Файл: Мамасыкіріпкеледі Автор Бір кні анасы бліш пісіріп, ызына Мамасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша жұртты құрметтеп
Бас иеміз біз
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello! 
Автор Ертеде кішкентай бір қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы

көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туылған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл Телпек»деп атап кетіпті.

(Мамасыкіріпкеледі)

АвторБір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:

Мамасы: - Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, хал-жағдайын біліп қайтшы.

Қызыл Телпек: - Жарайды, анашым, апарып берейін. Жолда жүріп, гүл жинап, әжеме сыйлаймын.

Автор: Бәліш пен май салынған себетті алады. Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл Телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.  Қызыл Телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан  ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүреді.

(Қызыл Телпек орманының ішінде жүріп, «Қызыл Телпек» өлеңін айтып келеді)

(Қасқыр бийлеп кіріп келіп талдың артында тығылады)

Қасқыр: Ку-Ку

Қызыл Телпек:  «Ой көкек» Көкен, көкек  айтып берші қанша бәліш менің себетімде бар?

Қасқыр: Ку-ку

Қызыл Телпек: Тапқан жоқсың, тапқан жоқсың!

Қасқыл: Ку-Ку

Қызыл Телпек: Ол кім менімен ойнап отырған? Көкек шықшы көрейін сені.

Қасқыр:  Ку-ку Қызыл Телпек,  ку-ку кішкентайым. Қайда баражатырсың?

Қызыл Телпек: Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын.  

Автор: Қызыл Телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді.

Қасқыр:  Ал, әжең қайда тұрады?

Қызыл Телпек: Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында. Диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады.   

Автор: Қызыл Телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын.  Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл Телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол, алды  мен әжесін жемек болады.                                                                                                           


Қасқыр: Жарайды, мен сенімен бірге сол ауылға барып, әженің жағдайын сұрап  қайтайын.  Кел, екеуіміз жарсайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен жүрейін.

Автор: Қасқыр өзіне ауылға апарар қысқа жолды таңдап алады.Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол-жөнекей гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай,тура ауылға қарай бет алады.

Автор: Орманның ішінде отыншылардың дауыстары естіледі.

 (Отыншылар бии)

Автор: Мыңау біздің әжеміз. Әжеміз үйінің қасыңда билеп жүрген.

(Әженің бии)

Әже: Жаңбыр жауайын деп жатыр ау. Қой үйге кірейін.

Қасқыр: Әжеміз қайда екен? Ұялы телефонға соғайын, телефонды алмайды сөндіріп тастаған шығар. Есігін соғайын Тоқ – тоқ – тоқ!

Әже: Бұл кім?

Қасқыр: (Қызыл Телпектің дауысың салып) – Әже, бұл мен гой, немере қызың - Қызыл Телпек. Мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім.

Автор: Әже деген өте ақылды болатын, қасқырдың не үшін келгенің біледі екен. Ол мысығың қолына үстап, үлкен шкафтың артына тығылып қалады. Қасқыр терезеден кіріп, ешкімнің жоқ екенің көріп, одан тығылып қалғанын билмей, әженің орамалын тағып керуеттің үстіне жатып алады.

Автор: Қызыл Телпекте үйге жақындап қалады. Ауланың ішінде жан-жаққа қарап, әжені табалмай қалады. Үйге кіреді, әжесінің төсекте жатқаның көріп.

Қызыл Телпек: Әже сіз түсте үйықтамайтын едініңіз гой?

Қасқыр: Сен неге келдін? Не әкелдін? Келіп қасыма отыршы.

Қызыл Телпек: Әже мен сұрақ қойғаныма ренжемеші. Осы сенің құлақтарыңа не болды? Орамалдың арасынан шығып тұрғой?

Қасқыр: Менің құлағым ауырып жүр,содан құлағым ісіп, ұзарып кетті.

Қызыл Телпек: Неге сенің беттіңе жүн шығып кеткен?

Қасқыр: Сақал алғышым істемей қалды бір апта болды қырынбағаныма. Естіп тұрсың ба менің ішім шурылдайды,мен қазір сені жеп қоямын!

Автор: Шкафтың артына тығылып отырған әже шығып, қасқырға тап береді.

Әже: Мен қазір сені тышқанға айналдырамын, мысығымды саған қарай жіберемін.

Автор: Қасқыр қорыққанынан көзілдірігін түсіріп алады да қашуға жөнеледі. Сол кезде өтіп бара жатқан отыншылар айқай шуды естіп кіріп келеді.

Отыншылар:

 Тұр, қайда қашып барасың? Не бүлдірдің?

Қызыл Телпек: Жоқ, отыншылар қасқырға тимеңдер. Мен енді білдім неге қасқырдың сондай екенін. Ол аш, оны тамақтау керек. Оған бәліш береді. (қасқыр бәліш жеп болып)

Қасқыр: Рахмет, саған Қызыл Телпек, дәмді екен. Орманда мені дұрыс тәрбиелемеген, былай өзім момынмың негізі. Мені кешіріңші, мына гүлдерді сіздерге сыйлаймын. (гүлдерді әже мен Қызыл Телпекке береді)

Автор: Ертегіміз өте қызықты, өнегелі болып шықты. Ешкімді, ешкім жеген жоқ. Барлықтары аман сау қалып, әрі қарай бақытты өмір сүріп кетті.                                                                                                   

(Жалпы бий «Бәрі жақсы болады»)

Білім беру саласы: таным, қатынас, шығармашылық. 
Бағдарлама тарауы: ҚМҰҚ, тіл дамыту, құрастыру. 
Тақырыбы: «Қызыл телпек орманда». 
Мақсаты: балаларға ертегі кейіпкерлері туралы білім беру, сөйлеу қабілеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеуге, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, сыпайылыққа, достыққа тәрбиелеу. 
Құрал-жабдық: суреттер, үй, ағаштар, саңырауқұлақтар, таяқшалар. 
Билингвизм: ертегі – сказка, орман – лес. 
Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті 
Мотивациялық - қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі 
Психологиялық сәт «Сәлемдесу» 
Үлкенге де сіз! 
Кішіге де сіз! 
Барша жұртты құрметтеп! 
Бас иеміз біз! 
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello! 

Сюжеттік – рөлдік ойындар.
Мақсаты: сюжетті – рөлді ойын арқылы баланың рөліне енуге, қиялындағы мүмкіндіктерін үштастыру. Ертегі желісі бойынша құрылған іс – әрекетті ойын аландарында ойнату. Әр мамандықтарға байланысты қызығушылықтарын арттыру.

Қатысушы кейіпкерлер:
1. Қызыл телпек
2. Анасы
3. Әжесі
4. Қасқыр
5. Аңшылар
Қолданылатын декорациялар: Үйдің ішкі бейнесі, орман ағаштары, томар.