Файл: Тменде электромагниттік сулелерді олданылуы туралы мліметтер берілген, райсысы тсына ай сулеге сйкес келетінін жазыыздар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 38
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Төменде электромагниттік сәулелердің қолданылуы туралы мәліметтер берілген, әрқайсысы тұсына қай сәулеге сәйкес келетінін жазыңыздар:
Қолданылуы | Электромагниттік сәуле аталуы |
электр құралдарында, теледидарлар мен күзет дабылына арналған ДБП; | |
радио және теледидар байланысында | |
спутниктік теледидарда және телефонда; | |
қорғаныс құрылғысында; арнайы өңделген материалдардың флуоресценциясында; | |
медициналық мақсатта қолданыста, әсіресе обырды емдеуде. | |
радиологияда, инженерияда және қауіпсіздікте | |
көрінетін жарықтың құрамдас түстерге шашыруында, шыныталшықты қолданысында; | |
-
Қандай электромагниттік сәулелену көкіністерді кептіруде пайдаланылады?
A рентген сәулелені
B гамма - сәулелер
C радиотолқындар
D инфрақызыл сәулелену
7.Тұрмыстағы радиотолқындар көздерін атаңыз?
-
Электромагниттік толқындарды жиілігі бойынша өсу ретімен орналастырып жазыңыз?-
радиотолқындар -
рентген сәулелері -
көрінетін жарық -
инфрақызыл сәулелер -
ультракүлгін сәулелер
-
-
Электромагниттік толқынның қасиеттерін сипаттап жазыңыз?
-
Рентген сәуле деген не?Рентген сәуленің медицинада қолданылуын сипаттап жаз.
-
Гамма сәулелер дегеніміз не? Гамма сәулелер медицинада қалай қолданылады?
Қосымша материалдар:
Рентген сәуле деген не?
Толқын ұзындығы 0,01-ден 10 нанометр (нм) аралығындағы толқындар ренген сәулелері деп аталады. Бұл толқындар төменгі энергетикалық деңгейдегі электрондардың бөлінуінен (үлкен жылдамдықтағы еркін электрон) түзіледі. Бұл аралық жоғарғы энергетикалық деңгейдегі жоғары энергиялы электронмен толтырылады. Бұл толқындардың жиілігі өте жоғары, эксагерцпен (1000 миллиард, миллиард Герц) өлшенеді. Жиілігі осындай жоғары электромагниттік толқындар электрондарды атомдардан ажыратып, оң зарядты ионға айналдыратын үлкен энергияға ие. Сол себепті рентген сәулелерін иондаушы сәулелердің бір формасы деп айта аламыз.
Рентген сәуленің медицинада қолданылуы:
Толқын ұзындығы қысқа рентген сәулелері адам ағзасынан өтеді, алайда сүйектермен жұтылады. Фотопленка науқастың артына қойылатын болса, онда сүйектермен жұтылған аймақтар бос күйінде қалады. Ағзадағы сүйек бейнесі осы жолмен алынады, дегенмен заманауи рентген құрылғылары бейненің орнына сандық детекторлар қолданады. Ұлпалар белгілі бір мөлшерге дейін рентген сәулелерін жұтады, сондықтан сүйектерден басқа да заттарды көруге болады және оны диагностика үшін қолданады.
• Гамма сәулелер дегеніміз не?
Толқын ұзындықтары 0,01 нм-ден төмен электромагниттік толқындар гамма сәулелер деп аталады. Шындығында, гамма сәулелер мен рентген сәулелерінің арасындағы шекараны айқындау қиын, сондықтан кейде бірдей толқынды ұзындығы қысқа рентген сәулесі немесе толқын ұзындығы үлкен гамма сәулесі деп санауға болады. Сондықтан, толқындар шығу тегіне байланысты жіктеледі. Рентген сәулелері атомдағы электрондар арқылы шығарылғанымен, гамма сәулелері атом ядросынан бөлінеді, немесе материя мен антиматерия жойылғанда бөлінеді. Гамма сәулелерін оқшаулау өте қиын, көбіне оның әсерінен сақтану үшін қалың бетон немесе қорғасын қолданылады. Гамма сәулелер иондалған сәулелердің бір түрі болып табылады және ол ұлпаны зақымдай алады. Оның басқа түрлерге қарағанда, зияны аз, себебі оның кез келген заттан өту қабілеті оның адам денесінен де жұтылмай толық өтетіндігін білдіреді.
Гамма сәулелер медицинада қалай қолданылады?
Гамма сәулелер адамға зиянды болғанымен және қатерлі ісікке шалдығуға ықпал еткенімен, қатерлі ісік жасушаларын жоятын сәулелік терапияда қолданылады. Гамма сәулелердің адам денесінен өтуі гамма сәлелерін шығаратын заттар детектор ретінде қолданылу мүмкін екендігін білдіреді. Гамма сәулелер шығаратын заттар іштей қабылданады. Гамма сәулелер ағза сыртынан анықталады және олардың таралымы айқын көрінеді, сол себепті олар зерттеу мақсатында түсірілімдер жасау үшін және диагностика үшін қолданылады.