Файл: Реферат таырыбы Фоласофия тарихындаы сана жне бейсаналы мселелері орындады Абсанова Аерке факультет жалпы медицина.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«АСТАНА МЕДИТЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Реферат

ТАҚЫРЫБЫ:Фоласофия тарихындағы сана және бейсаналық мәселелері

● ОРЫНДАДЫ ; Абсанова Ақерке

● ФАКУЛЬТЕТ:ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

● ТОП:232

● ҚАБЫЛДАҒАН:Рахимжанова Б . Х

АСТАНА 2023

Жоспары:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Философиядағы сана,бейсана мәселесі және қызметі, қасиеттері

2.2.Фрейд пен К.Юнгтың айырмашылықтары

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы көру, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында "сана", "жан", "бейсаналық" үғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір іс жалғасуда.

Сананы түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:

1) материалистік - сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну;

2) идеалистік - сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп үғыну.

Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сана-ның мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға - адам миына ғана тән қасиет. Оның дәлелі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті. Сананын табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғы шарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру, сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.


Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, қүбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге үшырайды. Әрбір зат, қүбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің "ізін", бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары:

1) карапайым бейнелеу - бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).

2) информациялы бейнелеу - бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мүндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студенттің санасында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.

3) әлеуметтік бейнелеу - қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық

санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі.

Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана ма-терияның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар:

1) тітіркену - өсімдіктердің ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа

сыртқы әсерлерге реакциясы.

2) сезімталдық - жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге биологиялық түрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла отырып, информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады. Мүндай бейнелеу тірі организмнің ішкі жүмысын, информацияны қорыту жүмысын күрде-лендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, аңдар өз жауларын көргенде организмінің барлық мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға не¬месе қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға қабілетсіз.

3) психикалык бейнелеу - нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субъект

пен обьектінің бір-біріне әсері негізінде психикалык образ (бейне) қалыптасады, ол нерв клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады.

4) адам санасы - бейнелеудің ең жоғарғы түрі.

Өзіндік сана - адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі, өзіне деген сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана рефлексия феноменімен тығыз байланысты. Рефлексия -тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің тылсым қатпарларына үңілуі. Адам рефлекциясыз өзінің жанында не болып жатқанын түсіне алмайды. Рефлексия деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Рефлексиясы жоғары, өзін танып-білуге, өзіне сыни көзқарас қалыптастыра білген адам міндетті түрде өзгереді.



Сана және өзіндік сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық - адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті.

Бейсаналылық (бессознательное) - адам түсінбейтін психикалык, кұбылыстардың жиынтығы. Оларға биологиялық түрде тұқым қуалау ар-қылы берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік интуиция, түс көрулер, гип-потикалық күйлер және т.б жатады.

Қоғамдық сана. Қоғамдық сана - қогамның өзін-өзі, өзінің қогамдық болмысын және қоршаган ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады.

Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жеке мен тұтастық арақатынасы ретінде қарастыруға бо-лады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның қүрамында қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне кейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық не¬гізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниеше қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың принциптерімен және шектеулерімен санасуға мәжбүр.

1) Осы тұрғыдан қарастырғанда қоғамдық сана біршама өзінділікке ие, жеке санадан тәуелсіз, одан жоғары тұрды.

2) Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз бірдене емес. Әрбір нақты дәуірдің, әрбір халықтың қоғамдық санасының біршама "тұлғалық", жекелік сипаты бар. Мысалы, әлемдік философия ғылымының дамуына Сократтың, Аристотельдің, Канттың, Гегельдің, Абайдың қосқан үлестері зор. Яғни, қогамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста. Жеке сана қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады.

3) Мүндай байланыстың диалектикалык болатын себебі - ол қайшылықты. Жеке сана идеялар өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып, кейде оған қарсы да тұрады, дәстүрлерге, үстемдік етіп отырған қоғамдық сананың ережелері мен қағидаларына қарсы әрекет жасайды және дамиды. Осылай болмаса, қоғамдық сананың прогрессивті болуы мүмкін емес, ол тоқырауға ұшырайды.


4) Қоғамдық сана мен жеке сананың бірлігі екеуінің де бір объектіні -қоғамдық болмысты бейнелейтіндігінен де көрінеді. Бірақ, мұндай бейнелеу мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір индивид қоғамдық сананы жалпының жекелік, өзіндік ерекшеліктер призмасы арқылы бейнелейді.

5) Жеке сана қоғамдық санаға толығымен кірмейді.

6) Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы сәйкестік,

үйлесімділік қоғам дамуының анықтаушы факторы болып табылады.

Қоғамдық сананың күрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құры-лымында қарапайым және теориялық, қогамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен катар, мынадай түрлерін: саяси сана, мораль, дін, өнер, ғылым және философияны атап көрсетеді.

Қарапайым немесе әдеттегі сана - адамның қоршаған ортаны бейне-леуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіздеп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдени-еттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми үдеңгейге дейін көтеріле ала¬ды деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана накты өмір суріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қара¬пайым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады. Осы жерде "қогамдық пси¬хология" ұғымын қарастырған дұрыс.

Қоғамдық психология дегеніміз - белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен (адамдары, қоғамдық пікірлері, салт-дәстүрлері мен мінез-қүлықтары және әлеуметтік әдеттері.

"Коғамдық психология" терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист Антони Лабриола 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте кеңінен тарауына орыс ойшылы Г.Плеханов үлкен үлес қосты. Ол "қоғамдық сана" терминін "қоғамдық психика" және "таптық идеология" деп бөліп, коғамның психологиясын зерттеудің маныздылығын атап көрсетті жөне оның құқық пен саяси мекемелердің тарихын, мәдениеттін, әдебиеттің, философияны сондай-ақ рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін ескертті. Қазіргі кезенде қоғамдық психологияны зерттеумен әлеуметтік психология ғылымы айналысады. Жалпы алғанда, қоғамдық психология мен қарапайым сана қоғамдық сананың бір деңгейінде орналасқан.


Теориялық сана. Адамның бойында тек қарапайым сана, немесе, тек теориялық сана болуы мүмкін емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Теориялық сана - маңызды байланыстар мен заңдылыцтардың ғылымда «көне қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи және теориялық алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді. Осы анықтама арқ¬ылы қоғамдық идеологияның мәнін түсінуге болады. Философиялық әдетте идеология теория, негізделген, жүйелі, ретті білім деп қарастырылады. Идеологияның анықтамасын мына түрде беруге болады.

Идеология - саяси, эстетикалық, діни, көркемдік және писца идеялар мен концепциялардың жуйесінен туратын, өзінде теориялық негіздермен қатар, іс-әрекет бағдарламаларын, идеологиялық уста¬вы көпшілікке тарату механизмдерін біріктіретін курделі руха¬ни кұрылым. Қазіргі психология мен философия идеалдың мәні, саналы қызметтің қайнар көздері мен құрылымы, саналы мен бейсаналықтың байланысы сияқты мәселелерге үлкен көңіл бөледі.Саналы және бейсаналық арасындағы қарым-қатынас психоанализдің негізгі алғы шарты болып табылады, және бұл тек оған психикалық өмірде жиі байқалатын және өте маңызды патологиялық процестерді түсінуге және ғылымға енгізуге мүмкіндік береді..Бейсаналық пен сана бір -біріне қарама -қарсы ұғымдар болғандықтан, бейсаналық пен сананы сәйкесінше жануарлар мен адам психикасына теңестіру қате болар еді.Бейсаналық сана сияқты адамның психикалық көрінісі болып табылады, ол адамның өмір сүруінің әлеуметтік жағдайымен анықталады, адамның миында әлемнің жартылай, жеткіліксіз адекватты көрінісі ретінде әрекет етеді.

Біз өзіміздің жобамызда сана мен бейсаналық мәселесін көтере отырып,З.Фрейд пен К.Г.Юнгтың теорияларын салыстырмақшымыз.

 Философиядағы сана мәселесі–философиядағы негізгі мәселелердің бірі.  Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар:

• физикализм;

• солипсизм;

• объективтік идеализм;

• тұрпайы материализм.

     Физикализм –сана  жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана– ми қызметінің жемісі.

      Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелерге,соның ішінде мына фактілерге негізделген:

• адамның миы–табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі;

• ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды,ми-биологический орган;