Файл: Пн аза дебиеті Мектеп за мерзімді жоспар блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пән: қазақ әдебиеті Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Атадан қалған асыл сөз Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 13.10.22

Сынып: 9 Қатысқаны : 13 Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Бұқар жырау .Тілек толғауы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1. Т/Ж 9.1.2.1 Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау

9. 9.2.3.1шығармадағы әдеби құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, авто автор стиліне баға беру.



Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар: Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды

Көпшілік оқушылар: Әдеби шығармадағы психологизмді анықтай отырып, өмірмен байланыстыра алады.

Кейбір оқушылар: Әдеби шығарманың негізі тақырыбы мен идеясын анықтап, өлең жолдарынан психологизмді табады

Бағалау критерийі

  • Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды;

  • Өлең құрылысына талдай отырып, өлең ішінен психологизмді табады

  • Өлеңнің негізгі идеясы мен тақырыбын анықтайды Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: толғау, жырау, қол келу, олжа болу

Сыныптағы диалог/айтылым үшін тілдік бірліктер:

менің ойымша...

пікірімше...

менің түсінуімше...

себебі...

Құндылықтарға баулу

Тарихтың , мәдениет пен тілдің біртұтастығы негізінде ұлттық өнерді қадірлеуге, тарихи тұлғаларды ардақ тұтуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі ,қазақстан тарихы

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Сырым Датұлы Бала би мен Сырым

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

- Ұйымдастыру.Сәлемдесу. Түгендеу

- Сөз анасы

Су анасы-

Жол анасы-

3 топқа бөлінеді.-
«Сұрақ -жауап » әдісі арқылы алдыңғы бөлім қорытындыланып , пысықталады.

1топ Сырымныңтарихтағы бейнесі

2топ Сырымның әдебиеттегі бейнесі

3топ «Аста тұз тәтті, адамда дос тәтті»көзқарастарын білдіру. Мақалмен алмастыру.

ҚБ «Бас бармақ»

«Болжау» стретегиясы Жырауға қатысты мәлімет көрсету арқылы , бүгінгі сабақ тақырыбын болжату.

Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес ,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар жырау





https:bilimland.kz

Сабақтың ортасы

9 мин

8 мин




1 топ Бұқар жырау туралы оқып, түсіндіреді

2топ Аудио Тілек өлеңін мәнерлеп оқып,түсіндіреді.

3- топ «Тілек» сөзінің мағынасын ашу, Толғаудың тақырыбын ,идеясын агықтап, Жыраудың арманын табу

Дескриптор:

- берілген сөздің мағынасын ашады

- басқа баламасын таба алады

- тақырыбын және идеясын анықтайды

- жырау арманын өз сөзімен айта алады

ҚБ «Марапат сөздер» әдісі арқылы кері байланыс жасайды

Т.Т.

1. -топ. Оқулықтан 3- тапсырманы орындау. Автордың психологиялық көңіл –күйін анықтау

2-топ . 7- тілекті оқып, қандай мәселені қозғайтынын табу.

3топ. 4-тапсырма оқулықтағы
Дескриптор: білім алушы

  • Автордың психологиялық көңіл –күйін анықтай алады.

  • Ойын дәлелді түрде білдіреді.

.

Сыныпқа тапсырма 5 оқулықтан

Білім ленд
Қазақ әдебиеті оқулығы

«Атамұра»


А3 формат,

Маркерлер

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

8 мин

Үйге тапсырма

Рефлексия

Бекіту . «Сұрақ -жауап» Білім қоржыны

Бүгінгі сабақта мен түсіндім, білдім ,ақиқатына жеттім

Бұқар жырау толғауындағы және Абай Құнанбаев өлеңіндеріндегі өзара үндестік.

«Менің тілегім» стикер арқылы өз тілектерін жазып жапсыру






Саралау-Сіз қандай тәсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға

қандай тапсырма бересіз?


Бағалау - Сіз оқушылардың материалды

игеру деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс -Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ –мен байланыс .Құндылықтармен байланыс ( тәрбие элементтері)


Сабақ барысында оқушылардың деңгейлеріне байланысты тапсырмаларға саралау жүргізілді.Топтық жұмыс жүргізгенде топтық қолдау көрсету, бағалау бойынша сараланды. «Insert » әдісін жүргізу барысында оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау жүргізілді. Талдау барысында арнайы көмекті қажетсінетін оқушылар мұғалім және достары тарапынан қолдау ала алады

«Әдеби шеңбер» әдісі арқылы көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып , өз пікірін жеткізу барысында қабілеті орташа оқушылар оқиғаның мазмұны бойынша ойын жеткізе алса, қабілеті жоғары оқушы автордың психологиялық көңіл –күйін анықтай алады.

Сабақ барысында әр тапсырмадан кейін кері байланыс жүргізіп отырамын.

ҚБ: «Марапат сөздер » әдісі топтар өзара жұмыстарын тыңдай отырып жыраулар сөздері арқылы.бағалайды.

Қ.Б : Жарайсың! Тамаша!Өте жақсы! Бұл әдіс арқылы жеке жұмыс ауызша бағаланды.

Қ.Б: «Серпілген сауал» әдісі жұптық жұмысты бағалауда қолданылды. Сол жұп отырған топқа -Қалай ойлайсыздар? жауабы дұрыс па? Не қосасыздар?
Кері байланыс . Сұрақжауап арқылы бүгінгі сабақтан оқушылар қандай мағлұмат алғандығы байқалады.

«Менің тілегім» әдісі арқылы рефликсия жүргіздім.


Сабақта қазақ тілі, қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылды.Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы негізінде ұлттық өнерді қадірлеуге, тарихи тұлғаларды ардақ тұтуға тәрбиелеу.Техникалық қауіпсіздік ережелері сақталады



Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

-Саба мақсаттары немсе оқу мақсаттары шынайы , қолжетімді болды ма?-Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқумақсатына қол жетпген болса, неліктен деп ойлайсыз ?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?Сабақ жоспарынана ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ие оң ықпал етер еді( оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері , қиыншылықтары туралы нені аяқтадым , келесі сабақтарда не нәрсеген назар аудару қажет?



Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы.Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы- жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жерін баса көктеп енуін білеміз. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауытпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткен. 1992 жылы Қазақстан Ғылым академиясы әдебиет және өнер институты жыраудың тұңғыш жинағын шығарды. Оны құрастырушы М. Жармұхамедұлы.Бұқар жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен саралаған М Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл болашақтың ісі. Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. Мағауин, Р. Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірген.