудағы зор еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармең наградталды.
Әйелдер арасында әлем чемпионы тәжін бірінші киген чех Вера Менчик болды. Ол бұл атаққа тұңғыш рет 1927 жылы Лопдон қаласында өткізілгеп мықты шахматшылар турнирінде мүмкін болған 11 ұпайдан 10,5 ұпай жинап, әйелдер арасында әлемнің тұңғыш чемпионы атанды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
-
Н. Даулыбаев, Ж. Мақажанов Шахмат ойыны. – Алматы: «Қазақстан» 1984 ж. -
Абрамов Л. Организация и судейство шахматных соревнований М. Физкультура и спорт 1977ж. -
Ю. И. Карахан Шахмат ғажайып ойын Алматы «Казақстан» 1985ж. -
Аттың жүрісі. Алматы Қазақстан 2002ж.