Файл: Зерде пндер бірлестігіні отырысыны хаттамасы атысандар 9.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ХАТТАМА

2.09.2019

«Зерде» пәндер бірлестігінің отырысының хаттамасы

Қатысқандар: 9

Қатыспағандар жоқ

Күн тәртібі:

1 Пәндер бойынша ҰБТ қорытындысының анализі

2 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі

3 2019-2020 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін ұйымдарға ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік хатпен таныстыру

4 Күнтізбелік тақырыптық жоспарлауды қарастыру және бекіту

5 2019-2020 оқу жылына арналған бірлестіктің жылдық жоспарымен танысу, бекіту.

Отырыс барысында әдістемелік бірлестік жетекшісі Жунусбекова Кайча Бейсеновна күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша сөз алып, 2018-2019 оқу жылындағы математика, физика,биология және география пәндері бойынша ҰБТ тапсырған оқушы жетістіктері мен ҰБТ-ке кездескен күрделі тапсырмалары жайлы анализ жасады.

Келесі күн тәртібіндегі мәселе 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі бойынша бірлестік жетекшісі сараптама жасап, есеп берді. Сондай-ақ 2019-2020 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін ұйымдарда ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен, оқу бағдарламасындағы өзгерістермен таныстырып өтті.

Күнтізбелік тақырыптық жоспарлауды қарастыру және бекіту бойынша пән бірлестік мүшелері 2019-2020 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін ұйымдарда ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта көзделген мәселелерді негізге алатындықтары туралы айтып өтті.

Пән бірлестік отырыс барысында 2019-2020 оқу жылына арналған бірлестіктің жылдық жоспары талқыланып, құрылды.Бірлестік мүшелері тарапынан мақұлданып, мектеп директорына бекітуге жіберуді негізге алды.

Отырыс соңында келесі мән жайлар бойынша каулы етілді

ҚАУЛЫ

1 Пәндер бойынша жаңа формат бойынша ҰБТ-ке 2019-2020 оқу жылына да кешенді дайындық жұмыстары жалғастырылсын.

2 2019-2020 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін ұйымдарда ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хаттағы және оқу бағдарламаларындағы өзгерістер пән бірлестік мүшелерінің педагогикалық қызметі барысында негізге алынсын.

3 Күнтізбелік тақырыптық жоспар әзірленіп мектеп әкімшілігіне бекітуге берілсін.

4 2019-2020 оқу жылына арналған бірлестіктің жылдық жоспары жүйелі түрде құрылып, мектеп директорына бекітуге берілсін.

Бірлестік жетекшісі: К.Б.Жунусбекова

Хатшы: С.О.Болекбаева

ХАТТАМА

5.11.2019


«Зерде» пәндер бірлестігінің отырысының хаттамасы №2

Қатысқандар: 9

Қатыспағандар жоқ

Күн тәртібі:

1 2019-22020 оқу жылының І токсаны бойынша қорытынды сараптама

2 Олимпиада және сайыстарға дайындық бойынша жұмысты жоспарлау

3 Баяндама «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында химия сабағында проблемалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың танымдық әрекетін жетілдіру»

4 ӘБ мұғалімдерінің сабақтарына өзара қатысудың кестесін құру

Отырыс барысында әдістемелік бірлестік жетекшісі Жунусбекова Кайча Бейсеновна күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша сөз алып, 2019-2020 оқу жылының І тоқсаны бойынша қорытынды сараптамасын жасады.

Келесі күн тәртібіндегі мәселе Мубаракова Куралай Мубараковна химия пәнінің мұғалімі әзірлеген баяндамасы «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында химия сабағында проблемалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың танымдық әрекетін жетілдіру» тақырыбында тыңдалды. Баяндама оқып болғаннан кейін әдістемелік бірлестік мүшелері тарапынан оқылған баяндама бойынша пікірлері тыңдалды.

Абаева Айгуль Турлыхановна информатика пәнінің мұғалімі: информатика пәнінен оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс тәсілдері бүгінгі таңда баршылық, әсіресе, үш айлық курстан өткен мұғалімдер бұл тәсілдердің жаңа түрлерін сабақ барысында ұтымды қолданып жүр.

Калиева Жанат биология пәнінің мұғалімі: пәнді оқытуда оқушыға нені қалай оқу керек екенін үйретуден бөлек тың мәліметтерді кеңінен қолдану керектігін айтып кетті.

Жунусбекова Кайча математика пәнінің мұғалімі: мен өз сабақтарымда оқушыны барынша пәнге деген қызығушылығын оятуға негізделген әдіс амалдарды қолданамын, және бүгінгі оқылған баяндама айтылған мәселелер сабақ үстінде өте маңызды.

Келесі мәселе, ӘБ мұғалімдерінің сабақтарына өзара қатысудың кестесін құру ұсынылып, талқыланды. Нәтижесінде мұғалімдердің сабақтарына өзара қатысудың кестесі құрастырылды.

Отырыс соңында келесі мән жайлар бойынша қаулы етілді.

ҚАУЛЫ

1 Жунусбекова К.Б жасаған 2019-2020 оқу жылының І тоқсаны бойынша қорытынды сараптамасында аталған өзекті мәселелер бірлестік мүшелері тарапынан назарға алынсын.

2 Олимпиада және сайыстарға дайындық бойынша жоспарлау жұмыстары жүргізіліп, кешенді түрде дайындық жұмыстары жүргізілсін.

3 Мубаракова К.М әзірлеген «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында химия сабағында проблемалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың танымдық әрекетін жетілдіру» тақырыбындағы баяндамасында айтылған негізгі мәселелер әдістемелік бірлестік мүшелері тарапынан педагогикалық қызметтері барысында негізге алынсын.



4 ӘБ мұғалімдерінің сабақтарына өзара қатысудың кестесін құрастырылып, өзара іс тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілуі жалғастырылсын.

Бірлестік жетекшісі: К.Б.Жунусбекова

Хатшы: С.О.Болекбаева