ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалімнің аты-жөні: | Касымов К.Н. | ||||||||||||||||||
Пән/Сынып: | Химия, 8 сынып | ||||||||||||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | 1-сабақ | ||||||||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 1 тарау. Атомдағы электрондардың қозғалысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Атомдарда электрондардың таралуы | ||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 8.1.3.1 Бірінші 20 элементтің электрондар санын анықтау 8.1.3.2 Электрондардың қабаттарда орналасуының схемасын салу 8.1.3.3 Электрондар атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан орбитальдарда біртіндеп орналасатындығын түсіну. | ||||||||||||||||||
Бағалау критериі: |
| ||||||||||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | |||||||||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру; Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату | Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу. | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | |||||||||||||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Тапсырманың мақсаты | Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||
1 минут 00:00 – 03:00 | Ұйымдастыру | Сәлеметсіздерме! Бүгін «Атомдағы электрондардың қозғалысы» тарауын бастаймыз. Бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз: АТОМДА ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ Бүгінгі сабақта білетініңіз:
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
| | | | Презентация Слайд 1-2 | |||||||||||||
8 минут 03:00 – 11:00 11:00-14:00 | Жаңа сабақ | Химия пәні дегенде ең жиі айтылатын сөз атом. Сондықтан Атом деген не екенін еске түсіру үшін келесі бейнематериалға назар аударайық (1-видео) : Атом - ядро және электроннан, ал ядро протон мен нейтроннан тұратын ең кіші бөлшек екен. Енді элементтердің, Мысалы, фтор атомының құрылысын қарастырып көрейік: 919F (9p; 10n) 9ē Фтордың реттік нөмірі 9, сәйкесінше 9 протон, 9 электрон бар. Ал нейтрон саны (массасынан азайтқандағы) 10ға тең. Химияда электрондар маңызды рөл атқарады. Себебі, заттардың физикалық және химиялық қасиеттері осы бөлшектермен анықталады. Келесі бейнематериалдан атомдағы электрондар жайлы мәліметтерді қарап көрелік (2-видео): Ғалымдардың зерттеулері бойынша атомда электрондар белгілі бір қабат – бұлт түзіп, тәртіппен орналасатыны дәлелденді. Атомдағы электрондардың энегиялары әртүрлі болады. Электрондар ядроға қаншалықты жақын болса, соншалықты жақсы тартылады, алайда олардың энергия қоры аз болады. Атом ядросынан алыстаған сайын электронның ядроға тартылу күші азаяды, ал энергия қоры арта түседі. Энергия қорының мәні бір-біріне жуық электрондар бір электрондық қабатқа немесе энергетикалық деңгейге орналасатынын анықтайды. Энергетикалық деңгейлерді сандармен: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 немесе әріптермен: K, L, M, N, O, P, Q және т.б. белгілейді. Келесі бейнематериалдан реттік нөмірі 20-ға тең болатын элемет атомының электрондарының атомда орналасуының схемасын келесі бейнематериалдан қарап көрейік (3-видео): Нильс Бор электрондардың деңгейлерде таралып орналасуын келесі диаграмма көмегімен көрсетуді ұсынды. Энергетикалық деңгей саны период нөміріне тең. Мысалы, сутек пен гелий 1ші периодта орналасқан, сондықтан бір энергетикалық деңгей бар, ал, екінші периодта орналасқан элементтерде екі, үшінші периодта орналасқан элементтерде үш энергетикалық деңгей т.с.с. болады. Ал, электрондардың максимал сандары 1ші деңгейде 2, екінші деңгейде 8, 3ші деңгейде 18, 4ші деңгейде 32.
Күкірт атомындағы электронды Бор диаграммасы бойынша орналастырылуын келесі бейнематериалдан көруге болады (4-видео): | Жаңа тақырыпты меңгеру | | | Презентация Слайд 3 1-видео (3:31мин) https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-atom 2-видео (2:44 мин) https://twig-bilim.kz/kz/film/northern-lights Слайд 4 3-видео (1:20мин) https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12730/11.mp4 Слайд 5 4-видео (00:29 мин) https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12730/36.mp4 | |||||||||||||
9 минут 14:00-23:00 | Бекіту тапсырмасы | 1-тапсырма. Бор диаграммасы бойынша сызбадағы берілген элемент атомдарының электрон сандарын анықтаңыз және элементтерді атаңыз. а) б) Жауабы: а) 12 электрон. Магний. б) 14 электрон. Кремний. 2-тапсырма. Бор диаграммасы бойынша көміртек, азот және оттектің электрондарын энергетикалық деңгейлерге орналастырыңыз: Жауабы: Көміртекте бірінші қабатта 2, екінші қабатта 4 электрон бар Азотта бірінші қабатта 2, екінші қабатта 5 электрон бар Оттекте бірінші қабатта 2, екінші қабатта 6 электрон бар Көміртек Азот Oттек 3-тапсырма. Гелий, күкірт, калий электрондары атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан орбитальдарда біртіндеп орналасатындығын түсіндіріңіз. Жауабы: Гелий электрондық конфигурациясы: 2 Күкірт электрондық конфигурациясы: 2, 8, 6 Калий электрондық конфигурациясы: 2, 8, 8, 1 | Жаңа тақырыпты меңгеруге арналған Электрондардың қабаттарда орналасуының сызбасын сызуға жаттықтыру | | Дескриптор: Білім алушы
Дескриптор: Білім алушы - электрондардың қабаттарда (энергетикалық деңгейде) орналасуының сызбасын салады Дескриптор: Білім алушы -гелий электрондары орбитальдарда орналасуын түсіндіреді; -күкірт электрондары орбитальдарда орналасуын түсіндіреді; -калий электрондары орбитальдарда орналасуын түсіндіреді; | Презентация Слайд 6-7 Слайд 8 Слайд 9 Слайд 10 Cлайд 10-11 | |||||||||||||
2 минут 23:00-25:00 | | Бүгінгі сабақта:
| Тақырыпты меңгергенін анықтау | | | Презентация Слайд 12 |