Файл: Блім 3с ерітінділер жне ерігіштік Педагогті атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | 8.3С Ерітінділер және ерігіштік |
Педагогтің аты-жөні: | Сартбаев С.Ә. |
Күні: | 10.03.2023 |
Сыныбы: | 8 "ә" |
Қатысушылар саны | 12 |
Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы. №5 практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау» (50-сабақ) |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 8.3.4.6-ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу |
Сабақтың мақсаты: | -ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептейді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу: "Атомдар мен молекулалар" әдісі | «Сұрақ-жауап» Оқушыларға сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты талқылаймыз. 1. What are solutions? 2. What is a solvent? 3. What is a solute? 4. Define the concept of a mole? 5. What is the amount of solute in a solution? 6. Егер дайын ерітіндіге еріген заттан тағы қосатын болсақ, онда ерітіндінің концентрациясы өзгере ме? Неге? Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын дәптерге жазамыз. Атомдар болып оқушылар жеке -жеке жүреді, молекула құрап, 3 топқа бөлінеді. | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. | |
Жаңа сабаққа кіріспе 5 мин | Сыныппен жұмыс bilimland.kz сайтынан молярлы концентрацияның анықтамасына назар аудартып, анықтаманы дәптерлеріне жазады. | Молярлы концентрация моль/л бойынша өлшенеді және "M" әрпімен белгіленеді. Мысалы, 2 M NaOH – натрий гидросидінің екі молярлы ерітіндісі. Бұл ерітіндінің 1 литрінде заттың 2 молі немесе 80 граммы бар (M(NaOH) = 40г/моль). | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы 6 мин. | Жауаптар тексеріліп, дәптерге смайликтер қою арқылы бағаланады. Ары қарай оқушылардан тұрмыстық жағдайда қандай концентрлі ерітінділерді білетіндіктерін сұрау. Оқушылардан концентрлі және молярлы концентрлі ерітінділерді қалай сұйылтуға байланысты есептерді талдап, мысалдар келтіреміз. | Есептер шығару 1. Натрий гидкросидінің көлемі 2000мл ерітіндісінде 16 г еріген зат болса, осы ерітіндінің молярлық концентрациясы қанша болғаны? 2. Көлемі 25 мл 10М күкірт қышқылының ерітіндісіне 225 мл суды араластырған кейінгі ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең? 3. 100г 5% -дық ас тұзының ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм құрғақ тұз және қанша грамм су алу керек? | Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. | |
15 мин Топтық жұмыс | Топқа бөліп есептер жазылған парақ таратылады: Есепті тексеру бірін-бірі бағалау арқылы жүреді. | №1 топ 1. 500 ml of solution contains 56 g of potassium hydroxide (KOH). Determine the molar concentration of the solution. (2b) 2. 100 ml of solution contains 0.98 g of sulfuric acid (H2SO4). Determine the molar concentration of this solution. (2b) 3. 250 ml of solution was prepared from 2.65 g of sodium carbonate. Na2CO3 What is its molar concentration? (2b) №2 топ 4. What mass of acetic acid CH3COOH is contained in 250 ml of a 0.2 M solution? (2b) 5. What mass of ferric chloride (lll)(FeCl3) is contained in 150 ml of a 2M solution? (2b) 6. 300 ml of 2 M and 200 ml of 8 M sulfuric acid (H2SO4) were poured. Calculate the molar concentration of the resulting solution. (2b) №3 топ 7. What mass of ammonium nitrate NH4NO3 should be taken to prepare 5 liters of 2 M solution? (2b) 8. What volume of a 38% HCL solution (p = 1.19 g/ml) must be taken to prepare 2 liters of a 2 M solution from it? 9. Натрий гидроксидінің NaOH 150г 10%-дық және 250г 30%-дық әр түрлі концентрациялы ерітінділерді араластырған. Екі ерітінді қосылған соң алынған жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай? | Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | |
Топтық жұмыс 5 мин | Зертханалық жұмыс парақтары таратылады, зертханалық жұмысты жасап, тапсырманы орындайды. Практикалық жұмыс №5. Молярлы және проценттік концентрациясы белгілі ерітінділер дайындау. Практикалық жұмыс рөлдерге бөліну арқылы жасалады. Бір оқушы "теоретик", бір оқушы" математик", бір оқушы "практик", бір оқушы " аналитик" болып жұмыс жасайды. | Зертханалық жұмыс.«Пайыздық және молярлық концентрациясы көрсетілген ерітінді дайындау» Тапсырма : 100г 5% -дық ас тұзының ерітіндісін дайында Қажетті құрал -жабдықтар мен реактивтер: электрондық таразы, құты, өлшеуіш цилиндр, ас тұзы, dist су . Зертханалық жұмысты жүргізу реті: 1. Тұздың массасын есептеп алу m(ер.з ) = 5г Шешуі : 2. Қажетті судың массасын есептеп аламыз m(ep-ді ) = m(ер.з) + m(еріткіш) m(еріткіш) = m(ep-ді) - m(ер.з) m(еріткіш)= 100-5= 95 г Жауабы: m(тұз) =5 г ; m(су) =95г 3. Электрондық таразыны тұрақты ток көзіне қосып өлшеуіш пластикпен бірге нөлге теңестіріп аламыз. 4. Таразыда 5 г тұзды өлшеп алу керек. 5. Өлшеуіш цилиндр арқылы 95 мл суды өлшеп алу қажет 6. Бос таза құтыға алдымен өлшенген тұзды салып, үстіне 95 мл суды қосып араластырамыз. | | |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | Қорытынды: тақырыпқа сәйкес 3 есеп беріледі. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Берілген 3 есепті шығарады. Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. Сыныпта орындауға үлгере алмаған тапсырмалар мен өз бетінше жұмыс тапсырмалары беріледі. Сабақтың соңында оқушылардан рефлексиясы сұралады, яғни сабақты түсінулеріне байланысты өз ойын айтады. | «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |