Файл: Пренатальды диагностика. Тым уалайтын патологияны алдын алу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Глоссарий
Тақырыбы: Пренатальды диагностика.Тұқым қуалайтын патологияның алдын алу
Орындаған:
Қабылдаған:
Тобы:
Шымкент қаласы
УД – скрининг нәрестетың дамуы және ана қанының сарысулық факторларының скринингі инвазивті емес деп саналады,яғни жатыр қуысына хирургиялық енудің қажеті жоқ.
Амниоцентез — инвазивті емшара, амниотикалық қабыққа пункция жасап, нәрестетың суын лабораториялық зерттеуге немесе амниотикалық қуысқа дәрілерді енгізу мақсатында жүргізіледі.
Плацентобиопсия – бұл пренатальды диагностиканың инвазивті әдісі. Бұл арқылы плацента тінінің микроскопиялық бөліктерін – жасушаларының үлгісін аламыз.
Хорионбиопсия – жүктіліктің 12 аптасына дейін жасалады. УД бақылаумен жатыр мойнының каналына катетр енгізеді.
Кордоцентез – нәрестетан қан алу мақсатында УДЗ бақылау арқылы нәрестетың кіндігінің қантамырларына пункция жасау. Жүктіліктің 20 аптасынан кейін жасалады.
Преимплантациялық генетикалық диагностика (ПГД) — жүктілік басталуының алдында жатыр қуысына адам эмбрионын қондыруына дейін генетикалық ауруларды анықтау.
Медико-генетикалық кеңес (МГК) – медициналық көмектің арнайы түрі – тұқымқуалайтын ауруларды алдын алудағы ең кеңінен таралған әдісі.
Генеалогиялық анализ – медико-генетикалық кеңестің бірінші және ең маңызды этапы – белгінің тұқым қуалау типін анықтауға мүмкіндік береді, бұл қауіпті есептеудегі ең бастысы.
Онтогонез – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы.
Эмпирикалық қауіп - тәжірбие жүзіндегі бақылау және популяциялыстатистикалық зерттеулердің нәтижесіне негізделген.
Гаструла—ұрық екі қабатты қап тәрізді қуыстан (гастроцель) және оны сыртқы ортамен байланыстыратын бластопор тесігінен (алғашқы ауыздан) тұрады.
Антенатальді ұрықтың өлімі – жүктілік кезінде ұрықтың өлімі.
Бластула— бөлшектену процесі нәтижесінде пайда болған қуысты ұрық. Бластуланың құрылысы мен пішіні жануарлардың түрлеріне байланысты әртүрлі болады.
Инвагинация немесе ішіне тартылу-бір қабат ұрық (бластула) қабырғасының ішке қарай тартылу нәтижесінде қос қабатты ұрық түзіледі.
Генотерапия (грек. genotherapia – гендік терапия) — медициналық бөлім генетика, эксперимент барысында мүмкін болатын терапия генетикалық ақауларды түзету арқылы тұқымқуалайтын ауруларды емдеу.